Кумариндер мен олардың фармакологиялық қолданылуы: химиясы, жіктелуі және кумаринге бай өсімдік препараттары


Slide 1

Құрамына кумарин кіретін препараттар

Арыстанова Жансауле

ТФП-31

Slide 2

Кумариндер - табиғи күрделі ароматты органикалық лактондар. Олар n - оксикумар қышқылынан түзіледі. Алғашқы рет кумарин 1920 жылы (Dipterix odorata) бұршақтар (Fabaceae) тұқымдасына жататын - кумариндер американдық өсімдіктен бөліп алынған. Өсімдіктің жергілікті атауы кумаруна. Кумариннің өзіне тән иісі болады. Түссіз, хош иісті кристалл. Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер құрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Қазіргі уақытта 500 ден астам жақсы зерттелінген кумариндер белгілі.

Slide 3

Жіктелуі. Бірінші рет табиғи кумариндердің жіктелуін 1937 жылы Э. Шпет ұсынған. Профессор Г. А. Кузнецова бойынша табиғи кумариндер көміртегі ядросына байланысты бірнеше топқа жіктеледі.

1. Жай кумариндер және оның туындылары.

2. Фурано кумариндер не кумарон - α - пиронадар, оларда

орынбасарлары бензол, фурар не пиран сақиналарында

кездеседі.

3. Пиранокумариндер (хромено-α- пирон) .

4. 3, 4 - бензокумариндер, бұларда бензол сақинасы 3, 4 көміртек атомдарында кумарин мен конденсацияланған

5. Куместандар - бензофуран ядросымен 3, 4 көміртек атомдарымен жалғасқан кумариндер

6. 3, 4 - дибензокумариндер - 7, 8 - диокон кумариннің екі қалдығынан тұратын заттар

7. Кейбір кумариндер (кумарин қышқылы) күрделі қосылыстардың құрамына енеді (новобиоцин және т. б. ) .

Slide 4

Таралуы. Кумариндер 200 түрлі өсімдіктердің, 94 тұқымдастарынан астам, микроорганизмдерде, қарапайым саңырауқұлақтарда, балдырларда кездеседі. Бірақ ең көп мөлшерде жоғары гүлді өсімдіктерде, соның ішінде күрделі кумариндер шатыршагүлділер, бұршақтар, шайқурайлар, кей кезде астерлар тұқымдастарында ұшырасады.

Slide 5

Сібір флоиодикарпус phlojodicarpus sibiricus

Slide 6

Дәрі-дәрмектер. Фловерин.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырларын күзде қазып, жинап алады. Топырағынан тазартады, салқын сумен жуып, кесінділерге бөліп, кептіргіштерде кептірді. Сыртқы белгілер, тамырсабағы мен тамырының үстінгі беті әжімді, ашық сұрғылт не қоңыр-сұрғылт, тамыры саңғыш, сынығы қисық, түсі ақшыл-сары. Хош иісті, дәмі ащылау.

Қолданылуы. Эндотермит. Рейно жүрек ауруларын емдеу үшін тамырынан дәрі жасайды.

Slide 7

Егістік ботташық pastinaca sativa

Slide 8

Дәрі-дәрмектер. Бероксан, пастинацин.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жемістерін (Fructus Pastinacae Sativae) жинап алады. Жемістердің шатырының түсі ашық-жасылдан, қоңырқай түске енген кезінде жинайды. Пісіп кеткен жемісі тез шашылып қалады, сондықтан екі рет кесіп жинау керек. Бірінші рет аққошқыл-қоңырқай түске енген жатырын кеседі де, 1, 5-2 аптадан кейін қалған жатырлары түгел қоңырқай тартқан кезде өсімдікті түгел баулайды. Кептіріп болған соң әр түрлі қоспалардан тазартады.

Қолданылуы. Медицинада гемофилия (қан ұйымдау), жүрек (стенокардия), өпке ауруларын емдеу үшін өсімдіктің шикізатынан дәрі жасайды. Бероксан препаратын тері ауруларды емдеу (псориаз, витилиго, аллопеция) үшін қолданады.

Slide 9

Кәдімгі аткаштан aesculus hippocastanum

Slide 10

Дайындалуы. Аткаштанның жапырақтары, тұқымдарын (Fructus et Senima Aesculi hippocastani) піскен кезде, жерге түсіп қалған жерінен жинап алады. Қабығын шырыны жетілген кезде, гүлін гүлдеген кезде, жапырақтарын шілдеде жинайды. Жемісін піскен кезінде жинайды да, күнге немесе кептіргіште 50-600С температурада кептіреді.

Қолданылуы. Аткаштанның препараттарын операциядан кейінгі пайда болған тромбозды, жарақаттанғаннан кейін пайда болған ісіктерді, қабынуларды, тромбоэмболияларды емдеу үшін қолданады. Атқаштанның жемістерінің спирті экстрактісі артериялық қысымды төмендетеді, жүрек қызметін жақсартады, қан тамырларын кеңейтеді. Тромбофлебит кезінде аткаштанның жемісінің спирті экстрактісі жалпы қабыну реакциясын және жергілікті ісіну процесін азайтады. Эскузан капилярдың өткізгіштігін төмендетіп, көк қан тамырының тонусын көтереді. Осыған байланысты, препаратты көк қан тамырын көтеруші және антитромбоздық дәрі ретінде геморрой, балтырдың, аяқтың тамырларының варикозы күшеюі кезінде қолданады. Отандық препарат эсфлорид те осындай эффект көрсетеді.

Дәрі-дәрмектер. Спирт тұңбасы, эскузан, эсфлазид, эсцин.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!

Сау болыңыздар!!!


Ұқсас жұмыстар
Ауыр металдардың препараттары: фармакологиялық қасиеттері мен ветеринариялық қолданылуы
Кумариндер мен хромондар құрамындағы дәрілік өсімдік шикізаты: құрылымы, таралуы және медициналық маңызы
Аритмияға қарсы препараттар: жіктелуі, фармакологиялық механизмдері және клиникалық қолданылуы
Фенол қосылыстары: сипаттамасы, жіктелуі және фенилпропаноидтар мен лигнандарға бай дәрілік өсімдіктер
Кумариндер негізіндегі препараттарды алу технологиясы: өсімдік шикізатынан экстракция, хроматографиялық бөлу және сапа бағалау
Өсімдік жасушаларын биотехнологиялық өсіру және олардың өнеркәсіптегі биосинтездік қолданылуы
Алкалоидтар: құрылымы, жіктелуі, биологиялық әсері және фармакологиялық қолданылуы
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар: жіктелуі, фармакологиялық қасиеттері және клиникалық қолданылуы
Алкалоидтар: анықтамасы, жіктелуі және биологиялық-фармакологиялық әсері
Кумариндер мен хромондар бар дәрілік өсімдіктер: жалпы сипаттамасы және медициналық-биологиялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz