Шарттар мен мәмілер түрлері




Презентация қосу
Шарттар мен мәмілер
түрлері
Мәміле ұғымы.
Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда
болу көзіне заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет
жағдайын көрсетеді.
Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды
фактілер болып табылады. Қазақстан Республикасынын
Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 147-ші бабына сәйкес
азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры
мен міндеттерін белгілеуге , өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттерді анықтайды.
Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін
бірнеше керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді.
Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша
жіктеледі. Яғни әрекет пен оқиғаға бөлу субъектілер
еркіне байланысты болады.
Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет:
«өзімен бірге заңды нәтижелер әкелетін адамның сыртқы
еркін жеткізу».
Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне
бағытталуы заңды әрекеттерге қайшы келеді, яғни
субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің болуына
қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді.
Мәмілелер үшін субъектілердің еріктерімен әрекет
қабілеттері болуы керек , бұл туралы төменде толығырақ
айтыла кетеді.
Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз
болып. Заңды – яғни орындалатын мәмілелердін барлығы
заңдардағы талаптар мен құқық қағидасына сәйкес келуі
керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі әрекеттер
жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат
жасау, шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы
басқалары. Мәміле, заңсыз әрекеттерге қарағанда , яғни
азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бұзатын, ол
заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы
талаптарға сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп
соғады (ҚР АК-нің 157-162баптарына сәйкес) және заңды
нәтижелер болмайды.
Мәмілелерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының актілерінен айыруымызға тиістіміз. Мемелекеттік
органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық
құқықтары мен міндеттерінің пайда боуының негізі болып саналады
(ҚР АК-нің 7-ші бабы). Бірақ Азаматтық кодекстегі мәмілелер туралы
ереже оларға жатпайды. өйткені, берілген органдардың актілері
императивтік мінезді, ал құқықтық қатынас субъектілері тең құқылы
болмайды, мұндай жағдай ҚР АК-нің 1-ші бабында бекітілген
азаматтық заңның негізіне қайшы келеді.
Жоғарыда айтылып кеткеннен басқа ҚР АК-нің 147-ші бабында
көрсетілген мәмілелер- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық
құқықтары мен міндеттемелерін белгілеугі, өзгертуге немесе
тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Басқа да азаматтық құқықтары мен
міндеттемелерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға, құқық саласы
мен құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған ерікті актілерден
мәмілені ҚР АК-нің 147-ші бабында белгіленген мәселелер
анықтайды. Мысалы, жұмысқа тұру туралы өтініш тұлғаның ерікті
актісі болып саналады, яғни ол «Еңбек туралы» Заңмен реттелетін
құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған.
Мәміленің заңды фактілерден айырмашылығының негізгі белгілеріне
осылар жатады.
Мәміле заңды фактілердің бірі, дәлірек айтсақ ол- заңды, ерікті, саналы және
анықталған құқықтық мақсатқа жетуге бағытталған заңды әрекет. Мысалы,
сатып алу-сату мәмілесінде сатып алушы затты өз меншігіне түсіруге
тырысады.
Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін , ол мәміле заңдағы барлық
талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда болады:
жалпы және арнайы. Арнайы талап- азаматтық-құқықтық мәмілелердің
анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тектік немесе
түрлік жағына қарамастан мәмілеге таратылады. Осындай төрт талаптарды
айыра білуіміз керек:
1). мәміленің субъектілік құрамын;
2). ортақ еркін және еркін білдіруді талап ету;
3). мәміленің мазмұндылығын талап ету;
4). мәміле формасын талап ету.
Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды.
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны тек құқық және әрекет қабілеттілігі бар
тұлғалар жасай алады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ҚР АК-нің 13-ші
бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық
азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс болған соң
тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілеттілігінің бірдей бағамында барлық
азаматтар бола бермейді. Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда, өзінің
әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін қабілеттілігене
байланысты болады.
Барлық мәмілелерге тән олардың ортақ белгілері- ерік пен ерік
білдірудің қатар жүруі, әрекеттің заңдылығы және тағы
басқалары .Бұл белгілері оларды бірнеше түрлерге бөлуіне
әкеледі:
1). Мәмілеге қатысушылар санына байланысты біржақты,
екіжақты, көпжақты болуы мүмкін;
2). Мәміледегі бір тараптың анықталған әрекетті іске асыруы
екінші жақтың материалды немесе басқа да игіліктеріне
сәйкес келуімен байланысты, мәмілелер ақысыз және ақылы
болып бөлінеді;
3). Мәмілелердің пайда болуынан бастап, олар реалды және
консенсуалды болып бөлінеді;
4). Мәміленің ақиқаттық дәрежесіне , мақсатына байланысты
олар себепті және абстракты болады;
5). Мәміленің орындалуы қандай да бір заңды нәтижелердің
туындауына байланысты, бұл нәтижелердің болуы немесе
болмауы мүмкін, осыған байланысты шартты мәмілелерді
бөліп қарастырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 148-бабында
мәміленің негізгі шек қоюлары бекітілген. Олардың біржақты,
екіжақты және көпжақты болып бөлінуіне әкеліп соғады. Біржақты
деп мәміле тараптарының біреуі ғана ерік білдіруі жеткілікті
мәмілелерді айтамыз. Типтік үлгі- сенімхат (ҚР АК –нің 167-бабы),
бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші
адамға (сенім білдірген) берген жазба уәкілдігі. Біржақты мәміледе
бірнеше тұлғалар өз еріктерін білдіре алады және бұл еріктер бір
кезде білдірілуі мүмкін. Мысалы, үйді сату үшін сенімхат, бірнеше
тұлғалармен берілуі мүмкін, яғни үй бірнеше тұлғаның атында болса,
ол үйді сатқан кезде барлық тұлға сенімхат жазады. Осындай
жағдайда меншік тұлғалары мәміледе бір тарап болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі біржақты мәміленің
мәніне байланысты әдейі реттеуге құқылы. Мұндай мәмілелер түрі
азаматтық айналымда көрінеді және кәсіпкерлік қызмет барысындағы
қатынастарда айқан көзге түседі. ҚР АК –нің 149-бабына сәйкес
біржақты мәміленің құқықтық мәні біржақты мәміле жасаған
адамдарға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында
белгіленген не сол адамдарман келісім болған реттерде ғана міндеттер
жүктей алады.
Біржақты мәмілелермен салыстырғанда екі жақты мәмілені жүзеге асыру
үшін екі тарптың да келісілген еріктері білдірілуі керек, ал көп жақты
мәмілелер үшін үш немесе одан да көп тараптың ерік білдірулері
қажет. Бірақта екіжақты мәмлелерде бірнеше тұлғалар бір тарап
ретінде қатыса алады. Мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасаған
кезде сатып алушы болып, бірнеші тұлғалар бір тарап ретінде шыға
алады, ал сатушы болып тағыда сол сияқты бірнеше тұлғалар бір
тарап ретінде қатысуларына құқылары бар. Мұндай жағдайда екі
тараптың да еріктері келсілген болуы керек. Еріктердің өзара келісуі,
біріншіден, субъектілердің еріктері өзара қызығушылықты
қанағаттандыруы үшін жүргізіледі (мысалы, тұрғылықты жерді жалға
алу), және екіншіден еріктердің өзара келісілгендері көрініс табады
(сатып алу- сату шартын жасасқанды бағамен жеткізу жағдайының
келісушілігі) /2; 72/.
Егер екі жақты мәміледе көп тұлғалар бір тарап атынан еріктерін
білдірсе, ал көп жақты мәміледе тұлғалардың көпшілігі, өзінің жеке
еріктерін білдіріп және әр тұлға өз алдында бір тарап болып келеді.
Мысалы үшін құрылтай келісім шартын алуға болады. Егер бұл
құрылтай келісім-шарты ауылшаруашылық білімді (концервтерді,
ассоциацияларды, ауылшаруашылық серіктестіктерді және тағы
басқаларын) орнықтыруға арналған боса.
Екі жақты және көп жақты мәмілелер келісім-шарттар дап
аталады. Азаматтық құқықтық мәмілелердің аз тараған
түрі келісім- шарттар болып табылады. Бұл келісім-
шарттар кәсіпкерлердің арасындағы, кәсіпкерлермен оның
тауарларының арасындағы тұтынушылардың арасында
экономикалық байланысты тудырады. Сондай-ақ, келісім-
шарттар азаматтық қатынастағы негізгі орынды алып
жатыр. Міндеттеме мүліктік азаматтық құқықтық
қатынасты білдіреді. Осы жағдайда міндеттемеге сәйкес
бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің)
пайдасына мүлік беру жұмысын орындау, ақша төлеу және
тағы басқалары сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға , не
белгілі бір әрекет жасамауға міндетті, ал несие беруші
борышкерден өз міндеттерінің орындалуын талап етуге
құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды
қабылдауға міндетті (ҚР АК –нің 268-бабы). Келісім-
шарттар міндеттемеге заңды күш береді. Келісім- шарттар
борышкердін несие беру үшін қандай әрекеттер жасауы
керек екендігін анықтайды.
Мәміленің келесі бөлу әдісі ақылы болып саналады. Ақылы
мәміле бұл- бір тарап айқындалған әрекетті жүзеге
асыруға , сәйкесінше екінші тарап материалды немесе басқа
да жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақысыз
мәмілелерде екінші тарап бірінші тарапты сәйкесінше
қанағаттандыруы болмайды. Ақылы мәмілеге тек қана екі
жақты мәміле жатады. Мысалы, сатып алу- сату мәмілесін
орындаған кезде. Бір жақты мәмілелер әрқашанда ақысыз
болып келеді. Мысалы үшін аукцион немесе конкурстық
сату ретіндегі хабарламалар, осы әдіске жатады. Мүлікті
меншікке тапсыру, уақытша қолдану, ақылы және ақысыз
мәміле екендігі, міндет ету және сақтау туралы барлық
ақылы мәмілелер тараптардың өзара келісімдерімен
жасалады. Ақылы мәміле деп мынаны түсінеміз ақша
аудару, заттарды беру, қарама-қарсы сәйкесінше
жағдайларды қамтамасыз ету, жұмсты орындау, т.б.
«Ақылы мәміле ақшаны, заттарды тапсырғанда, сәйкесінше
жағдайларды көрсеткенде, жұмыстарды орындағанда және
тағы басқаларын жүзеге асыруда орын алады»
Шарт екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп
отыру мақсатында жасалатын құжаттың түрі. Шарт
мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың арасында,
сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер
шарт жеке адам мен мекеме арасында жасалса, онда
шарттың мұндай түрін еңбек келісімі дейді.
Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам
арасында жасалатын шарт.
Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін
жасауға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік
қажеттілікке байланысты сол мекеменің адамымен де
келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер өзінің
негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін
жұмыстарды істеуге тиісті.
Шарттың мазмұндары әртүрлі болып келеді. Шарттар
бірнеше (2-4) данада жасалады да, жауапты адамдар
қолдарын қояды, мөр басылады.
Текстің әр бөлімі, арап сандарымен нөмірленуі керек. Шарттың реквизиттері:
Құжаттың түрінің аты /ШАРТ/,
датасы,
индекс,
жасалған жері,
текстің тақырыбы,
текст,
текстің кіріспе бөлімі, шарт жасайтын екі жақтың аттары, қызметтері, аты-
жөні, фамилиялары, (тапсырыс беруші, орындаушы):
шарттың мазмұны,
шарт жөнінде туған даудың шешілуі тәртібі,
шарттың жалпы ақысы,
шарттың орындалу мерзімі,
екі жақтың заңды мекен-жайлары
қолдары мен мөрлері,
еңбек келісімінің реквизиттерінің құрамы-тура шарттың реквизиттеріндей,
құжатың аты /ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ/.
Жиі шарт жасайтын немесе еңбек келісімін жасайтын мекемелерге алдын-ала
шарттардың үлгіқалпын жасап қойған ыңғайлы.
Еңбек келісімі
Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа
тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.
Еңбек шарты заңымен рәмізделген екі жақтың (әжетте “әдетте
жұмыс беруші” және “жұмысшы” деп аталады), нақты бір
міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып
табылады.
Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың
белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяандалыды.
Басқа кез-келген секілді еңбек келісімінде де өзіндік құрылымы мен
мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісім жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған
келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері,
жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағадайда жасалады. Келісім жасауға
ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы
арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардын тұрады:
құжат аты;
келісімнің жасалған орны;
екі жақтың толық және шартты атауы;
жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация
дәрежесі;
келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс ;
келісім түрі (шектеулі мерзімге мен әлде ұзақ уақытқа ма ;
келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім шарт) ;
сынау мерзімі;
жұмысшының міндеттері;
еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттері
көрсете отырып жазылған жұмыс міндеттері;
жұмысшының еңбек құнын қорғауға қосымша кепілдік беретін
мағұлмат;
еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен төлеу тәртібі туралы мәлімет;
демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
келісім бойынша жасалатын басақа да жағадайла мен шарттар;
келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім
бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін);
келісім тоқтатылатын жағдай атлып көрсетіледі;
екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері;
екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
шартқа қол қойылған күн;
келісім қосымшасы (егер бар болса) ;
Шарт түрі
Шарт
07.01.02. №26
Қарағанды
№30 Кәсіптік-техникалық училище атынан училище директоры Р.Д. Арыстанов, училище жөніндегі ережелердің
негізінде әрекет етуші, бұдан әрі “Училище” деп аталатын бір жақтан және “Техника” кооперативі атынан
кооператив төрағасы Р.С. Қасымов кооператив Жарғысы негізінде әрекет етуші, бұдан әрі “Техника” деп
аталатын, екінші жақтан төмендегі мына іс-әрекеттер туралы шартқа отырды:
“Училище” компьютер кабинетіндегі 17 компьютер машинасын бақылап, кезінде жөндеуден өткізуді талап етеді.
“Техника” “Училищенің” 17 компьютер машинасын уақытында тексерістен өткізіп тұруға міндеттенеді.
“Техника” “Училищенің” шақыруынсыз аптасына бір рет келіп, компьютерлердің жұмысын тексеріп тұрады.
“Техника” орында жөндеуге келмейтін компьютерлерді өз шеберханасына алып кетіп жөнлеуге міндеттенеді.
“Училище” жыл бойы 17 компьютер үшін айына 15000 теңге ақыны “Техниканың” есеп-айыру счетіне аударып
тұруға міндеттенеді.
Шарттың мерзімі 2002 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленеді.
Мекемелердің заңды мекен-жайлары:
“Училище” – 483021 Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 35 үй, №3
КТУ телефон 45-85-64, есеп-айыру счеті 484779 өндіріс
құрылыс банкісінде.
“Техника” – 483635 Алматы қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 38 үй,
кооператив “Техника” есеп-айыру счеті 485936 халық
банкісінде.
Училище директоры Р.Д. Арыстанов
Техника төрағасы Р.С. Қасымов

Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы. Неке
Отбасы құқығы
МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ
Бастапқы және шекті шарттардың негізгі түрлері
Шарт жасасу кезеңдері
Еңбек ұжымының келісімдері
Шарт жасасу және оның түрлері туралы
ТЕҢІЗ ҰҢҒЫЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құқық нысанының мазмұны
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Пәндер