Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныс пен сұраныстың икемділігі




Презентация қосу
Тақырыбы:
Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныс
пен сұраныстың икемділігі
Ұсыныс дегеніміз не?

Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа
тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен
қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар
әсер етеді. Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға
деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын,
рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық
сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі.
Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де,
ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол
жаққа (төмендегенде) ығыстырылады

Правильно Неправильно
Ұсыныс заңы
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс
көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері
қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін
арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін
төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – нарықтағы баға, S
– ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі
Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура
байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі
жоғары бағытталған

Неправильн
Правильно о
Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең
басты фактор осы қарастырып
отырған тауардың бағасы ьолып
табылады. Баға өзгерген уақытта
ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады.
Осы байланысты табу үшін
ұсыныстың бағалық икемділігі деген
көрсеткішті қолданамыз.
E ( S )Q – баға 1 % - ке өзгерген
уақытта, ұсыныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсететін
шама.
Ұсыныс икемділігін
қарастырғанда уақытты 3 кезеңге
бөлеміз:
дәл қазіргі кезең;
қысқа кезең;
ұзақ мерзімді кезең.
Правильно Неправиль
но
Сұраныс
Нарықты жағдайларды зерттеген кезде,
сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде
өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік
коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік
емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан,
сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі
отырған сұраныс функциясының факторы 1
процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай
мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік
коэффициенті пайдаланылады. Олар
мыналар:
1. Бағалық икемділік коэффициенті;
2. Табыстық икемділік коэффициенті;
3. Қиылысқан икемділік коэффициенті .

Правильно Неправиль
но
Сұраныстың бағалық икемділігі

Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Е ) заттың
бағасы 1 процентке өзгерсе, онда сол затқа деген
сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы
өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ
сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігі шамасы теріс сан
болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға
деген сұраныс төмендегідей 5 түрге бөлінеді.
икемді;
икемсіз;
икемділігі бірге тең;
өте икемді;
өте икемсіз.
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу пройентінен
көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім
көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныстың табыстық икемділігі

Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ ) ( Е) тұтынушы
табысының көлемі 1 процентке өзгерген уақытта
қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық
икемділік коэффициенті Е – оң сан, теріс сан және нольге
тең болады. Егер табыс өскен уақытқа затқа деген
сұраныс та өсетін болса, онда Е 0. Бұндай тауарларды
кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ – дің мәні Е 0
болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады,
себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып
отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисындық
икемділігі

Микроэкономикада тауарлар бірін – бірі
ауыстыратын және толықтыратын
болғандықтан, бір тауардың бағасының
өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің
өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты
анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан
икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз.
қорытынды
Бағаны тұрақтандыруда бағаға әсер ететін
сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына мән берілуі
қажет. Әр түрлі тауарлардың бір бірінен
сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне
жауап беру деңгейімен ерекшеленеді.
Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе
сатып алушылардың сатушыларға төлейтін
ақшасының жалпы сомасы болып табылады.
Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық
уақытта бағаны сатылған тауардың санына
көбейткенге Р х О тең.
Нарықтағы сұраныс көлемінің баға
төмендегенде қандай мөлшерде өсетіндігі
немесе баға өскенде кемитіндігі бағаға
байланысты сұраныстың икемділігінің
дәрежесін сипаттайды.

Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс пен сұраныс
Сұраныстың қисығы
Ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Нарықтың субъектілері
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Сұраныс икемділігінің түрлері
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі
Сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтары
Пәндер