Екіншілік ресурстарды және шикізатты кешенді қолдану



Екіншілік ресурстарды және шикізатты кешенді қолдану
Орындаған: Хе-41 тобының студенті Кенжехан. М
Тексерген: х. ғ. к., доцент Каримова. А. Б

Жоспар
Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың негізгі бағыты кешенділік
Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру
Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар

1. Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың негізгі бағыты кешенділік.
Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді. Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз. Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді. Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бүл ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді. Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.

Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады. Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік т. б.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері:
кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға алынған элементтер саны;
минералдық шикізат қорын пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу:
кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы.
жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы,

Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады. Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады. Осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. Кешенді пайдалану варианттарын экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.

Тиімді өндірістің ең басты белгісі-нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады. Варианттарды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады бірақ бұлай істеу қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді вариантын таңдау үшін әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде шикізаттан алынатын барлық өнімдердің баланстық есептеулерін жүргізіп жағдайларды басқа варианттармен салыстыру қажет.

Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын болса табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т. б.
Кешенді пайдаланудың мұндай нәтижелерінің біршамасын экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, болдырмаған шығындар немесе орын толтыру шығындары бойынша. Әйткенмен табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері нақты көрсеткіштермен есептеуге келмеиді. Сондықтан кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді. Табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімдігі оларды кешенді пайдалану мүмкіндігін арттырады.

2. Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру. «Қалдықсыз технология» дегеніміз адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауда ғылыми әдістерді және құралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану болып табылады. Қалдықсыз технологиялық жүйе дегеніміз бұл шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін бөлек өндіріс немесе өндірістер жиынтығы. Мысалы,
бұйымның көп уақыт қызмет ету
көп рет қолданылу мүмкіншілігі
жөндеу қарапайымдылығы
өндірістік циклға қайтып оралу жеңілдігі немесе қатардан шыққанан кейінгі экологиялық зиянды емес нысанға ауысуы.

Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайдаланудың негізгі заңдарына сай екі алғы шартқа сүйенеді:
1. бастапқы табиғат ресурстарынан барлық мүмкін болатын өнімдер бір рет толық өндірілуі тиіс.
2. өндірілетін өнімдер қолданыстан кейін тіке бағыттар бойынша жеңіл түрде жаңа өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы мүмкін.
өндірістің қалдықсыз деңгейін бағалау өте күрделі мәселе болып табылады және өндірістің барлық салаларына бірдей жүргізіле бермейді.

Жалпы өндірістің қалдықсыз жұмыс істеу деңгейін кешенді түрде бағалау мыналарға негізделуі қажет:
тек қалдықсыз деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін есептеу
қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни соңғы өнімінің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау
қалдықсыз деңгейін әр өнім бірлігіне шаққандағы қалдық саны арқылы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz