Nuka-Travel туристік компаниясының маркетингтік ортасы




Презентация қосу
«Nuka-Travel» туристік
компаниясының маркетингтік
ортасы
• ЖШС «Nuka-Travel» туристік фирмасы Қазақстан туризм
нарығына 1998 жылдан бері өз үлесін қосуда. Туристік мекеме
өзінің негізгі қызметінің сипаттамасы және мазмұны бойынша
туристік қызметті тұтынушылармен (туристер) орындайтындар
(қонақ үй, көлік, тамақтандыру орындары) арасындағы делдал
болып табылады.
• Туристік мекеме кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді
құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді
сақтандырумен, жол көрсеткіштерімен ескерткіштері сатумен
айналысады. Туристік мекемелерді құру және олардың қызметі
әр елдің заңымен реттеліп отырады. ЖШС «Nuka-Travel»
туристік мекеме қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (ЖШС) болып табылады. Бұл мекеме 1998
жылы құрылып, Қазақстанның туристік нарығына енді.
• ЖШС «Nuka-Travel» туристік мекеменің туристік қызмет көрсету
үшін мемлекеттік лицензиясы (ЖШС № 012 01.02.1998ж.),
Қазақстандық Туристік Ассоциациясының (КТА) мүшесі екендігі
туралы 2003 жылы 21 тамызда берілген куәлігі, ЮСАИД-тың
стратегиялық даму жоспарын орындағаны үшін сертификатқа ие
болған.
• Кәсіпорынның тауарлық және баға саясаты. Туристік өнім – бұл
туристік экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді
қызмет.
• Негізгі қызметтерге мыналар жатады: орналастыру; тамақтандыру;
көлік қызметтер, көлікпен бірге (туристерді әуежайдан қонақ үйге
жеткізу және қонақ үйден әуежайға жеткізу жатады); экскурсиялық
қызметтер, оған аудармашы – гидтің қызметі кіреді.
• ЖШС «Nuka-Travel» компаниясы туризмнің көптеген түрлерімен
айналысады, соның ішінде Қазақстандық оқушылар мен студенттердің
АҚШ, Канада, Франция, Германия, Қытай сияқты елдердің мемлекеттік
мектептерінде оқуға мүмкіншіліктерін туғызады.
• «Nuka-Travel» компаниясы шетелдегі ең таныиал оқу орындарының
және тіл дамыту орталықтарының негізгі серіктестігі.
• ЖШС «Nuka-Travel» туристік мекемесінің шетелдік ұйымдардан,
агенстволардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл акамедияларынан
көптеген сертификаттары, алғыс хаттары бар. Мысалы, Францияда
оқу бағдарламасына кіретіндер: Францияның мемлекеттік мектебінде
оқу, Француздықтар отбасында тұру; тамақтандыру: толық пансионды,
трансфер кіреді, яғни әуежайда қарсы алу және шығарып салу, оқудың
бүкіл кезеңінде координатордың көмегі, мәдени іс шараларды
ұйымдастыру.
• ЖШС «Nuka-Travel» туристік мекемесінің басқа туристік
фирмалармен, тасымалдаушылар, қонақ үйлермен және басқа
туристік қызмет көрсету топтармен ел ішінде сонымен қатар
туристік ағын бағытталған шетелдерде үлкен қарым-қатынас
байланыстары жеке туристер үшін туристік қызметті брондау
автоматтандырылған «Амадеус» жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Туристік ассоциациясының (КТА-ның) мүшесі бола
отырып мекеме ірі шетелдік әуе компаниялардың рейстарына
әуебилеттерді брондауды және сатуды іске асырады.
• ЖШС «Nuka-Travel» туристік фирмасының қызмет
көрсетудің негізгі артықшылықтары: сапарды кешенді
ұйымдастыру, клиенттің бюджетін есепке ала отырып сапардың
тиімді маршрутын таңдау, тапсырысты қабылдау және аз уақыта
айқындау, қызметті әр түрде төлеу мүмкіндігі бар, Алматыда
және Қазақстанда орналастыруға арнайы тарифтер.
• Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға
болады, компанияда көрсетілетін қызметтін кең ассортименті
бар, ол сұраныстың өзгеруі, тұтынушылардың таңдауы өзгеру
жағдайында алдағы уақытта өзгерте алады. Компания
әрқашанда кәсіптің табысыты дамуына бағытталған жаңа
түрлерін жасау арқылы жетуді көздейді.
• Тұтынушы бағаны қол жетерлік жағынан, сонымен қатар
алынатын қызметтің және сұраныстың қанағаттануының саны
және сапасы жағынан қарайды. Соған орай ұйымдардағы
қолданатын бағаларды түрлері бойынша топтастыра келе бүгінгі
күнгі туристік нарықтағы келесідей тенденцияларды анық көруге
болады:
• мемлекеттік реттеуге байланысты бағалар еркін болып
табылады;
• жұмыс істеу уақытына байланысты тұрақты және уақытша
бағалар қолданылады;
• жаңа қызметтің деңгейіне байланысты нарыққа кіру бағасы және
психологиялық баға қолданылады;
• қызметті сату уақытына байланысты ұзақ уақытты, жұмсақ,
келісімді баға қолданылады.
• Компанияда шегерімдер кең таралған. ЖШС «Nuka-
Travel» шегерімнің жабық, маусымдық прогрессивті, арнайы
түрлерін, сонымен қатар бір туристік мекеменің келесіде
берілетін комиссиондықтары қолданылады.
• Жабық шегерімдер – сатып алушыға қосымша тегін қызмет
көрсету түрінде немесе тегін тауар ретінде беріледі.
• Маусымдық шегерімдер – сатып алушыға белсенді емес
маусымда қызмет сатып алғаны үшін беріледі.
• Прогресивті шегерімдер - сатып алушыға сатып алынған қызметтердің санымен
көлемі үшін беріледі.
• Арнайы шегерімдер – қызметтермен көп қызықтанған сатып алушыларға және
тұрақты клиенттерге беріледі.
• Тауарды өткізу жүйесі – маркетингтің негізгі саласы және мекеменің тауарды
жасау, өндіру және тұтынушыға жеткізу бойынша бүкіл кешенді қызметінің
нәтежесі.
• Бірақта тауарды өткізуді маркетингтің құрамдас бөлігі ретінде қарау керек, өнімді
таратудан бұрын тауардың дұрыс сапасын, тиімді баға бойынша және тауарды
жетілдіруге жұмыс орындалғаның тексеру керек.
• Экономикадағы өткізу жүйесінің рөлін анықтайтын бірнеше себеп бар. Солардың
бірі- керектік әрине ерекше мамандырылған өндірістік жолды сату туралы әңгіме
болғанда, онда сатушымен сатып алушы арнайы өткізу жүйесісіз-ақ жақсы жүре
береді. Бірақ әлем қазір көпшілік тауар заманында өмір сүреді, сондықтан
оларды фирмадан немесе зауаттан сатып алу ыңғайлы емес.
• Екінші себеп – бұл тұтынушының ақшасы үшін күрес. Молшылық жағдайындағы
өмір бүкіл әлемдегі жүздеген милион тұтынушыларды тауарды ыңғайлы сатып
алу – жақсы өмір сүрудің бөлінбес бөлігі деген сенімге әкеледі. Ал бұл сатып
алушы тауар тобымен жақсы танусуды; тауарды сатып алуға аз уақыт; сатып
алуға дейін, сатып алу кезінде және сатып алудан кейін де жоғары ыңғайлықты
талап ететінің білдіреді.
• Егер мекеме осыларды істей алса, онда ол сатып алушыларды өзіне қаратты
және нарықтың күресте артықшылыққа қол жеткізді. Келесі себеп – бұл өндірістік
процесті рационализациялау. Өткізу жүйесі бұл ролі туралы өткен ғасырдың
экономистері жазған болатын.
• Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау. Ұйымның бәсеке қабілеттілігі
дегеніміз – оның салынған капиталды аз уақыт кезеңін қойылған мақсаттан
төмен емес табысты әкелу қабілеттілігі немесе табыстылықты аз уақыт
кезеңінде сәйкес кәсіптік аясындағы орташа статистикалық табыспен
салыстырғанда жоғарлату. Жалпы түрде бәсеке қабілеттілік – бұл ұйымның аз
уақыт кезеңінде жұмыс істеуі.
• Келесі маңызды ұғым – ұйымның бәсекелестік потенциалы, бұл оның ұзақ
кезеңінде бәсеке қабілетін жоғарлату немесе сақтауының потенциалды
мүмкіндігі.
• Ұйымның бәсекелік потенциалын (бар бәсеке қабілеттілігін болашақта сақтау
мүмкіндігі) әртүрлі бағалауға болады. Бәсекелік потенциалды көтеретін
факторлар ретінде келесілерді көрсетуге болады:
• Жоғары нарықтық үлес;
• Нарықтық үлестің жағымды динамикасы;
• Ұқыпты жасалған және іске асырылған стратегиялар;
• Оның өнімнің тұтынушылар арасындағы фирманың жоғары рейтингі;
• Престиждің жағымды динамикасы;
• Компанияның тиімді позициаланған стратегиялық топқа жатуы;
• Қажетті қаржылық ресурстардың болуы;
• Таурдың кең номенклатурасы;
• Бағалық артықшылықтар;
• Рентабельдік, технологиялық деңгей инновациялық потенциал, қызметтердің
жоғарғы кәсіби деңгейі.
• Нарықта фирманың барлық маркетингтік табыстары бәсекелестердің осал
жерлеріне өзінің мықты жақтарын жетілдіру тұжырымдамасына негізделеді.
• Нарықтағы тікелей бәсекелестер – бұл өткен кездегі және қазіргі күнде де наықта
бірге әрекет етуші, ұқсас қызметтерді өндіруші кәсіпорындар.
ЖШС «Nuka-Travel» туристік компаниясының бәсекелестері

Компания атауы Бәсекелестік артықшылығы
р/с

1. Гүлнар Тур Нарықта кең танымал, on-line брондау жүйесі
бар

2. Максим-Тур Қызмет ассортименті көп

3. Туран-Азия Шет елдік компаниялармен тікелей жұмыс
істеуі

4. Tez Tour Нарықтағы үлесі жоғары

5. CATTOUR Сенімді нарықтық позициясы бар

6. Саяны-Тур Туристік нарықта жақсы танымал, тәжірибесі
мол
Ішкі туризм нарығындағыірі компаниялардың үлес
салмағы
ЖШС «Nuka-Travel» туристік компаниясының SWOT-талдауы

Әлсіз жақтары:
Күшті жақтары: - Ескірген өндірістік қуаттар;
- Қажеттілік қаржылық ресурстардың болуы; - Төмен табыстылық;
- Бәсекелес күресті кәсіби жүргізе алуы; - Операцияларды басқарудағы
- Өндірістік және маркетинг масштабтарын кемшіліктердің болуы;
толық пайдалану және үйрену; - Тауарды жаңартудан артта қалу (мысалы,
- Өзіндік технологиялардың бар болуы; жаңа маршруттарды жасау);
- Төменгі шығындар; - Өткізудің төмен каналдары;
- Сенімді және кәсіби менеджмент; - Бәсекелестерге қарағанда өзіндік құнның
- Тиімді өндірістік қуаттар; жоғары болуы.

Мүмкіндіктері: Қауіптері:
- қызмет ассортиментін кеңейту; -қатаң бәсекелестік орта;
- жарнаманы жақсарту арқылы нарыққа кең -турлардың аздығы;
танымал болу; -ішкі туризмнің дамымауы;
- қызмет сапасын жақсарту; -белсенді туризмдегі сұраныстың аздығы;
- белсенді туризмді дамыту; -өзіндің технологиялардың аздығы;
- ішкі турларды жетілдіру; -ресурстардың аздығы және т.б.
- сыртқы турлардың бағытын кеңейту және
т.б.
• ЖШС «Nuka-Travel» турфирмасының
ресурстарда және жақсы шеберлігінің
артықшылықтары тұтынушыларға
тауарлармен қызметтердің
бәсекелестерге қарағанда кең
ассортиментті, жоғары сапаны, ұсыну
арқылы артықшылықтарға қол жеткізеді.
Қол жеткен артықшылықтар нарыққа
мықты орын алу мүмкіндігін береді, ал
өз кезегінде ұйымның мықты жақтарын
дамытып және осал жақтарын жоюға
әсер етеді.

Ұқсас жұмыстар
ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ
Өткізу құралдары
МҰЗДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ
Мейрамхана және мейманхана бизнесінің маркетингтік ортасы
Туристік компанияның мақсаты
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Rolex компаниясының пайда болу тарихы
Менің туризм мамандығын таңдау себебім және болашақта Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қосатын үлесім
Рекреациялық туризм
Демографиялық фактор
Пәндер