ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Презентация қосу
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ

Шакирова Қ.С.
Бейсембаева А.К.
Жер салығы
• меншікке салынатын салықтардың
ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы
жағынан ерекшесі. Жер салығы жер
иеленушілер мен жер пайдаланушылар
төлейтін тікелей, оның ішінде нақты
салықтардың қатарына жатады. Ол
жергілікті бюджеттің бекітілген
салықтарының бірі. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде жер
салығы көбінесе дербес салық ретінде
қарастырылмайды, тек жер құны
(баланстық құны) мүлікке салынатын
салықтың жалпы сомасына енеді.
Мақсаты
• экономикалық әдістермен жерді
ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету
және жерді сақтау, құнарлылығын
арттыру, аумақтардың әлеуметтік-
мәдени дамуы үшін қажетті шараларды
жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін
табыстарды құрау.
Жер салығы бойынша есеп
Есептеу тәртібі
Төлем сомасы жергілікті атқарушы органдармен жасалған уақытша
төленетін жерпайдалану келісім-шарты негізінде есептеледі.
Жыл сайынғы төлем сомасы жергілікті атқарушы органмен құрылған
есептерде көрсетіледі.
Төлем сомасының есептері келісім-шарт шарттары, сонымен қатар
Салық кодексімен бекітілген жер салығын есептеу тәртібі өзгерген кезде
жергілікті атқарушы органмен қайта қарастырылады.
Салық кезеңінде төлеуге жататын төлем мөлшері есепте көрсетілген
төлем ставкасы мен жер учаскесін пайдалану кезеңіндегі есептеулер
арқылы анықталады.
Төлем мөлшері Салық кодексіне сәйкес сол жер учаскесі бойынша
есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен кем емес шамада
бекітіледі.
Төлем және салықтық есеп беру тәртібі

• Салықтық есеп жер учаскесінің орналасқан жері бойынша
салық органынан есептік салық мерзімінің 20 ақпанына
дейін беріледі (Ағымдық төлем сомасының есебі 851.01
қосымшасымен ,851.00 формасы бойынша жасалады).
• Уақытша төленетін пайдалану жері туралы келісім-шарт
бекіткен тұлғалар салық кезеңі басталған соң, ағымдық
төлем сомасы есебін келісім-шарт жасалған күннен бастап
келесі айдың 20 күніне дейін ұсынады.
• Алғашқы салық кезеңінде ағымдық төлем сомасының
есебімен бір уақытта жергілікті атқарушы органмен
бекітілген уақытша төленетін жерпайдалану туралы
келісім-шарттың нотаруиспен заңдалған көшірмесі
ұсынылады.
• Келесі кезеңдерде нотариуспен заңдалған келісім-шарт
көшірмесі тек төлем сомасы немесе келісім-шарт
шарттары өзгерген жағдайда ұсынылады.
• Уақытша жерпайдалану туралы келісім-шарттың әрекет
ету мерзімі аяқталғанда немесе жергілікті атқарушы орган
келісім-шартты бұзған жағдайда салық кезеңі басталған
соң ағымдық төлемдер сомасының есебі келісім-шарттың
әрекет ету мерзімінің соңғы күнінен бастап 10 күнтізбелік
күн ішінде ұсынылады.
• Төлем төлеушілері ағымдық төлем сомасын бюджетке тең
үлестерімен ағымдағы жылғы 20 ақпан, 20 мамыр, 20
тамыз бен 20 қарашаға дейін төлейді.
• Мемлекет уақытша төленетін жер пайдалануға жер
учаскесін ұсынған жағдайда төлем мерзімі бекітілген соң
бюджетке төленетін алғашқы мерзім келесі (кезекті) төлем
мерзімі болып табылады.
• Мемлекет уақытша төленуге жататын жерпайдалануға жер
учаскесін соңғы төлем уақытынан кейін берген жағдайда
бюджетке төлеу мерзімі жер учаскесін ұсынғаннан бастап
келесі айдың 20 жұлдызы болып табылады.
• Уақытша төленетін жерпайдалануға жасалған келісім-
шарттың мерзімі біткенде немесе төлем сомасының
салықтық кезеңінен кейін келісім-шарт бұзылса қалған
мерзім үшін бюджетке төлеуге жататын төлем сомасы
келісім-шарт әрекетінің тоқтаған күнінен бастап он бес
күн ішінде төленеді.
• Төлем сомасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша
бюджетке төленеді.

Ұқсас жұмыстар
Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар классификациясы, Алмагеске қосымша кітабы
Қазақ Ұлттық Университетінің құрылу тарихы
Екінші ұстаздың шығармашылығы
Қазақ ұлттық университеті
Алматы қаласындағы ең қымбат және ең арзан оқу орындары
Баспасөздегі жарнама
Психология ғылымының тың серпілістері
Әбу Насыр әл-Фараби
Ұлы ғалымның еңбектері
Қазақстан республикасының халық жазушысы
Пәндер