ҚАРЖЫ РЫНОГІ
Презентация қосу
Қаржы
ҚАРЖЫ РЫНОГІ
1. Қаржы рыногі туралы ұғым
2. Бағалы қағаздар рыногі
3. Бағалы қағаздар
рыногінің қатысушылары
4. Қор биржасы
1. Қаржы рыногі туралы ұғым
• Қазақстан Республикасының қатаң
түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономиакадан қағидалы, жаңа,
мемлекет тарапынан реттелініп
отыратын нарықтық экономикаға көшуі
елімізде оған қызмет көрсететін барлық
институттармен бірге қаржы рыногінің
құрылуын талап етеді. Қазақстанда
қаржы рыногі бұрын-соңды болған емес.
Қаржы рыногі - бұл, ең алдымен дербес
экономикалық категория ретінде бағалы
қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру жолымен
кәсіпорындардың, фирмалардың,
банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының,
мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі
жағдайындағы қаржы рыногі қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып
отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта
ақша қозғалысын ұтымды
ұйымдастырудың айрықша нысаны болып
табылады және бағалы қағаздар рыногі,
сондай-ақ кредит рыногі түрінде де іс-
әрекет етеді.
Қаржы рыногі экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері
арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін нарықтық
қатынастардың бүкіл жиынтығын
біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып
табылады. Экономикалық әдебиеттерде
және шаруашылық практикада қаржы
рыногі ұғымы ақша, валюта, кредит,
капитал рыноктерін қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі.
Ақша рыногі дегеніміз қолма-
қол ақша ғана емес, қолма-
қолсыз төлем қаражаттарын
да қосатын төлем
қаражаттарының рыногі.
Кредит рыногі несие
бойынша банктердің кредит
операцияларымен
байланысты.
Ақша мен кредит рыноктері,
әдеттегідей айналым
активтерінің қозғалысына
қызмет етеді.
Капитал рыногінде қоғамдық
өндіріс қатысушыларының
орташа және ұзақ мерзімді
қорланымдарының қозғалысы
жүзеге асырылады.
Қаржы рыногінде сатып алу-
сатудың объектісі айрықша
тауарлар - ақша және бағалы
қағаздар болып табылады.
Қор құндылықтарының- бағалы
қағаздар мен туынды бағалы
қағаздар айналысымен байланысты
болғандықтан оны қор рыногі деп те
атайды. «Қор рыногі» термині
бастапқыда бағалы қағаздармен
мәміле жасалынатын және
ресімделінетін мекеменің - Қор
биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногі -
бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің
уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді
қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктің
жұмыс істеуі көптеген экономикалық,
әсіресе инвестициялық процесстерді
тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Рыноктің барлық тұрпаттарының
өзара байланысы қаржы рыногінің
жұмыс істеу шарттарын айшықтайды.
Оларға мыналар жатады:
1. реттелген тауар рыногінің болуы,
яғни кез келген түрлердегі және
арналымдағы тауарлар мен қызмет
көрсетулер бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын
қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол
және қолма-қолсыз айналым бойынша
эмиссияға бақылау жатады.
Кредит рыногінің жандандырылуы, оның
толық коммерциялануы, яғни кредит
ресурстарын еркін рынокке орналастыру;
3. кредит ресурстарының қозғалысы
Орталық банктің пайыздық есептік
мөлшерлемесі, коммерциялық банктердің
міндетті резервтерінің нормасы, ашық
ақша рыногінде операциялар жүргізуді
белгілеу арқылы реттелінеді.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуінің негізгі
алғышарттарына мыналар жатады:
1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу
мақсатындағы материалдық өндіріс
сферасының бастапқы шаруашылық
буындарының – меншіктің барлық нысандары
кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік
сектордың да кең дербестігі;
2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет
рөлінің қысқаруы, өндірістік күрделі
жұмсалымдарды орталықтан
қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар
арасында ішківедмостволық қайта бөлудің
азаюы;
3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халықтың бағалы қағаздарға және
басқа активтерге инвестицияланатын
ақшалай табыстарының өсуі;
4. бюджет тапшылықтарын
қаржыландыру үшін несие қорын
пайдалануды тоқтату;
республикалық, сондай-ақ, жергілікті
бюджеттердің тапшылықтары
мемлекеттік қарыздарды шығару
арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногінің маңызы бос ақша
қаражаттарын алу және оларды қайта
бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне
ықпал етумен ғана айқындалып
қоймайды. Бұл қаражаттарды маңызды
сфералар мен объектілерге жедел аудару
есебінен кәсіпорындардың, салалардың
және жалпы экономиканың қаржылық
жағдайын тұрақтандырады.
2. Бағалы қағаздар рыногі
• Жоғарыда баяндалғандардан
туындағанындай, бағалы қағаздар рыногі -
шаруашық жүргізуші субъектілер мен
мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан
алуан түрлері сатылатын және сатып
алынатын қаржы рыногінің бөлігі. Бағалы
қағаздар рыногі экономиканың барлық
субъектілерінің өздеріне қажетті ақша
ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер
жасайды және алудың жолын жеңілдетеді.
Қазақстанда бағалы қағаздар
рыногі болған емес. Оны
дамыту үшін едәуір уақыт
керек, өйткені ол меншікке
қатынасты қайта құрумен
және мемлекеттік қаржы
саясатының сипатын
өзгертумен тікелей
байланысты.
Бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі
елдің экономикасында жалған емес нағыз
дербестігі бар меншік иелерінің болуымен
объективті түрде алдын ала анықталады.
Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана
бағалы қағаздар рыногінде қаржы
ресурстарына деген сұранымды көрсете
отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға
тиімді етіп жұмсай отырып, сауда
мәмілелерін жасай алады.
«Бағалы қағаздар рыногі туралы» Заңның
қабылдануы қор рыногінде қалыптасқан
қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен
туып отыр. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі
1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қысқа
мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені
заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше
кәсіпорындарға айналады, олардың көпшілігі
нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде
көрінеді. Осының нәтижесінде 1991-1993
жылдар 200 акционерлік қоғамның, соның
ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық
банктің акциялары тіркелді.
Бағалы қағаздар - мүліктік
құқықты растайтын ақшалай
құжаттар немесе мұндай
құжаттарды шығаратын
ұйымға олардың иелері
қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың түрлері
сан алуан: оларға акциялар,
облигациялар, мемлекеттің
борышқорлық міндеттемелері,
банктердің депозит және
жинақ сертификаттары,
Ұлттық банктің мерзімді
ноттары жатады.
Бағалы қағаздардың түрлері
сан алуан: оларға акциялар,
облигациялар, мемлекеттің
борышқорлық міндеттемелері,
банктердің депозит және
жинақ сертификаттары,
Ұлттық банктің мерзімді
ноттары жатады.
Бағалы қағаздар ұсынбалы,
ордерлік және атаулы болуы
мүмкін.
Атаулы бағалы қағазбен
куәландырылған құқықтар онда аты
аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен
куәландырылған құқықтар бағалы
қағазды ұсынушыға тиесілі болады.
Ордерлік бағалы қағазбен
куәландырылған құқықтар онда
аталған адамға тиесілі болады.
Акция - қоғам шығаратын
және бағалы қағаздың түрі
мен санатына байланысты
дивидендтер алуға, қоғамды
басқаруға қатысуға және
қоғам жойылғаннан кейін оның
қалған мүлкінің бір бөлігіне
акционерлердің құқықтарын
куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация ұсынушының оны шығарған
адамнан онда көзделген мерзімде нақты
құнымен облигация немесе басқа мүліктік
балама алуға құқығын куәландыратын
бағалы қағаз облигация деп аталады.
Облигация өзінің ұстаушысына
облигацияның нақты құнының онда
көрсетілген сыйақыны не өзге де мүліктік
құқықты алуына құқық береді.
3. Бағалы қағаздар рыногінің
қатысушылары
• Бағалы қағаздарды айналысқа шығару –
эмиссия - бұл бағалы қағаздарды
олардың бастапқы иелеріне -
инвесторларға, яғни заңды тұлғаларға
және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
акционерлік қоғам құрған кезде және
акциялар олардың құрылтайшылары
арасында орналастырылған кезде;
акциялар шығару жолымен акционерлік
қоғамның бастапқы жарғылық
капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
облигациялар мен басқа борыштық
міндеттемелер шығару жолымен
мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік
органдары қарыз қаражаттарын тартқан
кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар -
бұл эмиссия шегінде біртектес
белгілерге және реквизиттерге
ие болатын, осы эмиссяға
арналған бірыңғай ережелер
негізінде орналастырылатын
және айналысқа түсетін
бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы
қағаздардың бастапқы рыногінде жүзеге
асырылады. Онда бағалы қағаздарды
шығару және бастапқы орналастыру
процесстерінде, бір жағынан,
эмитенттердің немесе олардың тапсыруы
бойынша бағалы қағаздар рыногінің
кәсіпқой қатысушысының және екінші
жағынан, инвесторлар арасындағы
қатынастар қалыптасады.
Мемлекетік емес эмиссиялық бағалы
қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар
шығару туралы эмитенттің шешім
қабылдауын, уәкілетті органда бағалы
қағаздар эмиссиясын тіркеуді,
инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде
болатын ақпараттарды ашуды, бағалы
қағаздарды шығаруды және
орналастыруды, бағалы қағаздарды
орналастыру қорытындылары туралы
есепті табыс етуді қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге
асыратын ашық акционерлік
қоғамдардың акциялары
эмиссияланатын мемлекеттік
тіркеудің, сондай-ақ, акцияларды
шығару және орналастыру
қорытындысы туралы есеп беру
рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган
белгілейді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар
құжаттандырылған және құжатсыздандырылған
нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы
қағаздар шығарудың құжаттандырылған
нысаны- бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар
бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімінде
тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік
тіркеуге табыс ететін құжаттарға тиісті
өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғары
басқару органдарының шешімі бойынша
эмитент өзгеруі мүмкін.
Құжатсыздандырылған нысанда
шығарылған бағалы қағаздар меншік
иелерінің құқықтарын тіркеушілер
немесе нақты ұстаушылар растайды.
Бағалы қағаздарды иелерінің талап
етуі бойынша тіркеуші немес
нақтылы ұстаушы оларға бағалы
қағаздарға өздерінің құқықтарын
растайтын құжаттар беруге міндетті.
Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан
бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді
өз атынан немесе клиенттің атынан, өз
есебінен немесе клиенттің есебінен
бағалы қағаздарды сатып алу немесе
сату арқылы жасайды. Бағалы
қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде
жасалатын мәмілелерді инвесторлардың
өздері де, бағалы қағаздар рыногінің
кәсіпқой қатысушыларының қызметін
пайдалана отырып та жүзеге асыруы
мүмкін.
Бағалы қағаздар рыногінің
субъектілері инвесторлар,
эмитенттер, бағалы қағаздар
рыногінің кәсіпқой
қатысушылары, өзін-өзі
реттейтін ұйымдар болып
табылады.
Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы
қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғалар; инвесторлар
құрамында бағалы қағаздар қоржынын
қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны
пайдаланушы субъектілер болып табылатын
институциналдық инвесторларға –
инвестициялық қорларға, инвестициялық
банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы
қорларына, сақтандыру компанияларына және
қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша
қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы
арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе
Қаржы министрлігі арқылы
бағалы қағаздар рыногінде
инвестор ретінде іс-қимыл
жасайды.
Эмитенттер - қолданылып
жүрген заңдарға сәйкес
бағалы қағаздар рыногінде
кәсіпқой қызметтің бір немесе
бірнеше түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар заңды
тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногінің
қатысушылары - бағалы
қағаздар рыногінде кәсіпқой
қызметтің бір немесе бірнеше
түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар заңды
тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой
қатысушыларының өзін-өзі реттейтін
ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің
кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың
кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау,
сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі
инфроқұрылымының неғұрлым тиімді
жұмысы үшін жағдайлар жасау
мақсатымен, олардың ерікті қатысуы
негізінде әрекет ететін ұйым.
4. Қор биржасы
• Бағалы қағаздармен сауданы қор
биржасы, биржадан тыс рыноктің баға
кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де
ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы - бағалы қағаздар
рыногінің кәсіпқой қатысушылары
құратын жабық акционерлік қоғам
нысанындағы өзін-өзі реттейтін
коммерциялық емес ұйым. Қор
биржасының қызметі өзін-өзі өтеу
қағидатына негізделеді және оның
қызметінен түскен кірістер биржаны
материалдық-техникалық дамытуға
пайдаланылады.
Қор биржасы қаржы құрылымдарымен
мәмілелер жасауға арналған үй-жай
болып табылатын арнайы жабдықталған
сауда алаңын береді және қаржы
құралдарымен сауда жасауды
ұйымдастырады, қаржы құралдарына
баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне
ұйымдық, ақпараттық, консультациялық
қызметтер көрсетеді және заңнамада
көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге
асырады. Қор биржасының кемінде он
мүшесі болуы тиіс.
Қор биржасының кірістері негізінен
биржалық саудаға қатысушылар төлейтін
жарналар мен алымдардан, биржаның
акцияларын сатудан түскен қаражаттан,
оның ақпараттық, консультациялық және
өзге де қызмет көрсетуінен алынған
қаражаттарынан құралады. Олар
биржаның өзінің функцияларын жүзеге
асырумен, оның қызметінің кеңеюімен
және жетілдіруімен байланысты
шығыстарын жабуға бағытталады.
«Бағалы қағаздар рыногінің
инфрақұрылымы» ұғымы
қолданылады, ол осы рынокті
құқықтық қамтамасыз етеді,
ақпаратты, депозитарлық
және есептік-клирингтік желіні,
тіркеуші органдарды қамтиды.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік
реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар
рыногінің субъектілері қызметіне міндетті
талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық
актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар
мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын
бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар
рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың
өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін
лицензиялау және олардың қызметіне бақылау
жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстанда мұндай
функцияларды жүзеге
асырушы орган - Қаржылық
қадағалау агенттігінің
құрамындағы бағалы қағаздар
жөніндегі департамент болып
табылады.
Республиканың бағалы қағаздар рыногінде
жасалып жатқан қадамдар соңғы кезде
айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық
тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру,
қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын
жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті
алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік
жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар
ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің
төмен болуы проблемасын толық шешуіне
мүмкіндік береді.
Биржаның негізгі қағидаты - бағалы
қағаздар рыногінің өтімділігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Қор биржасы бағалы қағаздар
рыногінің субъектісіне келтірілген
залалдардың орнын толтырады және
оған өз жарғысын, биржалық сауда
ережелерін бұзған немесе
коммерциялық құпияны жария етке
жағдайда заңнамаға сәйкес жауап
береді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz