Абай Құнанбаев 1845-1904 туралы


Slide 1

Бір дегеніміз-

Екі дегеніміз-

Үш дегеніміз-

Төрт дегеніміз-

Бес дегеніміз-

Алты дегеніміз-

Жеті дегеніміз-

Сегіз дегеніміз-

Тоғыз дегеніміз-

Он дегеніміз-

Бірлігі кеткен ел жаман.

Егесіп өткен ер жаман

Үш бұтақты шідерден шошынған

ат жаман.

Төсектен безген жас жаман.

Белсеніп шапқан жау жаман.

Асқынып кеткен дерт жаман.

Жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

Серпілмеген қайғы жаман.

Торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпеген жаман.

Оңалмас кәрілікке дауа болмас.

Slide 2

Ағын судың өлгені-

Асқар таудың өлгені-

Ай мен күннің өлгені-

Қара жердің өлгені-

Ажал деген атқан оқ,

Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Алты ай қыста қатқаны

Еңкейіп барып батқаны

Басын бұлттың жапқаны

Қар астында жатқаны

Жақсының аты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді

Slide 3

Абай Құнанбаев

1845-1904

”Қансонарда бүркітші шығады аңға”

Slide 4

А

Б

А

Й

ақылды

байсалды

адал

иманды

Slide 5 Slide 6

Қансонар- жаңа жауған қардың үстіндегі қардың ізі. қардың ел жатқанша жауып тоқтаған түнінде болады. Бұнда түлкі көбірек кездеседі.

Slide 7

Қансонарда бүркітші шығады аңға. “Бүркітші” сөзіне синоним теріп жазыңдар.

Slide 8

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Slide 9

Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Slide 10

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Slide 11

Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Slide 12

Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда.

Slide 13

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.

Slide 14

Көре тұра қалады қашқан түлкі,

Құтылмасын білген соң құр қашқанға.

Slide 15

Аузын ашып, қоқақтап тісін қайрап,

Ол да талас қылады шыбын жанға.

Slide 16

Қызық көрер көңілді болса аңшылар, Шабар жерін қарамас жығылғанға.

Slide 17

Сегіз найза қолында көз аудармай, Батыр да аял қылмай ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ышқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда.

Slide 18

Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға. Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға.

Slide 19

Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Slide 20

Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

Slide 21

“Үйірімен үш тоғыз”, деп жымыңдап, Жасы үлкені жанына байлағанда.

Slide 22

Сілке киіп тымақты, насыбайды, Бір атасың көңілің жайланғанда.

Slide 23

Таудан жиде тергендей ала берсең, Бір жасайсың құмарың әр қанғанда. Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, Аң болады кеңесің құс салғанда. . .

Slide 24

Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, Көлеңкесі түседі көкейіңе Әр сөзін бір ойланып, салмақтасаң.

Slide 25

Мұны оқыса, жігіттері аңшы оқысын, Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң.

Slide 26

Жұмбақ Балапанын шырқауына түнеткен, Қанатын қомдап, ұшарда сілкініп, дүр-дүр еткен. Осы қай құс, балалар, Барлығынан түрі өктем?

Slide 27

Мақал-мәтелдер: 1. Бала бүркіт парлап ұшады, Баба бүркіт барлап ұшады. 2. Бүркіттің алғанынан, салғаны қызық. 3. Ат шаппайды, бап шабады.

Slide 28

Келте сонар-қар түнімен жауып, таң атар алдында ғана тоқтаса, түлкінің ізі қысқа жортуылды ғана көрсетеді.

Slide 29

Ұзақ сонар-қар кеше күндіз жауып тоқтаған болса, түні бойы жортқан түлкінің ізі, ұзақ шиыр боп кетеді. Ол ізбен түлкіні табу қиын.

Slide 30

Аң аулап келген соң бүркітті тұғырға шынжырлап отырғызады. Тұғыр-бүркіт қонып отыратын арнаулы ағаш.

Slide 31

Томаға-қалыпқа салып, былғарыдан өрнектеп тіккен бүркіттің басына кигізіп қоятын зат.

Slide 32

Қанжыға-ердің екі жағында болатын бөктеріншек (заты, нәрсесі) байлайтын қайыс (мәтінде “жанында”) деп берілген.

Slide 33

Қыран құс-алғыр, көк түбіт, күшті (6 жастағы бүркіт) Жасына қарай былай аталады:бала бүркіт-бір жастағы бүркіт, тірнек-(қай түбіт) - екі жастағы бүркіт, жас түлек-төрт жастағы бүркіт, барқын-он жастағы бүркіт, баршын он бір жастағы, шөгел кәрі бүркіт. Бүркіттің тегі:Садақсан, шоқпарсан, құмшегір (қаншегір) бүркіт.

Slide 34

Қазақта “Нар бастатқан тоғыз”, ”Ат бастатқан тоғыз”, ”Ішік бастатқан тоғыз” деген сыйлық атаулары болған, олар сыйға, жүлдеге, айыпқа берілетін сыйлықтар. Өлең мәтініндегі “Үйірімен үш тоғыз”- аңшылар олжалы бола берсін деген тілек.

Slide 35

“Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып нұр төге бермек. ”

Slide 36

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын таныта-мыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Н. Ә. Назарбаев


Ұқсас жұмыстар
Мүшел есебі
Абайдың табиғат лирикасы жайлы
Абай "Табиғат туралы өлеңдер"
Абайдың шығармалары
Отыз бірінші қара сөзін тыңдау
Абай қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны
Қазіргі Абайтану және Әуезов мұрасы
Талантты балалары
Қазақтың классик жазушысы
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz