Мемлекеттің қаржысы




Презентация қосу
Қаржы
Мемлекеттің қаржысы
1. Мемлекеттің қаржы ұғымы және
құрамы
2. Мемлекет табыстарының
мәні
3. Мемлекеттің шығыстарының
маңызы
1. Мемлекеттің қаржы ұғымы
және құрамы
• Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік-саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті
ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы
болып табылады және олар экономикамен
социумдағы сан алуан өзара байланыстарды
қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік
және әлеуметтік қатынастардағы іс-
қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің
қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының
қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған
қаражаттарды мемлекет пен оның
кәсіпорындарының функциаяларын орындауға
пайдалану қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық
байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен
байланысты болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекет, бір жағынан, жеке кәсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа
жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының
субъектілері болып табылады.
А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің
өсуін үш фактормен
байланыстырады:
1) экономика дамуының
нәтижесінде экономикалық тірліктің
күрделенуімен және еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен; бұл мемлекет
тарапынан тиімді және ұтымды
экономиканы, құқық тәртібін, заң
қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың
үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл
капиталды майда фирмалардың алдында
артықшылықтары бар акционерлік компаниялар
немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз
ете алады; мемлекет монополиялардың
қызметін реттеу үшін техникалық шарттар
бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы
тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда
экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру
және денсаулық сақтау сфераларында
мемлекет белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық
шаруашылықтың белгілі бір
шектеулігін және экономикалық
процестерді мемлекеттік
реттеудің қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекет қаржысының
функциялары экономикалық
категория болып келеді: бұл-
бөлу мен бақылау функциялары.
Алайда, бөлгіштік функциядағы
мемлекеттің қаржысын неғұрлым
толық сипаттау үшін мемлекеттің
реттеуші іс-қимылдарының
қажеттігінен туындайтын құрамдас
қосалқы функцияларды бөліп
көрсеткен жөн; бұл:
орналастыру;
қайта бөлгіштік;
тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы
қоғамдық тауарлар, игіліктер
және қызметтер көрсету
нарықтық жүйе арқылы
қамтамасыз етілуі мүмкін
еместігінде, мемлекеттің оларды
өндіру және халықты қамтамасыз
ету үшін ресурстарды бөлуі және
орналастыруы қажет екендігінде
көрінеді.
Қоғамдық тауарлардың
ресурстары көбінесе
салықтардың есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше,
рыноктік тауарларды өндірудің
мүмкіндіктері шектелінеді,
оңтайландыру проблемалары
фискалдық саясат үшін қиын
болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе
тікелей мыналар арқылы орындалады:
табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды
жоғары табыстарға үдемелі салық салумен
ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсіл арқылы;
баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен
табыс болатын тұрғын үй секілді қоғамдық
шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын
үдемелі салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар
пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды
көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын
тауарларға салынатын салықтар мен ұштастыру
арқылы жету мүмкін.
Салықтық-трансферттік
механизм арқылы қайта бөлудің
жеке тұтыну немесе өндірістік
таңдауға кедергі жасамайтын
артықшылығы болады. Алайда,
тіпті бұл механизм де «тиімділік
шығындарысыз» емес,
сондықтан, жанжалды теңдік пен
тиімді мақсаттарды теңгеруді
табу қажет.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-
әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай-күйінің нәтижелерін
ескере отырып, жоғары жұмыспен
қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен
экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін
қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге
мемлекеттік бюджеттің шығыстары және
салық салудағы өзгерістер бойынша
қатаң не шектеулі шараларды қолдана
орырып, мемлекет жиынтық сұранымға
ықпал жасайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті
деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті,
бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті,
мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржыларын қамтиды. Аталған
буындардың түрлі функционалдық арналымның
арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси
процесстердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық
проблемеларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық
және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың
деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпы
мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қаржылар
болып бөлінеді.
2. Мемлекет табыстарының
мәні
• Мемлекет қаржысының іс-әрекеті
кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік
құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және
қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі
қызметтеріне пайдалану. Бұл
процестердің алғашқысы өзінің көрінісін
мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі
мемлекеттердің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп
экономикалық қатынастардың
жүйесін айтады, бұл
қатынастардың процессінде
мемлекеттің жұмыс істеуінің
материалдық базасын жасау үшін
мемлекеттің меншігіне түсетін
қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық, қоғамдық өнімді бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық
ұйымдардың және халықтың бастапқы
табыстары жасалынады. Бастапқы
табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі
процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды
рөлді қаржы орындайды. Бұл
процестердің нәтижесінде ақша қорлары,
ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін қаржы арқылы халықтың
табысының бір бөлігі алынады;
кәсіпорындардың табысы бөліске
ұшырайды – оның бір бөлігі
бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және
ішкішаруашылық қажеттіліктеріне
пайдаланылады.
Бұл түсімдер өндірістік емес
сфера кәсіпорындарының
табыстарын құрайды. Сөйтіп,
табыстар қоғамдық өнімнің құнын
шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша бөлуге
байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес
экономикалық категория ретінде
болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен
байланысты болатын қаржы
қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді.
Сонымен бірге жұмылдырылатын
мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына,
мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары
орталықтандырылмаған кірістерге
жатады.
Орталықтандырылған қаржы
кірістері негізінен салық
түсімдері, сыртқы экономикалық
қызметтен алынатын кірістер,
халық төлемдері есебінен
қалыптасады.
Орталықтандырылмаған кірістер
кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен
қорланымдарынан құрылады.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігі түрлі
деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру
біртұтас қаржы саясатын жүргізуге,
қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың
басым салаларының пайдасына қайта
бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес
сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыруға мүмкіндік береді. Бюджет
қаражаттарынан басқа мемлекеттің
орталықтандырылған кірістеріне бірқатар
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
жатады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы
және оларды ұйымдастыру мемлекеттік
шаруашылық жүргізудің саяси және
экономикалық рөліне байланысты болып келеді.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы
мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен
жүзеге асырылады: ол бюджетке
орталықтандырылатын және шаруашылық
жүргізуші субъектілерге қалдырылатын
қоғамның таза табысының үлесін белгілейді,
сондай-ақ, халықтың жеке табыстарының бір
бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын
шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарынаң және тиісінше,
қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда
мемлекет меншігінен алынатын табыстар
мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып
табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі
жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі
жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың,
коорпоротивтік ұйымдардың және халықтың
табысының бір бөлігі есебінен құрылады.
Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне
қарасты қаржы активтерін, жылжымайтын
мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға
мыналар жатады:
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
жалпы табысы, қосылған құнға салынатын
салық, акциздер, кеден табыстары ретіндегі
табыстар;
мемлекеттік мүліктен алынатын табыс
(мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден,
ормандардан, жер-судан, басқа табиғи
ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін
қаражаттар);
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы
қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу
алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды
тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат
металлдан жасалған бұйымдарды талдау және
таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес
қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол
полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім
алымы);
бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік
төлемдері, қосалқы шаруашылық табыстарын
және басқаларды қамтитын арнаулы
қаражаттары.
«Мемлекеттің кірістері» мен
«Мемлекеттің қаржы
ресурстары» ұғымдарын ажырата
білген жөн. Қаржы ресурстары -
уақыттың бір мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар
немесе шаруашылық
ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
«Қаржы ресурстары» ұғымы мазмұны жағынан
«мемлекеттің кірістері» ұғымынан кең.
Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы
ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын,
бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы
мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал
–жабдықтарды қалпына келтірудің
амортизациялық аударымдары, айналымдағы
қаражаттардың артығы, мерзімі өткен кредиттік
және депозиттік берешектің сомалары, істен
шыққан, иесіз мүлікті, тәркіленген, мұрагерлік
құқық бойынша мемлекетке өткен, талап
етілмеген мүлікті өткізуден түсетін түсімдер.
Бұл ақша қаражаттары тура мағынасында
табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен
байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі
болып табылады. Осындай себептерге
байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсім кіріс болып есептелмейді. Қаржы
ресурстарына, сондай-ақ, мемлекеттік сақтық
органдарының қарамағындағы қаражаттардың
барлық сомалары жатады. Мемлекет
кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады,
ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің
барлық сомасын бөлу және қайта бөлу кезінде
жұмылдырылады.
«Мемлекеттің кірістері» және «мемлекеттік
бюджеттің кірістері» ұғымдары да бір-біріне тең
әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы
әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері
құрамына, жоғарыда атап өтілгендей,
мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа
мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың,
бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік
мүліктен алынған табыс, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т.
қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің
кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана
кіреді.
3. Мемлекеттің шығыстарының
маңызы
• Мемлекеттің шығыстары - бұл
мемлекеттің жұмыс істеуімен
байланысты ақша шығындары.
Экономикалық категория ретінде олар
қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру,
қоғамның сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі
өнімнің бір бөлігін бөлумен және
тұтынумен байланысты экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы
саясатының маңызды құралы, оның
орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының
бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі
сол, ол қызметінің тек мемлекеттік сферасының
қажеттілігін ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан,
мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару,
қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей
байланысты.
«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты
арналымы бойынша пайдалану, ақша
қаражаттарын айырбас процесінде тікелей
рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың
құрамына түпкілікті табыстардың есебінен
жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік
емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық
өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану
қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды
нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы
шығыстарды ажырата білген жөн, бұл
шығыстар қаржы арқылы қалыптасады:
жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған
және кәсіпорындардың қорларын
мақсатты арналым бойынша бөлген
кезде: ақша шығыстары барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар»
ұғымының оның «шығындар»
ұғымына түрленген кездегі қарама-
қайшылық пен күрделілікті қамтып
көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті
рәсуаны, тұтынуды қажет ететін
болса, «шығындар» «есепке
жатқызылатын» алдымен,
келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды
білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде
және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңінде
мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен
қызмет саласы өзгеріп отырғандықтан, бұған
сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының
құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына
мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттен
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және
өндірістік емес сфералар мекемелерінің
шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары
шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
өндірістік, шаруашылық-пайдалану
қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын
шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға
төленетін төлемдер;
көтермелеу және ынталандыру
қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы
қорлардың ауыспалы айналымымен
байланысты және өндіріс
шығынының орнын толтыру болып
табылады және шартты түрде
шығыстарға жатады. Сондықтан
кәсіпорындар бойынша мемлекеттің
шығыстары шығыстардың екінші
және үшінші топтарын қамтиды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық
тауарды, иеліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге
немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін
айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға,
қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға,
мемлекеттің инфроқұрылымдық кәсіпорындары мен
ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне
жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге
экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік
тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз
етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсаттары арналымы бойынша
шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы
мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет
шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне
орталықтандырылған немесе мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза
табысы есебінен жүргізіледі. Мемлекет шығыстарының
бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін
түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен
жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін
негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру
мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан
өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері
тартылады.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға
оларды болжау, сондай-ақ, оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды
пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Ұлттық шаруашылықты
баланстандырылмалы дамыту және халықтың
әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру
мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім
мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік
емес сфералар, салалар, экономикалық
аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге
қатысады. Мемлекеттің шығыстарын
жоспарлаудың басты әдісі болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың
мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын
қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап
етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың
және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең
алдымен ғылыми-техникалық прогрессті
айқындайтын неғұрлым перспективті және
прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды
әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз
етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын
қаржыландырудың қайтарусыз сипаты
берілген ресурстарды тікелей өтеуді
талап етпейді. Бұл қағидат бойынша
қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырудың кредиттік әдістерімен
қатар қолданылады - бұл
пайдаланылатын қаржы ресурстарының
тиімділігін арттырады.
Ресурстарды пайдалануда үнем
режімін сақтау - мемлекеттің
шығыстарын ұйымдастырудың
маңызды қағидаты, ол ішкі
резервтерді жұмылдыруға, өндірістік
және өндірістік емес сфералардың
барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды
күшейтуге, оларды ұтымды әрі
құнтты пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың қажетті
қағидаты оларды жабудың
бюджет, кредит және меншікті
көздерінің оңтайлы үйлесуі болып
табылады. Бұл қағидат мемлекет
шығыстарын ортақ
қаржыландыру процессін
білдіреді.

Ұқсас жұмыстар
Ақша қорларының жиынтығы
Қаржы жүйесін ұйымдастыру
ҚР Қаржы жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ
ҚАРЖЫ ЖАЙЛЫ
Қазынашылық қызметтің теориялық негіздері
Қаржы жүйесін ұйымдастыр
Үшінші Алтын адам
Мемлекеттің бюджет жүйесі
«Қаржы жүйесі»
Пәндер