Шәді Жәңгірұлы (1865-1931): діни қиссалар мен кітаби поэзиядағы орны және шығармашылығы


Slide 1

Шәді Жәңгірұлы (1865-1931)

Slide 2

Түркістан уалятында дүниеге келген. Бұхарда оқыған. Арап, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Ауыз әдебиеті, шығыс мәдениетін терең меңгерген ғұлама ақын. Ағартушылық идеясына шығыстың гуманистік әдебиеті, мұсылман діні философиясы арқылы келіп жеткен ақынның бірі- Шәді. Шәді дастандарын оқып отыпғанда сюжет, ой, өрнегі жөнінен көне түрік әдебиетіне, шығыс әдебиетіне барып сабақтасып жатқанын аңғарасың. Қазақ әдебиетіндегі бұл да бір арна, бұл да өзгеше бір бағыт дерлік үлкен сала.

Slide 3

Ақын үлкенді-кішілі он сегіз дастан, поэма, хисса-хикаят, бір сыпыра өлеі-жыр жазып бастырған. Профессор Бисенбай Кенжебаевтің айтуына қарағанда, ақынның қаламынан туған жүз мыңдай жыр жолдарының жетпіс бес мыңдайы жарық көрген. Ақын Шәді өмірі мен шығармашылығы жөнінде әр кез Әбділда Тәжібаев, зерттеуші Нәмет Келімбетов пікір айтты.

Slide 4

Ұлықмандай дүниеде мың жыл жүрсең,

Жәшидтей лауазымың дәурен сүрсең.

Арасту Апылатындай дана болып,

Айтысипастан жер жүзінің ғалымын білсең.

Исадай Мәхсі-Лапас болса демің

Көр қазып жері астына көмгендерден?

Аспанға підаң ұшып, қошқар түсіп,

Смағұл Забиула болса денің.

Slide 5

Шығыс хикаяларының жемісіне құрылығыс, қиссалар жазып, кезінде нәзира дәстүрін ұстанған бір топ ақындар қазақ әдебиеті тарихында “кітаби ақындар” деп аталып кеткені мәлім. Солардың ішінде діни қиссаларды ең көп жазған ақын Шәді Жәңгірұлы.

Slide 6

Шәді ақынның Ташкенттегі Ғ. Х. Ғарифжанов баспасынан әр жылдары жарық көрген “Хайбар”( 1910), ”Назыи Сыяр Шариф” (1917), ”Қарынның жер жұтқан оқиғасы”(1917), ”Қина Бәлгән Бағұр”, т. б. қиссалары ислам сенімінің негіздерін түсіндіруге арналған.

Slide 7

Жалпы алғанда діни қиссада Алладан басқа ешбір Құдай жоқтығын, Алланың барлық пайғамбарлары мен періштелерінің өнегелі өмірі, пайғамбарымыз Мұхамедтің адамзат баласы алдында атқарған ізгі істері зор шабытпен жырланған.

Slide 8

Діни қиссада имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлық-зомбылық жасамауға, жетім-жесірге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа т. б. Ізгі қасиеттерге үндейді.


Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгіров (1855-1933): өмірі мен шығармашылығы
Діни-ағартушы ақын-жазушылар: негізгі сипаттамасы мен Шәді Жәңгіров пен Нұржан Наушабаевтың шығармашылығы
Жұбан Молдағалиев: өмірі, шығармашылығы және ұлттық-азаматтық поэзиядағы орны
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931): өмірі мен шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): өмірбаяны, шығармашылығы және педагогикалық еңбектері
Мұқағали Мақатаев (1931-1976): өмірі мен шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі (1889-1931)
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931): өмірі, шығармашылығы және фольклорлық мұрасы
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931): өмірі, шығармашылығы және фольклорлық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz