Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Презентация қосу
Қаржы
Қаржы жүйесін
ұйымдастыру
– 1. «Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның
құрамы
– 2. Жалпы мемлекеттік қаржы
– 3. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың
қағидаттары
1. «Қаржы жүйесі» туралы
ұғым, оның құрамы
• «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы
және нақтылана түсуі болып табылады.
• Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі
ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
• а) бір – бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының
сфералары мен буындарының жиынтығы;
• ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы
мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық
бөлімдері жатады. Қазақстан Республикасында макро және
микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы
қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды
жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен
несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы
мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар
мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы
ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ
эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы
кезінде қаржы жүйесі, жалпы мәлім, әдетте тек бір ғана
буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі.
Классикалық капитализм жағдайында батыстың
көптеген көрнекті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО –ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік
бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша
қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және
экономикалық функцияларын орындап отырады.
«Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі
критерилері бойынша сыныпталатын қосалқы
жүйелердің іс- қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында
қаржынының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық –
экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы
жүйесі сыныптамасының қағидалары үлгісі қойылған.
Осы критериге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш
бөлікті қамтиды.
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша қорларының жиынтығы;
басқарудың қаржы аппараттары.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі
сфераны құрайды:
мемлекеттік бюджетке жинақталатын
мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастырып, пайдаланумен
байланысты болатын экономикалық ақша
қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған
ақша қорларының ауыспалы айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша
қатынастары.
2. Жалпы мемлекеттік қаржы
• Жекеменшік және мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржысы сферасының
бастапқы табыстары, сондай-ақ
азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің
қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын
ескеру қажет. Жеке бұл тек территориялық
жәйт қана емес, өйткені бұл ресурстардың
бүкіл жиынтығы Қазақстанның қаржы
ресурстарының балансында қамтып
көрсетіледі.
Екінші сфераның – шаруашылық
жүргізуші субъектілердің екі дербес
қосалқы сферасы болады:
Материалдық өндіріс сферасының
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы;
өндірістік емес сфера салаларының
ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Бірінші қосалқы жүйеде-өндірістік сфера
қаржысында өндірістік компанияларда,
фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық
қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында
орталықтандырылған ақша қорларын
қалыптастырып, оларды тиімді пайдаланудың
мәселелері шешіледі. Бұл қосалқы жүйенің
қаржысы өндіріске қызмет көрсетеді, қаржы
тұтқаларының еңбек өнімділігінің өсуіне,
өндірістің басқа салалық көрсеткіштерінің
тиімділігін арттыруға белсенді ықпалын
қамтамасыз етеді.
Екінші қосалқы жүйенің - өндірістік емес
сфера қаржысының орны мен рөлі оның
ұлттық табысты бөлу және пайдалану
жөніндегі байланысымен анықталады.
Бұл қосалқы жүйедегі қаржы қатынастары
оның бастапқы құрылымдарында және
олардың арасында, қаржы жүйесінің
басқа буындармен, өзге экономикалық
жүйелердің; бағалардың, кредиттің және
басқалардың буындарымен пайда
болады.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы
ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар
бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру
және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну,
резерв және басқа көптеген ақша қорларын қамтиды. Қаржы
қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын
материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны
басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі-
қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі
болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау
процесіндегі экономикалық және жұмысымен қаржы қатынастары
буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы
аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене
ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да,
қондырмалық қатынастардың да айқыш–ұйқыш тоқайласуын және
оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы- несие
жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы
жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ несие
жүйесі де қамтылады. Қаржы – несие жүйесі
бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс
сферасында қызмет етеді, өйткені кредит
мекемелері өндірістік емес сфераға
жатқанымен өндірістік емес сферада несие
қатынастары шектелінген.
Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары
өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай
қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге
қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге
асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып
табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы,
жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттік бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік кредит;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі
жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған
қаржыларға жатады және макродеңгейдегі
экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу
үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы
орталықтандырылмаған қаржыларға жатады
және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік
реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы
жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының
әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен
құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға
жүктелінген функциялардың сипатымен,
сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық
құрылысымен және оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен
анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл
құрамы екі ірілендірілген
бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және
муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының
ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы
қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша
қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер
ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі.
Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы
сферасында мынадай буындарды бөлуге мүмкіндік
береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының
орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық
нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғам ретіндегі
бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік
кредитте көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға
бөлінеді. Мәселен, салық бағыныштылығына қарай
коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
қаржысынаң құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
сауда, көлік, құрылыс және т.т. кәсіпорындардың
қаржылары, ал меншік нысанына қарай- мемлекеттік,
кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа
кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді.
Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі
қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекет басқарудың
деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге
асырылады. Сақтық қатынастар сферасында
буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне
(жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
3. Қаржы жүйесін
ұйымдастырудың қағидаттары
• Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына
қағидаттар қойылған:
• Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм
мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік
қаржы органдары тарапынан болатын
орталықтандырылған басшылықпен бір
мезгілде жергілікті қаржы органдарына және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең
құқық пен дербестік берілген.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы
органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған
бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып
отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару
бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге
негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы
ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында,
олардың қозғалысының өзара байланыстығында,
қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды
аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы
басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы
жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу
жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің
функционалдық арналымының қағидаты
қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп
отыратындығынан көрінеді. Мемлекеттік
бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану
жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды
республиканың Қаржы министрлігі мен
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті
аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір
министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты
жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар,
холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде
де, сондай-ақ төменгі деңгейде де қаржы аппаратының
тиісті құрамын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржы
аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен,
аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық
кәсіпорындар мен ұйымдары басқарудың ерекшеліктері
қамтып көрсетіледі.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы
жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады.
Қаржы-несие нарықтық механизмдердің
неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының
біріне айналыуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы
ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі –
ұлттық табысқа, макро және микроэкономика
кәсіпорындарының, фирмаларының және
салаларының дамуына және халықтың көптеген
жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал
жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен
анықталады, сондықтан тұрақтану мен
дамудың бағдарламасы бірінші кезекте
экономиканың тиімділігін арттыру
жөніндегі жалпыэкономикалық
шараларды іске асыруды қарастыруы
тиіс. Бұл шаралардың қатарында-
өндірістік қатынастарды жетілдіру,
экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау,
ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті
тездету
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру,
ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногін толықтыру
проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы
шараларының ішінде инвестицияларды
оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға
жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық
жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін
қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі
деңгейінде залалдылықты болдырмау,
коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің
барлық буындарында қаржылық өзара қарым –
қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz