Энергетика саласы үшін көмірді газдандыру


Slide 1

Тақырыбы: Энергетика саласы үшін көмірді газдандыру

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Орындаған:ХЕ-41тобының студенті Копжасарова Асел

Қарағанды-2015

Slide 2

Мазмұны

І. Көмірді газдандыру.

ІІ. Газдың қосымша ресурстарын іске қосу.

ІІІ. Газбен жұмыс істейтін электр станциялары.

ІV. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі

V. Қалдық түтін газдарының энергиясын пайдалану.

VI. Қорытынды

Slide 3

І. Көмірді газдандыру. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына орай, энергетика саласы үшін көмірді газдандыру маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан көмірдің ірі қоры бар елдердің ондығына кіреді, олар British Petroleum-нің деректері бойынша шамамен 33, 6 млрд. тонна құрайды. Бұл ретте олардың қомақты үлесін сапасының төмендігінен және қоршаған ортаға әсер ету деңгейінің жоғары болуынан энергетикада іс жүзінде пайдаланылмайтын күлі мен күкірті көп көмір құрайды. Сонымен қатар, аталған көмірлер негізгі өнімі синтетикалық (генераторлық) газ деп аталатын тұншықтырғыш газ бен сутектің қоспасы болып табылатын жерасты немесе жерүсті газдандыру әдістерін пайдалану үшін жарамды болып табылады. Бұл газды электр және жылу энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ кейіннен синтетикалық мұнай өнімдерін шығару үшін пайдалануға болады. Көмірді газдандырудың екі технологиясы да, әсіресе, электр энергиясын өндіру үшін газды пайдалану жағдайында экономикалық жағынан тартымдылығының төмендігімен сипатталатынын атап өту керек.

Slide 4

1-сурет. Көмірдің сұйық отынға айналу технологиясы

Slide 5

2-сурет. Фишер -Троп реакторын пайдаланып, жылу мен будың түзілуі төменгі суретте көрсетілген

Slide 6

3-сурет. Буды стандартты қолдану арқылы электроэнергия алу.

Фишер Троп технологиясы бойынша реактордың екі негізгі түрі белгілі

1) Вертикальды түрі.

2) Реактордағы қыздырылған синтетикалық газ реактор түбіне түсіп, сұйық массаға дейін ыдырайды. Газды көпіршіктер жоғарыға көтерілген кезде, сұйық масса арқылы таралып, Фишер Троп реакциясы арқылы конверттеледі.

Slide 7

Осылайша, газды қайта өңдеу көлемін арттыру әлеуеті оны кері айдау үшін пайдалану қажеттігімен шектелген. Бұл көмірсутегі шикізатының кеніштерін әзірлеу схемасын оңтайландыру бойынша одан әрі жұмыс жүргізудің маңыздылығымен байланысты. Бұған қоса, тауарлық газдың маңызды қосымша ресурсы барлық сценарийлер шегінде газ құбырларынан шалғай және бірқатар шағын кен орындарында мұнайды қыздыруға, электр энергиясын өндіруге және жеке қажеттіліктері мен шығынға (бұдан әрі - ЖҚжШ) кететін газ шығысының басқа да түрлеріне толық көлемде пайдаланылатын не болмаса газды алау етіп жағуды жүзеге асыратын шикі газдың бір бөлігін қайта өңдеу есебінен пайда болуы мүмкін. Алдын ала бағалау бойынша осы бағыттың әлеуеті жылына шамамен 3 - 5 млрд. м3 дейінгі деңгейде бағаланады, алайда газдың аталған ресурстарының нақты көлемін айқындау республикада көмірсутек ресурстарын өндіруді және пайдалануды есепке алудың бірыңғай жүйесі енгізілгенде ғана орындалатын болады.

ІІ. Газдың қосымша ресурстарын іске қосу.

Slide 8

1-кесте. Қазақстанның негізгі газ құбырлары

Р/с №

Газ құбыры

Бір желілік орындаудағы ұзындығы, км

Пайдалануға енгізілген жылы

Нақты қуаты, млн. м3 жылына

1

Орта Азия - Орталық

4163

1966-1975

60 200

2

Қазақстан - Қытай

2610

2009-2013

30 000

3

Одақ (лупингпен)

424

1976

25 185

4

Мақат - Солтүстік Кавказ

372

1987

21 900

5

Орынбор - Новопсков

382

1975

14 600

6

Бұхара - Жайық

1577

1964

8 030

7

Окарем - Бейнеу (лупингпен)

547

1972-1974

7 300

8

Бұхара газды ауданы Ташкент - Бішкек - Алматы

1639

1966-1999

5 840

9

Газли - Шымкент

309

1988

4 380

10

Бейнеу - Бозой - Шымкент

1143

2013-2016

2 555

Slide 9

Қазақстанның газ құбырларының схемасы

Slide 10

ІІІ. Газбен жұмыс істейтін электр станциялары.

Қазақстанда 25 электр станциясы газбен жұмыс істейді. Мұндай станциялардың жалпы белгіленген қуаты 4784 МВт құрайды, ал қолданыстағы қуаты - 4134 МВт.

Қазақстан Республикасының газ генерацияларын газды тұтынуы бойынша екі санатқа бөлуге болады:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың газ шығынын жатқызатын шикі немесе тауарлық газды тұтынатын, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке мұқтаждары үшін электр энергиясын шығаратын және іс жүзінде сыртқы желілерге қуат бермейтін кен орындарының газ станциялары. Соның салдарынан газ тұтыну көлемі және осындай станциялардың электр энергиясын өндіру көлемі қазіргі уақытта ел бойынша жалпы теңгерімде толық көлемде ескерілмейді;

2) ұлттық электр желісіне қосылған және тауарлық газды өндірушілерден немесе импорттаушылардан сатып алатын басқа станциялар. Мұндай станциялардың неғұрлым ірілері Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы (бұдан әрі - Жамбыл МАЭС-і) және «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС-нің жылу электр орталықтары болып табылады.

Slide 11

Қазақстанның ірі газ электр станцияларының негізгі сипаттамалары

Р/с №

Атауы

2013 жылы газдың тұтынылуы, млн. м3

Белгіленген қуаты, МВт

2013 жылғы электр энергиясының өнімділігі, млн. кВт*сағ.

1

«Т. И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы» АҚ

387

1 230

1 594, 6

2

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

1 851

630 и 625

6 412, 8

3

«Атырау жылу электр

орталығы» АҚ

682

314

1 693, 4

4

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ

406

102

628, 4

5

«3 - Энергоорталық» АҚ

324

160

741, 7

6

«Алматы электр станциясы» АҚ (ЖЭО-1 ғана)

265

145

386, 3

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫ БАҚТЫБАЙ НАУРЫЗБАЙ
Көмірді газдандыру
ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ГАЗИФИКАЦИЯЛАУ
Жартылай кокстеу процесі
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Қазақстан Республикасының отынэнергетика кешенінің қазіргі дамуы
КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ
Қазақстандағы газ өңдейтін зауыт қайда
Жапония туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz