XІ-ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі отырықшы және көшпелі мәдениет


Slide 1

УІ-ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет

Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаллары. Ұлы жібек жолы

Қазақстан жеріндегі материалдық және рухани мәдениет

Slide 2

Қазақстан қалалары

Батыс Түркістан жерінде бой көтерген қалалар;

1) Суяб,

2) Құлан,

3) Мерке,

4) Тараз,

5) Отырар,

6) Исфиджаб

Slide 3

Қазақстанның оңтүстігінде басты ірі қалалардың бірі-Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды.

X-XII ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды.

Slide 4

Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар.

Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған.

VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Отырар өмірі X-XII ғасырдан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған.

Slide 5

IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Отырар өмірі X-XII ғасырдан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған.

Slide 6

Арабтар Қазақстандағы басып алған жерлерінде көне түрік жазуын ығыстырып, оның орнына араб жазуын енгізді. Бірақ, халықтың тілі бұрынғы түрік тілі болып қалды. Ал оқымыстылар өздерінің еңбектерін араб тілінде жазды.

Slide 7

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қаланың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағаны Дизабұлға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4, 5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды.

Slide 8

Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағаны Дизабұлға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4, 5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.

Slide 9

VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші Қарахан күмбезі.

Slide 10

X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші Қарахан күмбезі.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болды.

Slide 11

Тараз қаласының төңірегінде Талас, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспар, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты.

Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-Оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.

Slide 12

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.

Slide 13

Сырдария өзенінің бойындағы ең ірі қаланың бірі - Сығанақ қаласы болатын

Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазіргі таңда ол жерде, яғни Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Slide 14

Ұлы Жібек жолы.

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді.

Slide 15

VI-X ғасырлардағы халықаралық саудада “Ұлы Жібек жолының” зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болды.

Slide 16

“Жібек жолы” Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. Тараздан “Жібек жолымен” Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.

Slide 17

Түркі халықтарының материалдық мәдениеті

Олар: балбал тастар, тас келіншектер т. б. Бұл тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Олар түркі тайпаларының ішінде қол өнерінің, әсіресе тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.

Slide 18

Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы - архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Бұлардың архитектуралық сыртқы көрінісі жинақы, қаланың орталық алаңдарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған.

Slide 19

Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын тұрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа -Хатун және Айша-Бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады.

Slide 20

Қазақстан жерінде туып-өскен философ әрі энциклоппедияшы ғалым, мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде белгілі болған Әбунасыр әл-Фараби Шығыс пен Батысқа X ғасырда мәлім болды. Ол 870 жылы түрік (қазақ) отбасында Отырар (Фараб) қаласында туды. Руы - қыпшақ, әкесі әскери басшы адам болған. Әл-Фараби қол өнері шеберлігін және ғылым негіздерін Отырардың медіресесінде игерді. Кейін Бағдат халифатының орталығы Бағдат қаласында оқуын жалғастырған ол араб тілін терең біліп үйренген.

Slide 21

Әбунасыр Бағдатқа барар жолында Шашта, Самарқандта, Исфақанда, Хамаданда және басқа қалаларда ұзақ уақыт аялдап, Бағдатта ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен бірнеше тілдерді оқып-меңгерген. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін зор ынтамен оқып-үйренеді. 941 жылдан бастап әл-Фараби ел басшылары өзіне көп қамқорлық жасаған Дамаскі мен Халеб қалаларында тұрады

Slide 22

Ол осы тұста белгілі ақындар мен ғалымдардың арасында өзінің оқымыстылығы, білімінің тереңдігімен көзге түсті. Көптеген елдерде, әр түрлі этникалық ортада бола жүріп, Әл-Фараби отанын ұмытпайды, өзінің түрік екенін үнемі айтып жүрген. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
Көшпелілік мәдениет түрі
Қала мәдениетінің дамуы
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
Көшпелілік тің дамуы, шығу тарихы
Көшпелілер өркениетін зерттеу
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Көшпелі мәдениет
ҚАРлұқ мемлекеті (756-940 жж.)
Қазақтың баспана түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz