Ферменттік препараттарды алу
Презентация қосу
Жоспар
• Ферменттер
• Ферменттік препараттарды алу
• Ферменттердің техникалық препараттары
• Глюкоамилаза
• Қорытынды
Ферменттер — барлық тірі организмдер
құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық
реакцияларды жеделдетеді. Ферменттер
жасушаларда синтезделіп, биохимиялық
реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы
биокатализатор болып табылады.
Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде
катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің
әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік
реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен
(аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте
күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары
конформациясы мен энергиясын және
химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция
өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа
қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі
кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент
және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:
S + E → S·E → EP → E + P
Ферменттер реакциясының
механизмі
Ферменттік препараттарды алу
Ферменттік препараттарды алу үшін микроскопиялық
саңырауқұлақтарды, сондай-ақ бактериялар мен
ашытқыларды пайдаланады. Кейде техникалық ферменттік
препараттарды алу ферментация процесін жүргізумен
аяқталады. Кешенді амилолитикалық ферменттік препаратты
қатты қоректік ортада көгерткіш саңырауқұлақтарды өсіріп,
одан кейін алынған массаны кептіру және ұсақтау арқылы
алады. Ферменттік белсендірек препаратын культуральды
сұйықтықтан амилазаны ацетонмен тұндырып, одан кейін
коагулятты 27-28˚С температурада кептіру арқылы бөліп
алуға болады. Ферментті тұндыру үшін аммоний сульфатын
жиі қолданады.
Ферментация
Глюкоамилаза.
Бұл фермент крахмалды глюкозаға дейін ыдыратады, сондықтан
негізінен глюкоза өндірісі үшін пайдаланылады. Латв КСР ғылым
академиясында глюкоамилазаның техникалық және азықтық
препаратын endomycopsis fibuliger ашытқыларының көмегімен алу
әдісі дайындалды. Бұл культура көміртек көздері ретінде
крахмал(0.5-1%) және ашытқылық автолизат (10-25мл/л)
қолданылатын, ортасында ұзындығы 5,5-12мкм және диаметрі 4,8-
6,0мкм жасушалар түзеді. Интенсивті араластыру болмаған
жағдайда культура тармақталған мицелий түзеді. Культура азот
көзі ретінде жасушалар жақсы ассимиляцияламайтын нитраттар
мен несепнәрге қарағанда аммоний тұздарын жақсы пайдаланады.
Endomycopsis fibuliger көміртек көзі ретінде крахмал, мальтоза,
лактоза, фруктоза, этанолды жақсы пайдаланады; глюкоза,
сахароза, парафиндерді-әлсіз; ал органикалық қышқылдарды
мүлдем пайдаланбайды.
Глюкоамилаза.
Ферментацияны культуралды ортаның жалпы
мөлшерінен ингредиенттердің мөлшері келесідей
болатын (массалық %-бен) қоректік ортада жүргізеді.
Жүгері ұны 2
Жүгері экстракті 2
(NH4)2SO4 0.33
RH2PO4 0.15
CaCl2 0.033
Ферментация процесін ортаның
температурасы 34˚С, РН-7,5-8,0 немесе
араластырғыштың 350-52 айн/мин айналу
жиілігінде жүргізеді. Процесті бақылау үшін
өсудің әрбір 3-4 сағаты сайын сынама алып
отырады. Ортаның РН-ын, глюкоамилазалық
белсенділігін, тереңдік культураның 100мл-гі
биомасса мөлшері г-мен, микроскопиялық
түрде жасушалардың жағдайы мен ботен
микрофлораның болмауын анықтайды.
Максималды глюкоамилазалық белсенділікке
жеткен кезде процесті тоқтатады.
Ферментация уақытында
глюкоамилазаның белсенділігі 50-80
бірлік/мг дейін жоғарылайды.
Глюкоамилазалық белсенділікті (ГБ)
глюкооксидазалық әдіспен анықтаған кезде
белсенділік бірлігі ретінде еритін
крахмалдан 1сағат ішінде 30˚С
температурада 1мг глюкозаның түзілуіне
әкелетін фермент мөлшерін қабылдайды.
Endomycopsis fibuliger R313 ашытқысын периодты және
үздіксіз культивирлеу кезіндегі бірнеше физиологиялық
және экономикалық көрсеткіштері
Культивирлеу әдісі
Көрсеткіштер периодты үздіксіз
Өсу жылдамдығы, сағ-1 0,16 0,27
Генерация уақыты, сағ 4,3 2,6
Биосинтетикалық 0,589 5,700
белсенділік, бірлік/(г*сағ) 0,33 5,67
Продуктивтілігі 2,0 12,4
биомассада,г/(л*сағ)
Өнімде, бірлік/(мл*сағ)
Адамның I глюкоамилазасы. Ферменттің катализіне қажетті
екі мырыш ионы күлгін түспен көрсетілген, ал S-
endomycopsis fibuliger фермент ингибиторы кеңістіктік
моделімен бейнеленген.
• Глюкоамилазалық белсенділікті (ГБ)
глюкооксидазалық әдіспен анықтаған кезде белсенділік
бірлігі ретінде еритін крахмалдан 1сағат ішінде 30˚С
температурада 1мг глюкозаның түзілуіне әкелетін
фермент мөлшерін қабылдайды.
• Содан кейін тереңдік культура жинағыштарға түседі,
одан вакуум-буландырғыш аппаратқа барады, мұнда 34-
40˚С температурада көлемі бойынша шамамен 10есеге
буланып кетеді. Культуралдық сұйықтықтың
концентратына концентраттағы құрғақ заттардың
құрамына 100%мөлшерде NaCl толықтырғышын енгізеді.
Кептіруді 130-150˚С, кептіргіштен шығарда 60-70˚С
температурада жүргізеді. Алынған өнім толықтырғыштар
қосу арқылы стандартталады, бөлінеді және қапталады.
Қорытынды
• Ферменттер тірі ағзаның кез-келген бөлігінде бар. 4000-нан
астам биохимиялық реакцияларға қатысатын ферменттер тірі
ағза тіршілігі үшін зат алмасуда өте маңызды қызмет атқарады.
Ферменттердің әрбір молекуласы бір мезетте миллиондаған
операцияларды атқара алады. Ферменттердің осындай
қасиеттері оларды басқа ақуызсыз катализаторлардан
ерекшелейді. Ферменттер реакцияны миллиондаған есеге дейін
жылдамдата алады. Өз кезегінде, ақуызсыз катализаторлар
небары мыңдаған есеге дейін-ақ жылдамдатады.
• Ферменттер кез-келген субтратты (зат алмасудағы шикізат)
тиісті реакциясына қарай таңдап, қажетті әдістермен
(реакциялармен) катализдей алатын қасиетке де ие.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz