Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы


Slide 1

Қаржы

Slide 2

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы

Slide 3

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны 2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері 3. Коммерциялық емес ұйымдар мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру

Slide 4

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Slide 5

Шаруашылық субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі - қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен, бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Slide 6

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Slide 7

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-комуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, несие, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Slide 8

Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының- қоғамдардың, ассоциоциялардың, концерндердің, консорциумдардың және тағы сол сияқты көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процесске коммерциялық есептің дамуы, аймақтарды өзін-өзі басқарумен өзін-өзі қаржыландыруға көшуге мүмкіндік береді.

Slide 9

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық- экономикалық ерекшеліктерімен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ, сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарының және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке дара ауыспалы айналымының процессінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұны өзі қаржының ұдайы өндіріс процессінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын анықтайды.

Slide 10

Ақшалай қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің жұмсалған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Slide 11

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процессінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Slide 12

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процессінде маңызды рөл атқарады.

Slide 13

Ақша мен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Slide 14

Ақша мен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Slide 15

Басқа әртүрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) :

Slide 16

өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады; өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде) ; мемлекеттік бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

Slide 17

банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ; сақтық органдармен мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

Slide 18

жоғары ұйымдармен ішкі салық қайта бөлу шегінде пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары; құрылтайшылармен бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады және тағы сол сияқты.

Slide 19

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

Slide 20

Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымның сан алуандығы; Өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық - заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

Slide 21

Жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі; Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Slide 22

2. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер, өндірістік кооперативтер.

Slide 23

Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындардың басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелердің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері, сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трастық компаниялар және басқалары.

Slide 24

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процесстерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан, коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Slide 25

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Slide 26

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Slide 27

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: Коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау) ; Жоспарлық; Меншіктің барлық нысандарының теңдігі; Қаржы резервтерінің болуы.

Slide 28

1. Коммерциялық есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарлық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Slide 29

Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды. Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Slide 30

Өзін-өзі өтеушілік - шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізу жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі- залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету - кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процесстерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

Slide 31

Өзін-өзі қаржыландыру - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттер есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Slide 32
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандары
Ұйым шаруашылық субъектісі ретінде
ҚР Қаржы жүйесі
Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Ақша қорларының жиынтығы
Орталықтандырылған қаржылар Орталықтандырылмаған қаржылар
«Қаржы жүйесі»
Қаржы жүйесін ұйымдастыр
ҚАРЖЫ ЖАЙЛЫ
Қаржы ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz