Қаржы саясаты және қаржы механизмі




Презентация қосу
Қаржы
Қаржы саясаты және қаржы
механизмі
1. Қаржы саясатының
мазмұны, міндеттері,
мақсаттары және
қағидаттары
2. Қаржы механизмінің
мазмұны мен құрылымы
1. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері,
мақсаттары және қағидаттары

• Экономикалық дағдарыстан шығу және одан
әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және
негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін.
• Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты
субъектісі мемлекет болып табылады. Ол
қоғамның ұзақ перспективаға арналған
қаржысын дамытудың басты бағыттарының
стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге
арналған міндеттерді, қаражаттарды және
оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны
экономикалық заңдардың іс-әрекетін
ескере отырып және қоғамның даму
міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы
ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық
дамудың әрбір кезеңінде қаржы
саясатының өзіне тән белгілері болады,
ол экономиканың жай-күйін, қоғамның
материалдық және мәдени өмірінің
толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа
факторларды ескере отырып, түрлі
міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай
күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны
дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
Экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-
күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының
перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми
негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
Экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен
міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының
стратегиялық және тактикалық шараларын
тұжырымдау;
Белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі
(экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны
жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге
асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі
қаржы саясатының мазмұнын
анықтайды. Демек, экономикалық
заңдардың іс-әрекетін есепке ала
отырып, қоғамды дамытудың
міндеттеріне байланысты
қаржыны ұйымдастыру мен
пайдалану мемлекеттің қаржы
саясатының мазмұны болып
табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен
шешілетін басты міндеттердің қатарына
мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің
ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының
неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың
жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің
сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың
секторлары арасында ұтымды бөлу және
пайдалану, ресурстары белгілі бір мақсаттарға
бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын
орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны
үнемі жетілдіріп отыру.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес
мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің
қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер
кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық
дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған
шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал,
еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды
пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл
мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және
экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық
салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен
қамтамасыз ету қажеттігін туындайды.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын
жүзеге асырудың зор маңызы бар:
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып,
бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық
өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік,
ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын
қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында
кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің
шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы
резервтерінің асып түсуі);
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы
қағидаттарға мыналар жатады:
объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені
есепке алу.
Жеке қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын
жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс
құрылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер
мен шығыстардың тепе-теңдігі;
бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервтерін жасау;
салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік
дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын
шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру,
оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші суъбектілер
арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
2. Қаржы механизмінің мазмұны мен
құрылымы

• Әрбір экономикалық категорияның өзінің
өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды
білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен
әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар –
қатынастарды іске асырудың түрлері,
нысандары мен әдістері - экономикалық
өмірде тиісті процестерді басқарудың
тетіктері, механизмі ретінде болып келеді.
Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде
түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және
пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу
және қайта бөлуге қатысады.
«Механизм» термині экономикалық
ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін,
белгілі бір қызметке түрткі болатын
құралды білдіреді. Бұл мағынада термин
басқаруда қолданылады және оның мәні
экономикалық, соның ішінде қаржы
саясатының да міндеттерімен
анықталатын басқарушы субъектінің
басқарылатын объектіге ықпалының
мазмұнымен байланысты.
Қаржы механизмі – экономикалық және
әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар
жасау мақсатында қоғам қолданатын
қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын
және әдістерін, оларды сан жағынан
анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке
бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және
қаржы қатынастарының сфералары мен
буындары бөлінуінің негізінде қаржы
механизімі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы механизмі, сондай-
ақ мемлекет қаржысының механизмі
болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл
сфералардың әрқайсысы жеке
құрылымдық буындарды қамтиды.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы
механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол
айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді.
Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде
қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының
жиынтығын, орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларын, қаржы
жоспарлаудың әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін
басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі
оларды ұйымдастырудың көптеген түрлерін,
нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала
анықтайды.
Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның
буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың
қосалқы жүйесі блогі, элементі сияқты ұғымдарын
пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым
маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар:
қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен
ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы
жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогі – жалпы мақсатты
бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара
байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмнің элементі - бұл қарапайым
шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске
қатысушылардың мүдделері айырықша түрде білінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы
механизмдерінде абстракты экономикалық
категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар
түрінде болады.
Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін
өзгерте алатын, адамдар есепке алатын категориялар
ұғынылады. Нақтылы нысандар – бұл экономикалық
категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар
арқылы емес, бірақ оның нақтылы нысандары –
бюджет, кірістер, шығыстар арқылы экономикалық
заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл
мағынада жоғарыда аталған нақтылы нысандар ұдайы
өндіріс процестерін басқарудың құндық категориялары
болып табылады.
Әдіс - бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-
әрекеттердің тәсілі, әрі бұл жағдайдағы анағұрлым
ұтымды тәсіл. Ықпал ету әдістері белгілі бір
категориялардың ішкі мағынасындағы экономикалық
заңдардың көрінісінің әр түрлі нысандарына
қолданылады.
Экономикалық реформалар мен нарықтық қатынастар
тұтқалардың іс-әрекетінің жүйесі болып табылатын
қаржы механизмінің құрылымы мен элементтеріне әсер
етпей қойған жоқ.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайында
сапалық жағынан жаңа қаржы механизмі қолданылады.
Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
бюджет жүйесімен, сақтық компанияларымен өзара
қарым-қатынастарына қатысты.
Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы
өндіріске ықпал жасауы тұрғысынан қарағанда
оның функционалдық буындары: ресурстарды
жұмылдыру, қаржыландыру, ынталандыру және
т.т. бөлініп шығады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке
буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып
табылады. Олар өзара байланысты және өзара
тәуелді. Қаржы механизмінің құрамды
буындарының іштей үйлесуі оның
ұтымдылығының маңызды шарты болып
табылады.
Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің
үйлесуі «қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол
механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін
белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен
нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін
және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.
Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан
әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып
табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс
жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін
сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты бөлудің әдістері
және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара
қатысы әлденеше рет өзгерді, салықтардың мөлшерлемелері
түзетілді және т.т.
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып,
мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты
талаптарына оның толық сәйкестігін
қамтамасыз етуге тырысады, бұл
саясаттың мақсаттары мен міндеттерін
толық жүзеге асырудың кепілі болып
табылады. Сонымен бірге қаржы
механизмі мен оның элементтерін жеке
және ұжымдық мүдделермен неғұрлым
толық үйлестіруге деген үнемі
ұмтылушылық сақталынады, бұл- қаржы
механизмі тиімділігінің кепілі.
Қаржы қатынастары көрінісінің экономиканы
басқарудың деңгейіне қарай неғұрлым толық
нақтылануы мүмкін. Сондықтан, анағұрлым нақтылы
нысандар – басқару тұтқалары қолданылады: мысалы,
кірістерде қосылған құнға салынатын салық, акциздер,
табыс салығы, мемлекеттік мүліктен түсетін табыстар,
ренталық төлемдер және т.т., шығыстарда –
экономикаға, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, (білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру,
қамсыздандыру және басқалары, ғылымға, басқаруға)
жұмсалатын шығындар бөліп көрсетіледі. Бастапқы
буын деңгейінде - фирмаларда, компанияларда,
ұйымдарда, мекемелерде сан алуан қаржы
қатынастарын реттеу үшін басқарудың нақтылы
нысандары мен әдістерінің сан алуан түрлері
қолданылады.
Шаруашылық және қаржы механизмдерінде қаржы-
экономикалық нормативтер мен лимиттер
пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе
ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген
мөлшерлері, лимиттер - ресурстарды пайдаланудың
шеткі мөлшерлері қаржылық жоспарлауда
пайдаланылады. Олардың көмегімен
жалпымемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің
бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштасуы,
экономикалық және әлеуметтік дамудың
перспективалық және ағымдағы жоспарларының
тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақтың,
басқарудың салалық және ведомстволық
органдарының, шаруашылық құрылымдардың
ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты
қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін
қайта құрудың мақсаты - нарықтық қатынастарды
дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне
ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы
механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық
шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды
ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас
қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін
кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың
шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша
дамытуды қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикада өндірістік құрал-жабдықтарды
жақсы пайдалануда кәсіпорындардың ынталылығын
арттыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың,
олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттігі
болмай қалады. Нарықтық бәсеке кәсіпорынды өндіріс
тиімділігін, қаржыны жоспарлаудың сапасын арттыру,
қаржы ресурстарын пайдалануға қаржылық бақылауды
тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға
итермелейді. Ол кәсіпорындар табысына салық салу,
қосымша салықтар енгізу, азаматтардың табысына
салық салу, мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру
арқылы жүзеге асырылады.
Шаруашылық келісімшарттарды, шығарылатын
өнімдердің параметрлерін бұзғаны үшін,
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитарлық
нормалар мен ережелердің талаптарын
сақтамағаны үшін салынатын қаржы
санкциялары қатайтылады. Бюджет алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындамағаны және
толықтай орындамағаны, табысты және басқа
салық салу обьектілерін жасырып қалғаны үшін
санкцияларды мемлекет күшейтеді.
Аудиториялық қаржылық бақылау кең қанат
жайып келеді.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді
жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала
мекемелері мен ұйымдарында жаңа
шаруашылық механизмі енгізілді.
Әлеуметтік сала мекемелеріне ақылы
қызметтер көрсетуге, алған табыстарын
өзінше жұмсауға құқық берілген.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің
қалыптасуы салықтық негізге көшірілді,
бюджет шығыстарының құрылымы мен
қаржыландыру жүйесі қағидалы түрде
өзгереді.
Нарықтық қатынастардың дамуы,
басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті
және өмірді сақтандыруды ұйымдастыру
мен басқару саласында оң нәтижелерге
жеткізді: кооперативтік сақтандыру
дамуда, акционерлік сақтық қоғамдар
пайда болуда; сақтандырудың міндетті
және ерікті нысандары арасындағы ара
салмақ өзгеруде. Сақтық механизмді
жақсарту сақтандырушыларға сапалы
қызмет көрсетуге, сақтық ісінің тиімділігін
арттыруға бағытталған.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік
қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы
жолға қойылған қаржы механизмінің
көмегімен өндіріске белсенді түрде
ықпал жасауға, оның тиімділігін
арттыруға және экономиканы өсіру
үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етуге болады.

Ұқсас жұмыстар
Қаржы механизмі
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі ретінде
Салық саясаты - мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі
Салық саясаты және оның жүзеге асыру механизмі
Қаржы ресурстары туралы түсінік
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Ұлттық банкының ақша - несие саясаты
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкының ақшанесие саясаты
Мемлекеттік каржы несие жүйесі және салық саясаты
Пәндер