Ұйымдастыру формасы




Презентация қосу
Ұйымдастыру формасы
Оқыту технологиясы өзіне өзара байланысты екі
процестен -оқушының қызметін ұйымдастыру
мен оқытушының осы қызметті бақылаунан
тұратын оқыту процесін баскаруды көздейді.
Оқыту технологиясында оқутыдың мазмуңы
максаттардың, жоспарлардың және пәнің
бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның
басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі тағы
басқалары анықталады. Сонан соң оқу әдістері
мен тәсілдері тандалады, танымдық қызметті
атқаруға әкелетін , оны бейнелеудің қуралдары
мен формалары анықталады.
Оқыту технологиясының негізгі белгілері.
1.Осы замандылық - оқыту бағдарламасын жаңартуға ,яғни ғылым жетистіктері мен оны
педагогикалық практикада пайдалану арасындағы алшақтықты жүйелі түрде азайтуға
тұрақты ұмтылыс жасау.
2. Оңтайлылық- оқу-тәрбие мақсаттарына бір мезгілде уақытты үнемдеу және оқытудың жоғары
сапасы сияқты шарттарды ескере отырып , студенттер мен оқутышының мнмкіндігінше аз
күш жұмсау арқылы қол жеткізуге ұмтылыс.
3. Интеграциалық-оқу -тәрбие процесін жетілдіруге ықпал ететін, бірлесіп қызмет жасаитын әр
түрлі пәндердін жетістіктерін біріктіру .Педагогикамен тек дәстурлі байланыстағы пәндерд-
психология, әлеуметтану, физиология ғана емес, сондай-ақ информатика ,статистика,
экономика,басқару теориясы,эргономика және басқа ғылыми, техниқалык,ұймдастырушылық
, қоғамдық және мәдени инновацияның зор әлуетін жинақтаған.
4. Ғылымилық-оқыту процесіндегі оқытудың белгілі бір мазмұнын ,әдістері мен құралдарын
және ұйымдастыру шешімдерін паидалунудың тиімділігін зертеу.
5.Процестер мен нәтижелердің қайталамдылығы- оқу процесінің осы жағдайларында белгілі
бір жетістіктерді алдын ала болжауға ұмтылыс.
6.Оқытушы мен студентердің қызметерін бағдарламалау,яғни оқыту процесін тиянақты
ұйымдастыру, ол оқу процесін жобалаудың манызың айқын көрсетеді, онсыз технологиясы
туралы сөз етугеде болмас еді.
7. Оқу құралдары мен материалдарын зертеу- бұл қазіргі дидактиканы сипаттайтын, сондай-ақ
жұмыс әдістері мен құралдарын ұдайы техникалық жағынан жетілдіру туралы қагиданы
жүзеге асыруға мүмкіндік жасаитын вербализмді жоққа шығару.
8. Материалдық оқу ортасынтиімдіұйымдастыру ғылыми зертеулерге, дидактиканың
эргономикалық жетістектеріне және жетекші оқу орталықтарының практикалық мұраларын
пайдануға негізделген.Жоғарғы оқу орнын қазіргі жағдайда лайық ететін оның материалдық
базасы ғана емес, сонымен қатар аталған құралдардын көмегімен жүзеге
асырылатынпедагогикалық идеяларға да зор маңыз қажет .
9.Оқыту нәтижелерін сапалы бағалау оқыту технологиясының алдыңғы белгілермен тығыз
байланысты , ал оның мақсаты- оқу тәрбие процесінің сапалы ,жоғары тиімділігі
жету.Іргелендіру мен прагматикалықтың жүйелі сабақтастығы білім берудің жаңа моделін
құруға алып келеді.
Оқыту технологиясының өзіндік ерекшіліктері жоғару оқу орындарында игерілетін білім
қызметіндегі өзгерістер болып табылады.Оқышыны өз бетінше білім алуға жетелейтін
тұлғаның даму құралы ретінде қарастырылады.Білім берудің мазмұнына дайын білімдердің
белгілі бір жүйесі , сонымен қатар айналадағы ортаны зерттеу процестерін және олардың
арасындағы өзара байланысты іздестіру де кіруі керек.
Егер оқытудың дәстурлік жүйесінде оқулық , яғни мәтін білім берудін негізгі құралы болып
есептелсе ,бұл құрал оқутуға компьютерлик оқулықтар түріндегі компьютерлер ,
тренажерлар , оқу және бақылау бағдарламаларын енгізген жағдайда да қала береді және
студенттердің өздері жинақтаған,жаңа білімдердің пайда болуына ықпал етеді.Бүл білім
ақпараттық алаңдар - кәдімгідей ақпарат беру тәсілмен өзгерішіленетін, ғылыми
анықтамалық ақпараттар түрінде берүлі мумкін.Олар түпнусқа кесте ,графиктер
видеокөріністер,түрінде болуы мүмкін, яғни білім санадан кейбір көрнекі бейне түрінде
компьютердің экранына ,технологияның бір түрі ретінде , орындауды "экрандық" формасы
пайда болады.
Дидактикалық міндеттерді қою мыналарды қарастырады:
- оқыту мақсатарын талдау және оны оқу пәні мазмүның негізінде анықтау;
- оқу пәні мазмұнын жүйелендіру және оны оқу элементтерің жинақтаған модуль түрінде ұсыну;
- оқу элементтерін игеру деңгейн белгілеу;
- студенттерді даярлаудың бастапқы және олардың оқу материалдын меңгеруін сипаттайтын
деңгейлерін анықтау.
Оқыту технологиясы білім беруді ізгілендіру принципін практикада қолдануды жүзеге асыру
тетігі болып табылады,өйткені оқыту оқытушылардың студенттермен өзара белсенді әрекет
процесі ретінде қарастылады, оңын мақсаты студентерді тұлға және кәсіпқой ретінде
даярлау.Сабақ беруге , оқуға және білім беру мазмұнына дидактикалық өзара әрекетсіз
жүйені құру мүмкін емес.
Оқу процесінде оқыту технологиясына қолдану , бір жағынан , оқу- тәрбие жұмысын
женілдетеді, екінші жағынан, өз тенологиясын жасау жолымен алға басу білім беру жүйесінің
ғылыми-техникалық прогрестен кейін қалуын жоюға көмектеседі.
Қазіргі оқыту технологиясына қатысты әдістер мен тәсілдердін ережелерін меңгеру үшін
олармен байланысты прцестерді терең түсініп, оларды өздерінің педагогиқалық
практикасында қолдану қажет ,ал ол үшін уақыт , табандылық және күнделікті тәжірибе
керек.
Оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық әдістері.
Оқыту мақсаттарын ұйымдастыру мен жүзеге асырудын
дидактиқалық әдістері.
Педагогикалық прцестің мәні қай жерде өтсе де оқытушы мен
оқушының бірлескен қызметінен тұрады және ол оқытушы
тарапынан оқушыға берілетін көмекке саяды. Оқытушы
түсіндіреді, есіне салады , кеңес береді, мадақтайды,
ынтыландырады, қызықтырады,дәлелдейді және талап етеді.
Білім беру - адамның жүйленген білімді ,дағдыны және білікті
меңгеру , ақыл-ойы мен сезімін дамыту, дүниеге көзқарасын
және танымдық үрдістерін қалыптастырупроцестері және
нәтижесі.Білім берудің жалпы мақсаты -бітіруші бойында кәсіби
және тұлғалық сапаларды жоғары қалыптастыру, бұл оқу орны
жұмысының соңғы нәтижесі болып табылады.Жоғарғы оқу
орнының міндеті - тұлғаны белгілі бір уақыт ішінде кезең-
кезеңмен қалыптастыру үшін жалпы мақсаттарды шағын
мақсатарға бөлу
Оқыту технологиясында жүйе құрушы элемент мақсатар болып
табылады ,бұлар мемлекетік және әлеуметтік тапсырыстарға,
білім беру стандарттарына, белгілі бір қызмет саласының
жоғары білімді маманға деген қажет ін анықтау мақсатындағы
маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне байланысты болады.

Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру
Кәсіби оқу орнында оқытуды ұйымдастыру формалары
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Форма түсінігі
Информатиканы оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Оқу процесін ұйымдастыру формалары
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттерібойынша топтастыру
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Биологияны оқыту формалары жүйесіне сипаттама
Пәндер