Диалектика және оның негіздері
Презентация қосу
С.Ж. Асфендияроф атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті
Кафедра: әлеуметтану, саясаттану, философия, тарих және
мәдениеттану
СӨЖ
Тақырыбы: Диалектика және оның негіздері
Орындаған: Ахметова Ж.А.
Курс: 2
Факултеті: қ.д.с.
Тобы: 07-02
Қабылдаған: Турсунбаева С.Ж.
Алматы-2010
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Диалектиканың заңдары мен
категориялары туралы түсініктің
қалыптасуы.
Қарама – қарсы бірлігі мен күрес заңы.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің
өзара ауысу заңы
Диалектика теориясының мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау
әңгіме жұргізу өнері. Яғни, Диалектика - табиғаттың,
қоғамның және ойлаудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Диалектикалық материализм - марксистік
философияның негізі, ғылыми философиялық дүниетаным.
Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр.
Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас
өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды
табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте,
қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын
философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен
дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған
ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа
алатын ойлау тәсілі де болып табылады
Негізгі бөлім
• Диалектика - әмбебап байланыстар мен
даму туралы ілім. Даму заңдарын танып- білу
адамзат өркениетінің талаптарына сай табиғат
пен қоғамды өзгертуге мүмкіндік береді.
• Философия тарихында диалектиканың үш
негізгі тарихи формасы болды: антик
заманыңдағы тұрпайы диалектика, идеалистік
диалектика, материалистік диалектика.
Идеалистік диалектиканың асқар шыны – Гегель
диалектикасы болды. Гегель диалектиканың
негізгі заңдары мен категорияларын
қалыптастырып, оларды бір жүйеге келтірді.
Диалектика өз мүмкіндіктерін материализммен
байланысу арқылы толық жүзеге асыра алды.
Диалектиканың принциптері: жалпыға ортақ
байланыс приципі, даму принцип т.б.
Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары
дамудын белгілі бір қырын сипаттайды.
Диалектиканың үш негізгі заңы: қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы-
диалектиканың өзегі болып табылады, бұл заң
дамудын көзін көрсетеді; сандық және сапалық
өзгерістердің өзара ауысу заңы- дамудын
механизмін, ал терістеуді терістеу заңы – дамудың
бағытын көрсетеді.Негізгі емес заңдар негізгі
заңдарды толықтыра түседі.
Диалектиканың заңдары мен категориялары
туралы түсініктің қалыптасуы.
Көне грек философиясында диалектиканың алғашқы
стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты.
Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат
мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама
– қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни
айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен қарсыласты
жеңуді диалектика деп ұғынды.
Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен
жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д.
Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза
сияқты ойшылдар үлес қосты.
Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс класикалық
философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның
аса көрнекті өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге
деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама
– қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің
қосқан үлесі мол болды. 6
Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі
абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік
қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат,
адам болмысы түрінде нақты көрініс табады.
Маркс пен Энгельс Гегельдік диалектиканың “мәнді
дәнін”, - даму идеясын ғана сақтап қала отырып, нақты,
шынайы материалдық және рухани дүниенің біртұтас
даму диалектикасын қалыптастырды. Диалектиканың ең
жалпы заңдары объективті дүниеге де, рухани салаға,
адам ақыл – ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі
мәнді байланыстарды қамтиды.
Сонымен диалектика дүниені үнемі өзгерісте,
қозғалыста, дамуда қарастырады дедік. Шынында да,
қоршаған ортада қозғалыстан тысқары тұрған,
байланыстан шет қалған ештеңе жоқ екеніне алдыңғы
тарауларда көз жеткізген болатынбыз.
Қарама – қарсы бірлігі мен күрес заңы.
Диалектикаға қарама – қарсы қалыптасқан
даму концепциясы, танымдық және ойлау тәсілі
ретінде метафизикаға көне Грецияда
Элаттардың мектебінде пайда болды.
Диалектикаға қарама – қарсы даму
концепциясы және ойлау тәсілі есебінде
метафизиканың негізгі белгілері мыналар:
біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда
объект бөлшектердің механикалық жай
қосындысы ретінде қаралады.
XX ғасырдың басында орыс философы В. И.
Ленин “Философиялық дәптерлер” деген
конспектілерінде диалектика мен метафизиканы
дамудың екі түрлі концепциясы әрі философиялық
ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы әрі
философиялық ойлау жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде
салыстырмалы түрде қарастыра отырып, мынандай
тұжырымға келген болатын. Диалектика
“өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың, дамудың өздігінен
іске асуын түсіндіре біледі.
Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары
дамудың және өзіндік дамудың жеке жақтарын ашып
көрсетеді. Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы,
мазмұн мен түр, себеп пен салдар, мүмкіндік пен
шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық арасындағы
диалектикалық өзара байланыстар жатады.
Мөлшерлік және сапалық
өзгерістердің өзара ауысу заңы
Жаңа дәуірдегі категориялар туралы диалектикалық
түсінікті идеалистік негізде ұсынған Гегель болды.
Оның пікірінше, болмыс пен ойлау тепе – тең және осы
тепе теңдіктегі негізгі қорғаушы күш – ойлау.
Маркс пен Энгельс өздеріне дейінгі философия
тарихындағы категориялар туралы ілімдерді сын
көзімен тұжырымдай отырып, олар жайында дәйекті
диалектикалық – материалистік ілім жасады. Олар
адам ойлауының сезімдік – практикалық тегін ашты.
Сөйтіп диалектика – сыртқы дүние мен рухани жан
дүниенің байланыстары мен даму заңдылықтары
туралы теориялық білімдер жүйесі, дүниеге шынайы,
нақты көзқарастың түп негізі, ой - өріс әдісі
Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі
өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа
ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым
нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы
математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б.
ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А.
Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя,
қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық
құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми
теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде
үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория
жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері
болып табылады.
Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама,
бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп,
жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады.
Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін,
негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі
емес заңдары тығыз байланысты.
Диалектика теориясының
мәселелері
Диалектиканың тарихи типтері
Көне Үнді
философияс Көне Қытай
ы философиясын
ндағы
диалектика дағы
диалектика.
Классикалық неміс XХ ғ. Көне Грек
философиясы мен диалектиканың философиясындағы
марксизмдегі негізгі диалектиканың
диалектика варианттары. формалары.
Диалектика теориясы бойынша
қазіргі кездегі зерттеулер
Диалектикан Диалектикан Диалектикан
ың ың ың
механикалық органикалық гармоникал
модельдерін модельдерін ық
сынау. сынау. модельдерін
сынау
Қорытынды
• Диалектиканың заңдары және
категориялар жүйесі қоғамдық
практиканың, мәдениеттің, ғылымның және
техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі
жетілдіріліп, дамытылып, байтылып
отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық
революция жетістіктеріне және тарихтың
қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына
байланысты диалектиканың теориясын
жасау мен негіздеу, оның заңдары мен
категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру –
күн тәртібіндегі мәселе.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000.
2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.
3. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия.
оқулық. Алматы. 2000.
4. Т. Ғабитов. Философия. Алматы- 2008.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz