Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы




Презентация қосу
Ұлыбритания мен
Қазақстан арасындағы
сауда айналымы.
2005 жылы Қазақстан мен
Ұлыбритания арасындағы сауда
айналымы 40 пайызға артты
Алматыда «Қазақстанның
болашағына инвестициялар» атты
халықаралық конференция
басталды. Ұлыбритания үшін
Қазақстан стратегиялық серіктес
болып табылады. Біз жан-жақты
қарым-қатынастарды тереңдете
түсуге мүдделіміз. Бұл туралы
шілденің 5-і күні Алматыда ашылған
«Қазақстанның болашағына
инвестициялар» атты халықаралық
конференцияда Ұлыбританияның
Инвестиция және сауда мәселелері
жөніндегі арнаулы өкілі жоғары
мәртебелі Йорк Герцогы мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы
инвестициялары көлемі бойынша екінші орында тұрған
Ұлыбритания қарым-қатынастарды тек шикізат өндіруде емес,
білім беру, ақпараттық технология салаларында да арттыруға
мүдделі.
Жақында ғана тәуелсіздік алған Қазақстан әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы секілді
болашаққа үлкен жоспарлар құрып отыр. Әрі оны орындауға
елде барлық мүмкіндіктер бар екенін жеткізген Ұлыбритания
өкілі мемлекеттің инновацияның қозғаушы күші болып
табылатын шағын және орта кәсіпкерлікке аса жоғары
деңгейде көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған
Қазақстанның Индустрия және сауда министрі Владимир
Школьник 2005 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания
арасындағы сауда айналымы 40 пайызға артып, 700 млн.
долларды құрағанын айтты. Министрдің айтуынша, жақында
уран өндіру бойынша әлемде біріші орынға шыққалы отырған
Қазақстан инвесторлардың қызығушылығына ие болды.
Қазақстан Ұлыбританияда: Сауда және
Инвестициялар.

1992 жылы
дипломатиялық
қатынастарды орнатқан
сәттен бастап, Қазақстан
Республикасы мен
Ұлыбритания арасындағы
экономикалық
байланыстар күн өткен
сайын нығайып келеді.
Екі жақты сауданың және инвестициялық
ағындардың тез өсуі экономикалық қайта құрулар,
халықаралық саудаға ашық болуы және
инвестициялық және саяси тұрақтылығы
көзқарасы тұрғысынан Қазақстанның аймақтық
жетекші ретіндегі орнын көрсетеді. Қазақстан
мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы
2003 жылғы 395 млн. АҚШ долларынан 2008
жылы 2,5 млрд. АҚШ долл. дейін тұрақты өсіп
отырды. Қазақстанның табиғи ресурстарының
байлығын ескере келе, Қазақстан экспортының
басты құраушысы – минералдық ресурстар,
феррохром, болат, мыс, шикізат, тыңайтқыштар,
бағалы және жартылай бағалы металдар.
Біздің елдеріміздің арасындағы
гүлденген экономикалық
қатынастар өсу үстіндегі
әріптестікпен сипатталған –
британдық инвесторлардың
қатысуымен 128 қазақстандық
компания Қазақстанда
тіркелген, олардың 57-сі
бірлескен кәсіпорындар және
71-і, британдық
компаниялардың өкілдік
офистері болып табылады.
Ұлыбританияның жетекші
мұнайгаз корпорацияларында,
сондай-ақ Ұлыбританияның
кейбір ірі мердігерлерінде
Қазақстанға деген күшті
инвестициялық қызығушылық
бар. Мұнай кен орындарына
қызмет көрсету және мұнайды
жеткізу жөніндегі көптеген
шағын компаниялар ішкі
нарықта, әдетте қазақстандық
компаниялармен әріптестікте,
бекіді.
Қазақстанның британдық экономикаға
инвестицияларының жалпы сомасы 1993-
2008 ж. кезең ішінде 5.4 млрд. АҚШ долл.
құрады (Қазақстаннан тікелей
инвестициялар еншілес және кіріккен
кәсіпорындарға қойылатын талаптар мен
олардың алдындағы міндеттемелердің
арасындағы айырма ретінде (нетто)
анықталады). Қазақстандық ондаған
компания 2005 жылдан бері 10 миллиард
"Павлодар облысы мен Ұлыбритания
арасындағы сауда саттық айналымы мардымсыз,
сондықтан болашақта Қазақстан экономикасының
диверсификациясы барысында аймақтар
арасындағы қарым қатынастарды дамыту
мүмкіндігінің ұлғаятынына сенеміз ", - деп атап
өтті Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі
миссиясының жетекшісі.
П. Браммелл айтқанындай, бүгінгі кезде
Қазақстанда 150 аса Ұлыбритания компаниясы
белсенді жұмыс істеуде. Оның 80 - 90%
көмірсутегін шығару және өңдеу саласымен
айналысуда. Ал басқа салалар бойынша қарым
қатынастар онша дамымаған.
Ұлыбритания Павлодар кәсіпорындары мен
ынтымақтастықтан мүдделі – елші
Павлодар. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -
Ұлыбританияның іскерлер тобы Павлодар
кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатуға
мүдделілік танытып отыр. Бұл туралы бүгін
Ұлыбританияның Біріккен Корольдігі мен
Солтүстік Ирландияның төтенше және өкілетті
елшісі Пол Браммелл Павлодар облысындағы
ресми сапары кезінде аймақ басшысы Қайрат
Нұрпейісовпен өткен бас қосуда мәлімдеді, деп
хабарлайды агенттік тілшісі.
"Ұлыбританияның көпшілік фирмалары
Қазақстанның Атырау, Ақтау, Ақтөбе батыс
аймақтарында мұнай газ секторында шоғырланған
болса, Алматыда қаржы және заңгерлік
компаниялар жұмыс істеуде ", - деді елші.
Павлодар облысының кәсіпкерлік және
өндірістік департаментінің мәліметтері бойынша
былтырғы жылы аймақтың Ұлыбританиямен
арада жасаған сыртқы сауда айналымы $6,4 млн
құрады. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштерден 1,8
есеге артық. Экспорт көлемі $1,7 млн жетсе,
импорт - $4,7 млн құрады.
Орындағандар

Набиева Н
Медетбаева Қ
Мұхамбеткалиева Д

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТЫ
Үндістан өнеркәсібі
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін
Қазіргі кезде АҚШ
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Қазақстан Республикасының экспорт және импорт жағдайы туралы
Халқаралық қатынастар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Пәндер