ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ


Slide 1

Қаржы

Slide 2

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

Slide 3

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің түсінігі 2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы 3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Slide 4

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің түсінігі

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Slide 5

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі, қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан - қоғамдық өндірістің даму процессіне мемлекеттің сан-алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.

Slide 6

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ, қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процессін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процессі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Slide 7

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады: 1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу. 2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады.

Slide 8

3. Көзқарастарды білдіретін демокртиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. 4. Шаруашылық қызметте нарықтың нормасы мен ережесінен шегінісі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Slide 9

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі: материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу; өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу; кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

Slide 10

кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру; кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатынасын реттеу; ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық процесстерді реттеп отыру.

Slide 11

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады: а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру; ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процесстер мен құрылымдарды монополиялау;

Slide 12

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мемшігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекелі кәсіпкерлікті дамыту;

Slide 13

в) жоғарыда аталған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістікті шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Slide 14

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді жасады: салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану, амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары.

Slide 15

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықтардың көмегімен рентабелдіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Slide 16

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Slide 17

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Экономиканы реттеу процессінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда ғана болатынын есте сақтаған жөн.

Slide 18

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным, тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві.

Slide 19

Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлтық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» * ұғымы пайдаланылады.

Slide 20

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады: 1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша; 2) кірістер бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Slide 21

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жинақтау арқылы жасалады: 1. тұтынылған капиталдың көлемі; 2. бизнеске салынған жанама салықтар; 3. жалдамалы қызметкерлердің жалақысы; 4. ренталық төлемдер; 5. пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу) ; 6. меншіктен түсетін кірістер; 7. корпорациялар пайдасы.

Slide 22

Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Slide 23

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстарының графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Slide 24

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS- тің осы мөлшері кезінде) . Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңдей ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады.

Slide 25

3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға, ұсынымға. Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін, бағалардың деңгейін көбейтеді, инфляцияның қарқыны тездейді.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік реттеу нысандары
Экономиканы бюджеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Экономикалық жүйедегі рынок мен мемлекеттің өзара қатынасы
Экономикалық тиімді мемлекет
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен астары. Фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
Экономикалық жүйені
Салықтық механизм
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Бюджеттің дербестік қағидаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz