Түркістан
Презентация қосу
түркістан
Мақсаты:
1.Қазақ халқының қонақжайлылығы,әлемді
баураған сүйіспеншілігі,әр түрлі
территорияларға таралған бай мәдениетімен
түрік дүниесінің ірі орталығынның құрылуы.
2.Түркістанды діни
туризм ретінде әлемнің орталығына
айналдыру. 3.Тарихи
ескерткіштерді сөйлете,сол дәуірдің мұрасын
бүкіл әлемге көрсету.
4.Аймақтық,халықаралық туризмдегі
артықшылықтарының дамуы,әлемнің туристік
бастаушы орталығындағы қалалар қатарына
қосылуы.
Ескі
Түркістан
қаласының
келбеті
Ескі Түркістан қаласы
XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі
Ахмет Иасауи кесснесінің салынуына байланысты (XIV) Иасы
қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай
ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба
деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала
бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап
бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны
қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6
гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі
ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде
археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М.Е.Массо н) бсрі
жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан
бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді.
1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың
цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында
қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен
қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы
болғандығы тарихи деректерден белгілі.
Иасы - Күлтөбе қаласы (IV- V ғ.ғ. - ХІVғ.
аралығында)
Иасы - Күлтөбе қаласы (IV- V ғ.ғ. - ХІVғ.
аралығында)
• Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жерде
орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы – Күлтөбе
Түркістан қаласы тарихының орта кезінде деп есептеледі.
Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы – Күлтөбе қаласының көне
қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр.
Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі - цитаделі
ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі - 9м. Қаланы
1981 - 1984 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы
(Е.Ә.Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған Зерттеу
нәтижесіндо қала IV - V ғасырларда қалыптасып XIV ғасырға
дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы -
Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан)
қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір
бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.
КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР ҚАЛА
Түркістан қаласының бүгінгі келісті келбетіне, сәнді
салтанатына, оның рухани бағыт-бағдары мен ізгі
дәстүрлеріне көз қуанып, көңіліңіз марқайып, тарих
тереңіне бойлауыңыз сөзсіз. Ашық аспан астындағы
көптеген ескерткіштері арқылы қаланың ауасына тұнып
тұрған халқымыздың тарихи жады санамызға сіңіп, өткен
күннің сырлы да мұнды, асқақ та айбынды шежіресіне
жетелейді.
Түркістан тарихы-тамыры терең тарих. Қала
айналасындағы аймақта табылған тас дәуірінің
ескерткіштері алғашқы адам бұл жерді 500 мың жыл
бұрын мекен еткенін көрсетіп отыр. Қала төңірегінен қола
дәуірінің қоныстары мен құрал-саймандарының көптеп
табылуы б.з.б. 2 мың жылдықтан бастап бұл аймақта
Қазақстанның басқа жерлеріндегідей "Андронов
мәдениеті" деп аталатын көшпелі-отырықшы тайпалардың
мәдениеті кең тарағанын дәлелдеп отыр.
Кейінгі дәуірлерде
Түркістан қаласы орналасқан
Сырдың орта ағысы аймағын
көне парсы деректерінде "сака"
деп атаса, ең көне жазба
ескерткіштерінің бірі "Авеста"
кітабында бұл жерлерді "тура"
тайпалары мекендегенін жазады.
Осыдан келіп, сақ , тұр
тайпалары мекендеген өлке
"Тұран" деп аталған. Түркістан
қаласының әуелгі атауы осы сақ
тайпасының атауымен
байланысты. XVII ғасырдың
белгілі тарихшысы Махмуд-ибн
Уалидің "Қазіргі Түркістан, бұл
Сакси қаласы, қара халық оны
Иасы деп атайды"-деген сөзі бұл
пікірімізді куаттайды.
Түркістан Қазақстанның ең
көне қалаларының бірі болып
табылдаы. Түркістан туралы
алғашқы мағлұматтар XV
ғасырда кездестіріледі.
Қаланың көрнекі жері
XVғасырдың соңында салынған
Ахмет Яссауи кесенесі болып
табылады. 2000 жылы
Түркістан өзінің 1500 жылдық
мерей тойын атап өтті.
«Кіші Мекке» деп аталып,
киелі қала деп құрметтелетін
Түркістанның Оңтүстік
Қазақстанның туристтік
орталығы болу мүмкіндігі бар.
Көне заманнан бері кіші Мекке деп
аталып, мұсылмандар тарапынан
қасиетті қала ретінде танылған
Түркістан қаласының туристік
орталыққа айналу үшін үлкен
мүмкіншіліктері бар.14 ғасырда
салынған Ахмет Ясауи мәдени
ескерткішіне зиярат жасайтындар
ағыны өте көп, Халық арасында
үш рет кесенеге жасалған зиярат
Меккені бір рет зиярат жасаумен
бірдей деп айтылған сөз бекер
емес. Бұл аймақ тарихи
ескерткіштерге өте бай,
олар:Арыстанбаб кесенесі,
Қарашаш ана кесенесі, Бәйдібек
ата кесенесі, Домалақ ана
кесенесі және аңыз бойынша Нұһ
кемесі табылған деген Қазығұрт
тауы. Себебі мұндағы әрбәр төбе
көне қаланың және көне
мәдениеттің сырларын сақтауда.
Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі екінші Мекке
болып саналады. Оңтүстік
Қазақстандағы 802 ескерткіштер
ішінде : 528 археология
ескерткіштері; 42 тарихи
ескерткіштер; 226- сәулет
ескерткіштері болып есептеледі.
Ең қызық археологиялық
ескерткіштер IX -XII
ғасырлардағы қараханидтер
кезеніне жатады. Бұл кезен Ұлы
Жібек Жолы өркендеп келе
жатқан кездегі әйгілі Отырар
қаласы, яғни археологиялық
қазбалар арқасында ол тарихи-
мәдени қорық болып, Отырар
жазирасына айналып, атақты
туристік обьектіге айналды.
Тарихи деректеме
Түркістан ауданы 1932 жылы
құрылған. 1973 жылы аудан құрамына
Түркістан қаласы облыстық
басшылықтағы қала болып "еншісін"
алып шықты. 1997 жылы 24 сәуірде
Түркістан ауданы Қазақстан
Республикасы Президентінің №3474
Жарлығымен таратылып, Қалалық
әкімшілік аумағында ауылдық жерді қоса
есептегенде, Түркістан қаласы болып
құрылды.
Қала аумағының жалпы жер көлемі
7,4 мың шаршы км.
Қаланың әкімшілік териториялық
құрылымы Түркістан қалалық мекенінен
және 11 ауылдық округтердегі 40
ауылдардан тұрады.
Тұрақты халық саны - 193626 адам.
Нарықтық жағдайларда Түркістан
қаласында туризмді ұйымдастыру
мүмкіншілігі артуда.Қазіргі кезде
бұл саланың дамуына белгілі
жағдайлар жасалуда.Қалада түрлі
елдердің өкілдері білім алатын
20000 студенті бар Қазақ-Түрік
Халықаралық университеті жұмыс
істейді.Бұл Қазақстанның ең
үлкен ғылыми және мәдени
орталықтарының бәрә болып
табылады. 150 орны бар және
қызметтің барлық түрін ұсынатын
Түркістан мен Яссы қонақ үйлері
қолданысқа берілді.
Қазақстанның рухани астанасына
келетін туристерге өз қызметін
ұсынатын Шымкент – Түркістан
автокөлік маршрутын анықтау
қажеттілігі тууда.
ТҮРКІСТАННЫҢ БҮГІНГІ
КЕЛБЕТІ
Онтүстік Қазақстан
облысының орталығынан 170 км
қашықтыққа орналасқан,
шығысында тарихи Отырар,
солтүстігінде-Кентау қаласы,
Созақ ауданы, батысында
Қызылорда облысының
Жаңақорған аудандарымен
шектесіп жатқан Түркістан
қаласының әкімшілік аумағы 9,4
мың шаршы шақырымға жетеді.
Қалада 200 мыңға жуық халық
тұрады, құрамына 11 ауыл
округі мен қалалық 4 шағын
аудан кіреді. Қалада 46 ұлт
өкіддері тұрады. Қала
халықаралық көлік
қатьнастарының бойына
орналасқан. Орынбор-Ташкент
теміржол магистралі өтетін
қалада жергілікті 60 км темір
жол торабы, 597 км автокөлік
жолы бар. Қаланы Шымкент-
Самара автомагистралы кесіп
өтеді.
Қорытынды:
Түркістан туризм орталығы ретіндегі рөлі
Қазақстан Республикасының президентінің жүргізген саясаты
арқасында қазіргі кезде әрбір қазақстандық әлемнің кез-келген
елімен хабарласа алады және туристік саяхаттар жасауға
мүмкіншілігі бар. Өз кезегінде кері процесс байқалуда -шетел
туристерінің Қазақстанға ағыны, әсіресе шығыс елдері Ұлы
жібек жолы мен түркі елдерінің қасиетті Қожа Ахмет Ясауи
кесенесіне назар аударуда. Түркістан қазіргі кезде туризм және
қажылық аймағына айналуда. Қала тұрғындары алдында
сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев:<<Әрбір ел, әрбір тәуелсіз
мемлекет өзінің рухани орталығын белгілеу қажет.
Қазақстанның рухани орталығы Түркістан қаласы болып
табылады, ол тек қазақстан халқының рухани орталығы емес,
сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтарының орталығы
болып табылады>>. Мемлекет басшысының бұл сөздері
қаланың болашақтағы даму стратегиясын анықтайды.
Түркістанда туризмді дамыту жолдары.
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алатын
мәселелерді шешу.
Қонақ үй мәдениетін дамыту.
Көлік базасының және онымен байланысты көлік мүмкіншілігінің болуы.
Халықаралық байланысы бар телекоммуникация торабын қалыптастыру.
Дамыған туристік шаруашылықтың болуы.
Ғылыми- техникалық және мәдени бірлестіктердің дамуы.
Туристік қасиет - ерекшеліктерін дамыту.
Халықаралық стандарт деңгейін жоғарлату және бұл тарихи қаланы
әлемдік туристік орталықтармен байланыстыру үшін қаладан 15 км
қашықтығында орналасқан аэропортына жөндеу жұмыстарын жүргізу
қажет.
Зиярат жасаушыларға Ахмет Ясауи кесенесінде намаз оқуға жағдай жасау
қажет. Бұл жағдайда зиярат жасаушылар кесенені тек мұражай немесе
сәулеттік естелік ретідезиярат жасамайды, сонымен қатар қажылық жасау
орталығы ретінде зиярат жасауы қажет. Бұл өз кезінде Орта ғасыр
шығысы маржанының тартымдылығын жоғарлатады.
Қызмет сапасын көтеру және сол арқылы өнімділік пен пайдалылықты
арттыру үшін қызметкерге жұмыс беруде сертификат жүйесін қолдану
керек.
Қазіргі кезде үлкен
ғимараттар салып ел
назарын аудара
алмаймыз,ұлт қандай
тектен
шыққан,қандастардың
ассимилияциялануы,оларды
ң сол кездегі мәдениеті
қандай деген сауал
бәріненде биік
тұр.Сондықтан біздің
мақсатымыз өткен мен
қазіргіні
танып,зерттеу,ұлттық
туризмді дамыту болып
табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz