Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірі, шығармашылығы және Исатай Тайманұлы көтерілісіндегі рөлі


Slide 1

Махамбет Өтемісұлы

( 1803 - 1846 )

Slide 2

Өмірі

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. - 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) - қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан

Slide 3

Батыр

Аруақты ер

Қолбасшы

Күйші

Ақын

Slide 4

Өлеңдерінің тақырыбы

Ел Халық жайы Өзі туралы Замана Адам Ерлік

Slide 5

Дауылпаз жырдың тарланы - Махамбет.

Махамбеттің Исатай Тайманұлына арнап жазылған өлеңдері:

“Исатай деген ағам бар”

“ Мінгені Исатайдың ақтабаны-ай”

“Есіл ер”

“Тайманның ұлы Исатай”

“Мінкен ер”

“Исатай сөзі”

“Тарланым”

Slide 6

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ

Slide 7 Slide 8

МАХАМБЕТ КҮЙЛЕРІ

Slide 9

МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР ЖЕБЕСІ - ДОМБЫРА

Күйлері:

“Жұмыр - Қылыш”

“Қайран нарын”

“Жауға шапқан”

“Исатайдың ақтабаны -ай”

“Қиыл қырғыны” және “Жайық ақсу”

“Өкініш”

“Шілтелі терезе”

“Жорық күйі”

Slide 10

Өзі туралы жазған өлеңдері

Махамбет екі сөзінің бірінде “Меннен” ажырамады. “Менің атым Махамбет!”, “Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын”, “Мен, мен едім, мен едім”, “Мен құстан туған құмаймын”, “Мен кескекті ердің сойымын”, “Боз ағаштан биік мен едім”, “Мен тауда ойнаған қарт марал”, “Мен ақсұңқар құстың сойы едім”, “Мен келелі қара бұлтпын”- деді.

Slide 11

Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады. Жалғыздықтан күйінген ақын, өз сырын өлеңмен айта берді. Ақын: «Мен едім» деген өлеңінде:

Бөз ағаштан биік мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан,

Ел құтқарар, ер едім

Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп өршілдігін жырлап көрсетеді. Ақын өлеңінің тәрбиелік мәні ерекше халық санасын оята түседі.

“Мен тауда ойнаған қарт марал” деген өлеңі де осы жағдайда шығарылған.

Slide 12

Ақын есімі ақын - жазушылар шығармаларында

Әнуар Әлімжанов «Махамбеттің жебесі»

Берқайыр Аманшин «Махамбеттің тағдыры»

Тәкен Әлімқұлов «Қараой»

Қалижан Бекқожин «Махамбет қабіріндегі тебіреніс»

Олжас Сүлейменов «Махамбеттің ақырғы ойлары»

Тайыр Жароков «Махамбет туралы аңыз»

Slide 13

Махамбет Өтемісұлы туралы жазған ақын-жазушылардың ойлары

Кеңес дәуірінде санаға байлау, өреге тұсау болып келген жағдаяттарды профессор С. Қасқабасов: “Ақынның мұрасы - әдебиеттану ғылымының обьектісі де болды. Алайда, зерттеу еңбектерде, негізінен, идеологиялық схематизм мен орыс әдебиетінің үлгісімен талдау орын алды. Сөйтіп, Махамбеттің шығармалары реализм, романтизм, оптимизм, пессимизм деген “измдер” тұрғысынан зерттелді. Белгілі бір аспектіде бұл да қажет шығар. Бірақ көп жағдайда қазақтың ұлттық көркем ойының даму заңдылықтары ескерілмеді. Соның салдарынан Махамбеттің өзіндік ерекшелігі тар аяда тек күрескер ақын деп танылды . . . Ақын қандай қоғамдық мәні бар проблемаларды шығармашылығында қамтыды деген мәселелер, өкінішке қарай, тиісті дәрежеде сөз болған жоқ”- деп, пайымдап береді.

Академик жазушы М. Әуезов: “Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс . . . Барлық қозғалыстың ірі, ер басшысы Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы”

Х. Досмұхамедов: “Махамбеттің өзі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Өте қызулы адам екен . . . Махамбеттің мінезі сотқар, қалжыңқой, бетің-көзің демей ойына келгенін айтып салатын батыл болған. Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған”

Академик Қ. Жұмалиев: “Халықтың жырын жырлап, таяғын соғу ісінде Махамбет ақынның еңбегі тарихи еңбек . . . Махамбет - ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Оның өлеңі - елін тереңнен сүюдің айқын үлгісі. Санасы оянып, ойы өсе бастаған күннен бастап-ақ ақын жалпы халық көпшілігін езіп отырған хан, сұлтан, би-төрелерге қарсы шықты. Найзасына асыл сөз, өткір тілін қоса жұмсады”

Slide 14

Махамбеттің мүрдесі қайта жерленеді

Махамбеттің Атырау жерінде опат болғаны белгілі болғанымен, қайда жерленгені көп уақытқа дейін белгісіз болып келді. Академик Қ. Жұмалиев пен ақын Т. Жароков 1958 жылы Батыс Қазақстан облысындағы «Орал өңірі» газетіне Махамбеттің зиратын іздеп жүргендерін айтып, хабарлама береді. Оны Бектұрғанов Құрақ деген кісі оқып, Махамбеттің жерленген жерін білетінін айтып, оларға хабарласады. Құраққа әкесі Дінмұхаммед, Дінмұхаммедке әкесі Типан, Типанға көтеріліске қатысқан әкесі Бектұрған көрсетіп кетеді. Махамбеттің бейіті табылғаннан кейін 1959 жылы басына ескерткіш орнатылады. Енді келесі мәселе Махамбеттің шын бейнесін жасау болады. Қазақтың тұңғыш антропологі Ноэль Шаяхметов Махамбеттің мүрдесін қазып алып, 1966 жылы Махамбеттің шынайы бейнесін жасап шығарады. Мәскеудегі дәрігерлік білім жетілдіру институтындағы рентгенология кафедрасы Махамбеттің бас сүйегінің 2 түрлі қылышпен шабылғанын анықтайды. Махамбеттің мүрдесі 1983 жылы қайта жерленеді. .

1995 жылы басына мавзолей-мазар орнатылады.

Slide 15

Ноэль Шаяхметов - бірінші қазақ мүсінші-антропологі

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірі, шығармашылығы және көтерілістегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы: өмірбаяны, шығармашылығы мен Исатай-Махамбет көтерілісіндегі рөлі
Махамбет Өтемісұлы: өмірі, шығармашылығы және Исатай-Махамбет көтерілісінің поэтикалық көрінісі
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846): өмірбаян, шығармашылығы және 1836-1838 жылдардағы көтерілістегі рөлі
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: Исатай-Тайманов көтерілісіндегі рөлі, поэзиясы және мұрасы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, барысы және тарихи маңызы
Махамбет Өтемісұлы: өмірі, шығармашылығы және 1836-1837 жылғы көтерілістегі рөлі
1836-1838 жж. Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс: өмірбаяны, кезеңдері, себептері және тарихи маңызы
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістері: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867): өмірі, суырыпсалмалық шығармашылығы және Исатай-Махамбет көтерілісіндегі жыршы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz