МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ




Презентация қосу
Қаржы
МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН
МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1. Мемлекетік кредиттің мәні
2. Мемлекеттік борышқа
түсініктеме
1. Мемлекетік кредиттің мәні

• Мемлекет пен муниципалдық
құрылымдардың қарамағына заңды
және жеке тұлғалардың бос ақша
қаражаттары несие капиталы ретінде
уақытша пайдалануға шоғырландыру
үшін және бюджет тапшылығы шешу
үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың
басты әдісі мемлекеттік кредит болып
табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпы мемлекеттік
қаржының басты буындарының бірі және
кредит қатынастарының жиынтығы, бұл
қатынастарда тараптардың бірі мемлекет,
заңды және жеке тұлғалар - несиегерлер
немесе қарызгер болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар
саласында мемлекет қарызгердің де,
қарыз алушының да, несиегердің де
рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен
жұмылдырылған қаражаттар көбінесе
экономиканы қаржыландыруға
бағытталатындықтан, оның өндірістік сипаты
болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі
қатынастар мына негіздерде қаржы
қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен
жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі
қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол
сияқты стратегиялық, оперативтік
қажеттіліктерді де қаржыландыруға
бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары
ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін
есеп айырысулар, олар үшін пайыздар
төлеу бюджеттердің қаражаттары
есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің
негізгі және тұрақты бөлігін салықтық
түсімдер құрайтындықтан қарыздар
арқылы жұмылдырылатын қаражаттар
«антиципацияландырылған салықтар»,
яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған
салықтар деп саналады.
Қаржының бөлгіштік функциясы
шеңберінде мемлекеттік кредит
ақша қаражаттарын қайта
бөлудің қосалқы функциясын
орындайды. Бұл функция іс-
әрекетінің объективті нәтижелері
ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және қарқынын
тездету болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы
функциясы – реттеу функциясы.
Бірінші кезекте, мемлекет несиелік
пайыздың мөлшеріне ықпал жасай
отырып, ақша ағындарын реттейді:
несие капиталының рыногінде
қаржыгер бола отырып, ол бұл
капиталға деген сұранымды
арттырады, мұның нәтижесінде
несие капиталының нормасы артады.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік
функциясының көмегімен мемлекет
қаржы ресурстарын тікелей белгілі
бір салаларға бағыттайтын болса,
реттеуші функция арқылы
мемлекеттік несие жөніндегі
қатынастарға қатыспайтын
шаруашылық қатынастарының
субъектілеріне қосымша жанама
ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік кредит түрлері
бойынша ішкі, сыртқы, шартты
болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит
қатынастары жан – жақты
тұрғыда: қарызгер кезінде де,
несиегер ретінде де елдегі
үкіметтің, биліктің жергілікті
органдарының, кәсіорындардың,
ұйымдардың және халықтың
арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға
бір жағынан, үкімет, биліктің
жергілікті органдары, екінші жағынан
басқа мемлекеттердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ,
халықаралық қаржы-банк ұйымдары
араласады. Кредит беруші тарап -
мемлекет-донор немесе ұйым-донор,
ал кредит алушы ел - реципиент-ел
деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық
қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар,
фирмалар, жергілікті билік органдары алған
қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне
берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің
міндеттемелері ретінде болады. Қарыз
шарттары орындалмаған жағдайда үкімет
отандық қарызгердің уақыты келген
міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен
немесе басқа активтерінен түскен қаражаттары
есебінен қарыздың сомасын төлейді.
2. Мемлекеттік борышқа түсініктеме

• Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде
мемлекеттік борыш түзеледі. Мемлекеттік
борыш – бұл алынған және белгілі бір күнде
өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы
өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту
нысандарынаң бірі ретінде мемлекеттік
қарыздарды пайдаланудан туады.
Орналастыру рыногіне, қарыз
валютасына және басқа да
сипаттамаларына қарай
мемлекеттік борыш ішкі және
сыртқы мемлекеттік борыш
болып бөлінеді.
Сондай-ақ, күрделі және
ағымдағы мемлекеттік
борыш болып ажыратылады.
Күрделі мемлекеттік борыш
деп мемлекеттің шығарылған
және өтелмеген борышқорлық
міндеттемелерінің бүкіл
сомасын айтады.
Ағымдағы борыш- бұл
мемлекеттің барлық
борышқорлық міндеттемелері
бойынша несиегерлерге
табыс төлеу және мерзімі
келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің,
Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі
уәдесін алған кәсіпорындардың борышы
болып бөлінеді. Орналастырылған
еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік
борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығыстардың негізгі баптарынаң бірі
болып отыр. Несиегерлер арасында
республика экономикасына берілген
қысқа мерзімді жұмсалымдар айрықша
танылып отыр.
Мемлекеттік борыштың пайда
болуы мен өсуінің себебі,
мемлекеттік бюджеттің
тұрақты тапшылығы болып
табылады.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің
едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады.
Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны
тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық
циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны
дамытудың факторлары болып табылады.
Халықтан, корпарациялардан, банктерден,
басқа қаржы және кредит мекемелерінен
қарызға алынған ақша қаражаттары
пайдаланылады және аталған қарызгелердің
активтері ретінде қаралады.
Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды
төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс
зардаптары инвестицияларға немесе елдің
экономикасын дамытуға қосымша қаржы
ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы
нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі
кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді,
мұның өзі, табыстардың қайта бөлінісімен
байланысты болатын бірқатар келеңсіз
салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған
саяды:
Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет
қаражаттарының есебінен, яғни салық төлеушілердің
есебінен жүргізіледі; сөйтіп, табыстар мемлекеттік
бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның
дәулетті жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты
азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде
макроэкономикалық тәуелділіктер қосылады; жиынтық
сұранымның қысқаруы тепе-теңдігі таза ұлттық өнімнің
азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан
қаражаттардың жұмсалымына деген
ынталандырмалары төмендейді, экономикаға
қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
3. Жеке меншік кәсіпкерлердің
«инвестицияларын ығыстыру»
нәтижелі іс-әрекет етеді.
Мемлекет бюджет тапшылығын
немесе борышты жабу
мақсатымен несие рыногіне шыға
отырып, ақша рыногінде бәсекені
күшейтеді, мұның нәтижесінде
ақша капиталының пайыздық
мөлшерлемелері артады.
Ішкі мемлекеттік борыштың басқа
нысандарына мыналар жатады:
Бюджет тапшылығын жабу үшін
бұрын алған кредиттер бойынша
Ұлттық банкке берешек;
Облигациялар және басқа бағалы
қағаздар шығарумен ресімделген
халықтан, шаруашылық жүргізуші
субъектілерден алынған қарыздар
бойынша борыш.
Қазақстанда, оның дербес дамуынан
бастап, ішкі мемлекеттік борыштың
өзгеше нысандары болады: ауыл
шаруашылығы өнімінің, жеңіл өнеркәсіп
шикізатының баға айырмашылығын өтеу
және ауыл шаруашылығы өнімін сатып
алу бағасына сараланған үстемелер
бойынша бюджеттен есептен шығарылған
берешегі, мұның өзі бөлудің әкімшілік
әдістері жағдайындағы баға
сәйкессіздігінің нәтижесі болатын;
Ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары мен су
шаруашылығы ұйымдарының
қырсыздығы, несие берудің және
шаруашылық жүргізудің
шаруашылық есеп әдістерінің
қағидаттарын бұзушылық
салдарынан болған банк
несиелері бойынша есептен
шығарылған берешегі;
Ішкі мемлекеттік борыштың пайда
болуы мен үдей түсуі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығынан
туындайды. Қазақстан үкіметінің ішкі
мемлекеттік борышы 2000 жылы
елдің ЖІӨ- нің 3,4%-ын және жалпы
борыштың 13,2 %-ын құрады, мұның
өзі борыштың бұл түрінің біркелкі
параметрлері ретінде көрінеді.
Мемлекеттік сыртқы қарыз қарыз
алу бойынша тартылатын
қаражаттардың көлемі елдің
Ұлттық банкісінің таза алтын-
валюта резервтерінің 50
пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы
қарыздарды көптен-көп ауқымда
тарту несие алушы елдерді
экономикалық және саяси
тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.

Ұқсас жұмыстар
Жекеше кредит
Квазимемлекеттік борыш
Қаржы саласындағы мемлекеттік басқару мен жоспарлау
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
Кәсіпорынды сату шарты
Республикасының мемлекеттік құрылымы
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ
Сыртқы қарызды басқару әдістері
Ақша қорларының жиынтығы
Еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі
Пәндер