КӨМІРДІ АЛУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


Slide 1

Тақырыбы: Көмірді алу және өңдеудің экологиялық аспектілері

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Орындаған:ХЕ-41тобының студенті Сагындыкова Алуа

Қарағанды-2015

Slide 2

Мазмұны

І. Көмір өнеркәсібі

ІІ. Тарихы

ІІІ. Көмірдің түрлері

ІV. Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне байланысты экологиялық проблемалар

Slide 3

І. Көмір өнеркәсібі

Көмір өнеркәсібі - еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді.

Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Slide 4 Slide 5

1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 - 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 - 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.

1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.

ІІ. Тарихы

Slide 6

1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді.

19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды

. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды.

1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3, 5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10, 1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 - 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42, 6 т-ға дейін жетті

Slide 7

Көмір

Өндірілуі: шахтаның оқпаны қазылады, жан-жаққа дәліздер- штректер тарайды таза ауа жіберіледі электр жарығы жүргізіледі, көмір комбайндарымен вагондарға тиеп, теміржолды лифті мен жер бетіне шығарылады. Карьерден ашық әдіспен өндіреді.

Қолданылуы: үй жылытуға жылу электр стансасында отын ретінде пайдаланады

Алынатын заттар: бояу, дәрі шайыр нафталин пластмасса капрон

Slide 8

ІІІ. Көмірдің түрлері

Көмірдің генетикалық жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органик заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетик топқа бөлінеді: •гумалиттер, •сапропелиттер, •сапрогумалиттер. Олардың біріншісі-тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі-негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ол сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мұндай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, тас көмір, антрацит.

Slide 9

Көмір өңдіру картасы

Slide 10

Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары көмір өндіру серпіні.

Slide 11

2015 жылы Қазақстан 108 миллион тоннадан астам көмір өндірмек.

Slide 12

Көмір түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін

Slide 13

Көмірді бұрғылау

Slide 14

ІV. Қазақстан Республикасы көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне байланысты экологиялық проблемалар

Көмір саласы кәсіпорындарының жұмысы кезінде тұрақты шешуді талап ететін негізгі мәселелер мыналар: қатты отын қазандықтарынан және байыту фабрикаларының кептіру қондырғыларынан шығатын түтін газдарын тазалау есебінен зиянды заттардың атмосфераға шығарылымдарын азайту, көмір қоймалары мен жыныс үйінділерінің өздігінен жануын болдырмау, ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу және көмір мен аршы жыныстарын тасымалдау кезінде аз тозаң түзетін технологияларды қолдану; көмір өндіру мен байытудың технологиялық үдерістерінде шахталық және карьерлік суларды ең көп пайдалануды қамтитын жер беті және жер асты суларын қорғау мен ұтымды пайдалану, пайдаланылмайтын шахталық және карьерлік суларды тазарту және оларды жер бетіндегі су көздерін ластаудың алдын алу үшін буландыру тоғандарына жіберу; қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында жер алқаптарын қорғау және тау-кен жұмыстарымен бұзылған алаңдарды қайта өңдеу, кейіннен оларды санитарлық-гигиеналық, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы мақсаттарында пайдалану үшін бұзылған жерлерді қайта өңдеу;

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

http://library. kiwix. org/wikipedia_kk_all/A/96. html

http://adilet. zan. kz/kaz/docs/P08644_

http://el. kz/m/articles/view/content-3310

Slide 16

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Көмірді гидрогендеу процесі
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
Мұнайды айдау
Ағаш материалдарын автоматты түрде жүктеу және босату
СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫ БАҚТЫБАЙ НАУРЫЗБАЙ
Көмірді газдандыру
Энергетика саласы үшін көмірді газдандыру
Мұнайдың құрамы
Шойын мен болат
Мұнай – химиялық қалдықтарын қайта өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz