Теңқанаттылар отряды Homoptera
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Теңқанаттылар отряды
Homoptera
Орындаған: Жақсыбаева У.
Тексерген: Омарова Ж.
Теңқанаттылар отряды — Homoptera
Алдыңғы және артқы қанаттары бiртектi, сирек
жүйкеленген, жарғақты. Кейбiреулерiнде қанаттары
болмайды. Ауыз аппараты шаншып - соратын
тұмсыққа айналған. Өсiмдiктердiң шырынымен
қоректенедi. Шала түрленiп дамиды. Көптеген
түрлерiне гетерогония бойынша ұрпақ адмасу және
партеногенез типi тән. Мысалы, жүзiм
филлоксерасының (Viteus vitifolii) тiршілiк циклын
қарастырайық (1-сурет). Көктемде жүзiм
бұтақтарының қабықшалары астында қыстап шыққан
жұмыртқалардан негiзгi ұрғашылары шығады. Олар
жүзiм жапырағының шырынымен қоректенедi.
Келтiрген зардабынан жапырақтардың үстiнде
бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген iсiктер
пайда болады.
Жүзiм филлоксерасының (Viteus
vitifolii) тiршiлiк циклi:
А — жапырақ формалары;
1 — жұмыртқа, 2 аналық
3 — жұмыртқа салып жатқан аналық,
4 — личинка (II ұрпақ),
5 — жұмыртқа салып жатқан
партеногенетикалық аналық,
6 — личинка (III ұрпақ),
Б — тамыр формалары;
7 — қыстап шыққан личинка,
8 — жұмыртқа салып жатқан
партеногенетикалық аналық,
9 — личинка (II ұрпақ),
10 — жұмыртқа салып жатқан
партеногенетикалық аналық,
11 — личинка (III ұрпақ),
12 — жұмыртқа салып жатқан
партеногенетикалық аналық,
13 — нимфа,
14 — қанатты аналық,
15,16 — жұмыртқалар,
17 — аталық,
18 — аналық,
19 — шағылысу кезеңi.
Осы бұзғыншаның iшiне ұрғашылары партеногенетикалық
жұмыртқаларын салып, олардан дамыған личинкалар қайтадан
қанатсыз партеногенетикалық ұрғашыларға айналады. Осындай
партеногенетикалық жолымен дамуы жаз бойы жүредi. Күзге қарай
ұрпақтардың арасында морфологиялық ерекшелiктерi бар (мысалы,
ұзын тұмсықты) партеногенетикалық особьтары пайда бола бастайды.
Олар жапырақта қалмай, жерге, жүзiм тамырына өтiп тамыр
филлоксерасына айналып, сонда қыстайды. Келтiрген зардабынан
тамырдың үстiнде көп бұзғыншалар (галла) пайда болады. Олар тез
бұзылып, тамырдың өсуi тежеледi. Көктемде тамыр филлоксерасы өте
тез көбейiп, личинкаларының бiр бөлiгi тамырда қалса ендi бiр бөлiгi —
кезбе личинкалары жүзiм сабағының бойымен өрмелеп жоғары
көтерiледi. Жаздың ортасында личинкалардан қанатты ұрғашы
особьтар пайда болып, жүзiм қабығына iрi және ұсақ
партеногенетикалық жұмыртқалар салады: iрiлерiнен — ұрғашылары,
ал ұсақтарынан аталықтары дамиды. Олар ұрықтанғаннан соң,
ұрғашылары жүзiм бұтақтарының қабықшалары астына
жұмыртқаларын салады. Көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан
қайтадан ұрғашылары шығып, дамуы өрбидi Сонымен, филлоксераның
екi жылдық даму циклi анық гетерогониялы болып саналады: жынысты
ұрпақтарымен қатар партеногенетикалық ұрғашылары да алмасып
тұрады.
Теңқанаттылар отрядының 5 отряд тармағы бар: цикадалар (Cicadinea),
аққанаттылар (Aleyrodinea), бiтелер (Aphidinea), кокцидалар (Coccinea),
жапырақ бүргелерi (Psyllinea). Отрядта 30000-нан астам түр бар.
Бiтелер немесе өсiмдiк биттерi (Aphidinea) —
теңқанаттылар арасында кең тараған және көп санды
тобы. Денесi өте жұмсақ, ұзындығы 0,5—6 мм. Бұлар
гетерогония дамуымен ерекше. Көпшiлiгi ауыл
шаруашылық дақылдарының зиянкестерi. Негiзгi
түрлерi: алманың жасыл бiтесi (Aphis pomi), алманың
қанды бiтесi (Eriosoma lanigerum), капуста бiтесi
(Brevicoryne brassicae) (2-сурет). Жүзiм
филлоксерасы (Viteus vitifolli).
Цикадалар (Cicadinea) — теңқанаттылардын ең iрiсi
(3 — 65 мм), дыбыс шығаратын аппараты жақсы
жетiлген. Шөпшаландарда, ағаштарда мекендейдi.
Өсiмдiктердiң шырынымен қоректенедi және вирус
ауруларын таратады. Негiзгi өкiлдерi: жолақ цикада
(Psammotettix striatus), шырмауық (Hyalesthes
absoletus) жасыл цикада (Cicadella viridis).
Теңқанаттылар отряды
(Homoptera), өсімдік биттер
(бітелер):
А — капуста биті
(Brevicoryne brassicae)
1 — қанатсыз аналық,
2 — қанатты аналық,
3 — нимфа,
4,5 — личинкалары;
Б — мойыл биті
(Rhopalosiphum padi)
1 — қанатсыз аналық.
2 — қанатты аналық.
Жапырақ бүргелерi (Psyllinea) — ағаштарда, шөптерде
кездесетiн ұсақ насекомдардың шағын ғана тобы. Жемiс
ағаштарының басты зиянкестерi. Негiзгi өкiлдерi: алма бүргесi
(Psylla mali) алмұрт бүргесi (P. nyri).
Кокцидалар (Соссinеа) — жыныстық диморфизмi анық
байқалатын ұсақ насекомдар (1 — 12 мм). Аталықтарында жұп
қанаты және жақсы дамыған аяқтары бар, аналықтары
қанатсыз, аяқтары редукцияланған, денесiнiң сегментациясы да
көп жағдайда байқалмайды. Кейде аналықтары ерекше
қалқаншамен немесе балауыз бөлiндiлерiмен жабылған. Жемiс-
жидек және басқа өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi. Негiзгi
өкiлдерi: калифорниялық қалқаншалы сымыр (Diaspidiotus
perniciosus), солтүстiк кермес (Kermococcus quercus). Пайдалы
түрлерi де кездеседi. Мысалы, лак сымыры (Laccifer lacca).
Қазақстан Қызыл кiтабына ұзын сымыр және поляк кошенилi
тiркелген (Porphyrophora polonica).
Аққанаттылар (Aleyrodinea) — негiзiнде тропикалық елдерде кең
таралған. Ұзындығы 1—2 мм, қанатын және денесiн ұн тәрiздi ақ
ұнтақ басқан. Өсiмдiктердiң зиянкестерi. Аса қауiптi - оранжерея
ақ қанаты (Trialeurodes vaporariorum), капуста ақ қанаты
(Aleyrodes proletella).
Homoptera түрі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz