Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы


Slide 1 Slide 2

1) Білімділік: оқушыларға ақын өмірі, шығармашылығын терең ұғына білуге, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету;

2) Дамытушылық: сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, талдаулар жасай білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3) Тәрбиелік: оқушыларға өз ұлтын, елін, жерін, отбасын сүюге тәрбиелеу.

Slide 3

М. Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақтың қара өлеңінің құдіреті.

Ф. Оңғарсынова

Slide 4

Ақын 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келді.

Мұқағалидың шын аты-Мұқаметқали. Кезінде жеңгелері, ауыл әйелдері пайғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен екен.

Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа адамы еді. 1941 жылы желтоқсанда майданға аттанып, содан оралмады.

Шешесі Нағиман да қарапайым, мейірімді жан болған.

Өмірдегі құдай қосқан сүйген жары - Лашын.

Мұқағали ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда дүниеден өткен.

Slide 5

Мұқағалидың тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылы жариялана бастаған. «Сарыжайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыма» өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Шығармалары:«Армысыңдар, достарым», «Шуағым менің», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмірдастан», «Өмір-өзен», «Бәсіре», т. б.

Slide 6

Қайырлы түн!

Жер - Анам,

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін дін аман,

Тәтті ұйқыда дамылда.

Орманың да шуламасын,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да,

Күңіренбесін, жыламасын.

Slide 7

«Ел тілегі-бейбітшілік»,

«Біз бейбітшілікті сүйеміз»

деген тақырыпқа шағын ойтолғау жазу.

Қажетті тірек сөздер: Отан, ана, тыныштық, тәуелсіз ел, жер, Елбасы, бейбітшілік.

Slide 8

Авторы - М. Мақатаев (1931-1976) . Қазақтың ақиық ақыны. Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. “Бәсіре”, “Соғады жүрек”, “Қош бол махаббат” т. б. жинақтарының авторы.

Тақырыбы: Тіл өнері, өлең - жыр құдіреті. Тақырып - автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.

Жанр түрі - поэзия (өлең) . Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Идеясы - халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару. Идея - тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.

Шумақ саны -

Тармақ саны -

Бунақ саны -

Ұйқас түрі -

Әдеби теориялық ұғымдар: Эпитет-сұмдық сыр, жат жер, қара көз. Метафора-Құдіретім, дәл өзіңдей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Негізгі түйін, тәрбиелік мәні. Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді. Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге үйретіп, патриоттық сезімді оятады.

Slide 9

1. Мұқағали қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2. «Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы.

3. Ақынның поэмаларын атаңыз.

4. Мұқағалидың жары.

5. 2011 жылы ақынның қандай тойы тойланды?

6. Ақынның қандай өлеңдер жинағы жарық көрді?

7. Неше жасында қайтыс болды?

Slide 10

Ақын өлеңдеріне жазылған әндер

«Сарыжайлау»

“Дариға, домбырамды

берші маған”

«Сәлемдеме»

«Сен бе едің?»

«Сәби болғым

келеді»

“Қарасаздың шыбығын

жел тербеген”

Slide 11

Лирик ақын

Қара өлеңнің шебері

Патриот ақын

Аудармашы

Сыршыл ақын

Қайталанбас ақын

Slide 12

«Ел тілегі-бейбітшілік» тақырыбында эссе жазу, ақын өлеңдерін жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Мұқағалидің өлеңі
Мұқағали Мақатаев
М. Мақатаев - Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали)
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық
Наурыз-думан
Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер
Таудан мен жаратылғам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz