Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар отряды — Hemiptera
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жартылай қаттықанаттылар немесе
қандалалар отряды — Hemiptera
Орындаған: Жақсыбаева У. эко105
Тексерген: Омарова Ж.
Алдыңғы қанаттары жартылай қатты, жартылай (ұшы жағына қарай)
жарғақ. Артқы қанаттары мөлдiр, жарғақ. Ауыз аппараты шаншып-
соратын тұмсыққа айналған. Тұмсығы 3—4 бунақты, тыныштық
қалыпта дененiң бауыр жағына қарай бүгiлiп орналасқан. Шала
түрленiп дамиды. Топырақта, өсiмдiктерде мекендейтiн түрлерiнен
басқа, суға көшкен түрлерi де бар (су құршаяны — Nepa).
Кейбiреулерi омыртқалы жануарлардьң және адамның паразиттерi
(мысалы, төсек қандаласы — Cimex lectularius). 40000-нан астам түрi
бар. Көптеген түрлерi ауыл шаруашылық дақылдарының қауiптi
зиянкестерi. Негiзгi тұқымдастары: Notonectidae, Corixidae, Nepidae,
Pentatomidae, Scutelleridae, Miridae, Cimicidae.
Су қандалалары - Notonectidae, ұзындығы 7,5—18 мм. Денесiнiң үстi
томпайған, асты тегiс, артқы аяғы жүзгіш, ескек тәрiздi. 200 түрi бар.
Тұщы, ал кейбiр жағдайларда тұзды суларда тiршiлiк етедi.
Жыртқыштар, насекомдарға, балық шабақтарына, ит балықтарға
шабуылдайды. Кейбiр түрлерi балық шаруашылығына зиянды.
Notonecta glauca — су қандалаларының iшiнде ең көп тараған.
Қазақстанньң барлық өзендерi мен көлдерiнде кездеседi, тек
солтүстiк аймақтарда жоқ. Денесi жұмыр қайық тәрізді, суда үнемi
аяғын жоғары көтерiп, шалқасынан жүзедi (1-сурет).
Ескекшiлер — Corixidae, ұзындығы 1,5—1,6 мм. Алдыңғы аяғы күрек
тәрiздi, артқы аяғы жүзгiш. 600 түрi бар. Өзен, көлдер мен уақытша су
қоймаларда кездеседi. Жақсы жүзiп, ұшады. Балдырлармен, ұсақ
жәндiктермен қоректенедi.
Жартылай қаттықанаттылар (Hemiptera)
А - сушалқақ немесе су қандаласы (Notonecta glauca)
Б — төсек қандаласы (Cimex lectularius)
В — қалқаншалы бақашық қандаласы (Eurygaster integriceps)
Су сарышаяны — Nepidae, 200-ге дейiн түрi бар, ұзындығы 15—50
мм, денесiнiң соңында тыныс алу түтiгi бар. Алдыңғы аяғы ұстағыш.
Өсiмдiкке бай су қоймаларда, кейде баяу ағатын өзендерде тiршiлiк
етедi. Нашар жүзедi. Ұсақ су жануарларын аулайды, жыртқыштар,
сондай-ақ шабақтарды жеп, тоған балық шаруашылығына зиян
келтіредi.
Қалқаншалылар — Pentatomidae, ұзындығы 2—40 мм, сопақша
денелi, қалқаншасы құрсағының 2/3 бөлiгiн жауып тұрады. Өсiмдiк
жегiштер және жыртқыштар. Ауыл шаруашылық дақылдарының
зиянкестерi — Eurydema, Aelia туыстары.
Қалқаншалы бақашықтар — Scutelleridae, ұзындығы 10—13 мм,
сопақша денелi, қалқаншасы құрсқтың үстiн түгелдей жапқан.
Барлық түрлерi де дәндi дақылдарға аса зиянды.
Қазақстанда, Орта Азияда кең таралған бақашық қандала —
Eurygaster integriceps (1-сурет).
Паразит қандалалар — Cimicidae, ұзындығы 4,8—8,4 мм, денесi
жалпақ жұмыртқа тәрiздi, адамның және жылы қанды жануарлардың
сыртқы паразиттерi. Құстардың ұяларында кемiрушiлердiң iндерiнде,
табиғатта үңгiрлерде де тiршiлiк етедi. Адамның қанын сорып,
мазасыздандыратын паразит - үй қандаласы (Cimex lectularius) және
С.hemipterus қызыл-қоңыр түстi, қанаттары жойылған, күндiз
жасырынып, түнде адамға шабуыл жасайды. Тәулiгiне 12— 15
жұмыртқа салып, 4—7 күнде личинкаға айналады.
Hemiptera
НАСЕКОМДАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМIРIНДЕГI
ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Насекомдардың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы мен ролi орасан зор.
Бұлардың түрiнiң көптілiгi соншалық, кез келген жануарлардың түрлерiнен асып түседi.
Арнайы жүргiзiлген санақ көрсеткiшi бойынша, жер бетiнде, төменгi есеппен алғанда
108 млрд. насекомдар түрлерi тiршiлiк етедi, сонымен қатар, көптеген түрлердiң есепсiз
мөлшерде көбеюге бейiмділігі және әр түрлi биологиялық процестерге белсендi түрде
қатысуы, оларды күштi биологиялық факторға айналдырады. Насекомдардың пайдалы
және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымыздың субьективтi екендiгiн естен
шығармау қажет. Кейде адам өз әрекетiмен тарихи қалыптасқан биологиялық
топтардың тепе-теңдiгiн бұза отырып, кейбiр насекомдардың өте үлкен қарқынмен күрт
көбеюiн тудырады, ал осы құбылыстар апатты зардапқа әкеледi.
Табитатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлері болмайды, болған емес те. Зиянды
насекомдар бір жағдайда зиянды болып, ал екiншi жағдайда үлкен пайдасын да
тигiзедi. Мысалы, үй қара шыбыны (Мusca domestica), це-це шыбыны (Glossina
morsitans), Аnopheles туыстас масалар, Тabanus туыстас соналар тағы басқалары
бiрқатар ауруларды жұктырушылар, ал олардың өздерiн және личинкаларын басқа
жануарлар қорек етедi, яғни олар табиғаттағы қоректiк тiзбектiң бір буыны.
Соңғы кезде мал шаруашылығында шыбындардың личинкаларын жемдiк белок ретiнде
пайдаланып жүр, бұл биотехнологияның жетiстiктерiнiң бiрi.
Насекомдардың табиғаттағы маңызды әрекетi ең алдымен гүлдi өсімдіктерді
тозаңдандыру. Белгiлi гүл топтарын арнайы насекомдар тозаңдандырады. Мысалы,
Жаңа Зеландияда өте жақсы өнiм беретiн жоңышқа өсiмдiгi бар, ол жаққа бұрын
болмаған арнайы жоңышқаны тозаңдандыратын түктi аралар түрiн әкелiнгенге дейiн
олар мүлде тұқым шығармаған.
Гүлдi өсiмдiктердiң шамамен 30%-тi насекомдар арқылы тозаңданады, солардың iшiнде
жарғаққанаттылардың (аралардың) қосқанаттылардың және қабыршаққанатылардың
маңызы үлкен.
Топырақ өңдеуде де насекомдардың тигізетiн пайдасы өте жоғары әсiресе аяққұйрықтылар -
Collembola қосқұйықтылар
Diplura, протура немесе мұртсыздар — Protura, термиттер — Isoptera отрядының өкiлдерi.
Бұл насекомдар, басқа да топырақта өмір сүретiн насекомдар мен солардың личинкалары
сияқты, өзiне үңгi жол жасау арқылы топырақты қопсытады. Осының нәтижесінде топырақ
арасына ауа кiрiп, топырақ ылғалданып, қара шiрiкпен байытылады. Соңғысы өсiмдiк пен
жануарлардың қалдықтарының ыдырауынан пайда болады, осыларды ыдырататын да
насекомдар мен микроорганизмдер. Насекомдардың жәрдемiсiз, мысалы, жерге түскен
қылқанжапырақты өсiмдiктердiң де жапырақтарының шiруі мүмкiн емес.
Насекомдардың топырақ жағдайының көрсеткiшi ретiнде маңызы зор. Олар топырақ түзу
процесiнің тiкелей өзгерiсiне өзiнiң шапшаң реакциясымен экологиялық мониторингтің
перспективтi объектісі болып саналады.
Насекомдардың табиғаттағы санитарлық маңызы да зор. Олар өлекселердi шiрiген
заттарды, қиды ыдыратып, табиғат тазалығын сақтауға әжептәуiр үлес қосады.
Насекомдар — әрбiр биологиялық бiрлестiктің қажеттi мүшесі, тiрi организмдердiң қоректiк
тiзбегiндегi негiзгi буыны, өйткенi оларды басқа жануарлар қорек ретiнде пайдаланады,
әсiресе құстар мен сүтқоректiлер.
Насекомдардың беретiн өнiмдерi де адам үшін маңызы зор. Бұларға ең алдымен бал арасы
(Apis mellifera) және тұт жiбек көбелегi (Bombyx mori) жатады. Бұларды адам баласы ерте
замандардан асырап, өсiрiп келедi. Бал арасы бал берумен қатар, балауыз сияқты
техникалық құнды затты, ара сүтiн, ара уын бередi. Тұт жiбек көбелектiң жұлдызқұрттары
қуыршақтануы үшiн жiбек жiбiн шығарып, (ұзындығы 1500 метрге дейiн) сонымен денесiн
орап, пiллә түзедi. Осыған байланысты олар ара мен жiбек өсіру шаруашылығының негiзi
болып келедi.
Насекомдар дәрiлiк заттарды — кантаридин (шпанка қоңызы), апитоксин (бал ара), бояулар-
кармин (қалқаншалар — Соссiпеа отряд тармагыныц өкiлдерi, әсiресе мексика кошенилi,
танин (жарғаққанаттылардың жаңғақшалар — Супiрiдае тұқымдасы), лак және балауыз
(қалқашалар — Соссiпеа отряд тармағының өкiлдерi) бередi.
Әр түрлi шаншарлар
(Hymenoptera отряды):
А — афелинустың (Aphelinus
mali) қан битiн залалдауы;
Б — трихограмма
(Trichogramma
evanescens)көбелектiң
жұмыртқасын залалдауы;
В — талесса (Thalessa
lunator)ағаш зиянкесi-
мүйіз құйрықтының
личинкасын залалдауы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz