ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті
Презентация қосу
ХХ
ХХ ғасырдағы
ғасырдағы
қазақ
қазақ мәдениеті
мәдениеті
ХХ ғасырдағы қазақ
мәдениеті.
• Қазақтың ХХ ғасыр мәдениеті Абайдан басталған қазақ
мадениетіндегі тың сарым ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай
жалғасты.Қазақ мадениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен
қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жане демократикалық
прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір
тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге
ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын
қамтыған революциялық жане реформалық қозғалыстар да әсерін
тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс
революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-
бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны
таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді.
Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына
панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады.
Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге
жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен
араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қзақтардың арасында ортақ
мәдени негіз тым аз еді.
Өзіне тусықан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени
қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан
басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан
алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов
қазақ халқының манифесі-“Оян, қазақ!” өлеңін жариялады.
Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған үран
тастады:”Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір
ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды
жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық
назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр,
сонда да алды ашық.Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы
тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз
азып-тозып кетер”. Міржақып саяси мәселелермен қоса өз
шығармасында қазақ мәдениетін тұықтан шығаратын
жолдар іздейді.Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін
М.Дулатов бодандықтан көреді.
Қазақ мәдениетінде идея
– жанның мәңгілігі.
• Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі.
Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы
Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету
мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір
махмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем
адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің
кепілі – Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару,
түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден
мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл
дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. “Жан, -
дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған
денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола
жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар
жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп
барлықтың ішінде бар болып жүреді.” (Үш анық. - Әлем, 39-
бет).
1971 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті осы
мәселені тікелей қойды. Автономияны қазақтарға ауадай қажет
екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назар
аударды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917
жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық
құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” париясының
бағдарламасы жарияланды. Бағдарлманың кейбір бөліктерінен үзінді
келтірейік:
1. Россия демократиялық Федеративтік Республика болу керек, оның
құрамындағы әрбәр мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтарды құралған автономия Россия
Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Россия Респулбликасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа,
ұжымда еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең праволы...
қазақтардың өзіндік муфтийлігі болу керек...
5. Билік сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті,
би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алуы – барлығының отақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім
алу – тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғарғы оқу
орныдары, университеттері болу керек.
Бұл бағдарлама 5-12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде
құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің
негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман
Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл
мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол
тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды.
Кейін тоталитарлық жүйе оларға “контрреволюцияшыл - ұлтшылдар”
деп жала жапқан.
Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының
(Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу
мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. ХХ ғасырдың ең сұмдық
қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз
халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына
орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси нақ
осындай сүргінге әкелген жоқ. ХХ ғасырдағы екі социалистік
эксперимент (фашистік, ұлттық-социализм және комунизм) 100
миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени
эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика
Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы
жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл,
әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи
ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн.
Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп
бағаласақ, онда тоталитарлық жүйе де ұлттық негіздерді
жойып жіберуге бағытталған большевиктік шараларды
ескеру керек. “Тағдыры ортақ жаңа қауым”, “тарихта
бұрын болмаған адамдардың жоғарғы бірлестігі – кеңес
халқы”, сондай-ақ, “мазмұны пролетарлық және түрі
ұлттық социалистік мәдениет” ұрандарын басшылыққа
алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің
тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты
Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе,
революционер, марксистер мәдениеттегі ұлттық
мазмұнды бекерге шығарды.
Қорытып айтқанда, большевиктік “мәдени революция” Жер
шарының 1/6 бөлігінде “кеңес адам” атты, бұрын-соңды
болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға
бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен
суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден
мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер
қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик
Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғсаырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара
бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі
жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия
саясатын түсіну үшін елге “көзі ашық”, сауатты азаматтар керек
еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа
білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық
республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік
университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару
жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен “жергілікті ұлт
өкілдеріне” мұқтаж еді. Олрады даярлау Ресейдің орталық
аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт
өкілдерінің еуроаплық мәдениет және білімге қолдары жетті.
ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба
әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға
жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,
Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-
жазушылар, социалистік реализм мен тап үкресі
идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында
халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер
суреттей білді.
Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге
ьағыттылған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ
эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған “Қыз Жібек”,
“Айман – Шолапн”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ер тарғын”,
“Қалқаман – Мамыр” сияқты опера, көркем фильм, балеттерді
атап өтуге болады.
Тарихи ескерткіштерді қорғау,сақтау, Қазақстан тарихиын
көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар
ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай,
оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи мемориалдық, 4 әдеби-
мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс
істеді.
Әдебиеттер тізімі
А.К.Акышев «Қазақстан тарихы»
Алматы;1994 жылы
Х.Маданов « Қазақ мәдениетінің тарихы»
Алматы;1998 жылы
Х.Маданов« Қазақ халқының арғы-бергі
тарихы»
Алматы;1995 жылы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz