ФАРМАЦЕВТІК ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Презентация қосу
ФАРМАЦЕВТІК ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ
ПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ПАЙДА
БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
• Гомеопатия (грекше homoios – ұқсас, pathos – ауру) – емдеу
жүйесі ретінде 200-ден астам жыл өмір сүріп келеді. Оның
негізін салушы – Христиан Фридрих Самуэль Ганеман –
1755 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. Өзіне тәжірибелер
жасаған Ганеман (осылай ол гомеопатияның бірінші
принципін ашты – дәрілердің әсері сау адамдарда
тексерілуі керек) хин ағашының қабығының қайнатпасы
жоғары дозада хинамен емделетін безгектің
симптомдарын көрсететінін байқады. Осыдан ол мынадай
қорытындыға келді – безгектің симптомдары бұл – ағзаның
қарсы тұруының көрінісі және хина оны активтендіреді.
Шамамен 100 препараттың жоғарғы дозадағы
симптомдарын өзіне тәжірибе ретінде тексерген
Ганеман (сынапты, дигиталисты, мышьякты,
стрихнин, т.б. препараттарды) оларды ұқсас
клиникалық көріністері бар ауруларға қолданды.
Бақылаулардың нәтижесінде Ганеман гомеопатияның
негізгі принципі ретінде «Similia similibus curentur»
(ұқсас ұқсаспен емделеді) деп бекітті. С. Ганеман
Парацельстің идеясын жалғастырушы ретінде ол да
аурудың «ұқсаспен» емделеді принципін ұстанды.
Гомеопатияның негізгі қағидалары
• 1. Ұқсастық қағидасы (ережесі). Бұл принцип сырқаттанған адамға аз дозада
қолданған кезде емделетін аурудың симптомдарына ұқсас симптомдарды
көрсететін, жеке таңдалған дәрілік затты қолдануға негізделген.
• 2. Дәрілік заттарды аз дозада (жоғары сұйылтуларда) қолдану қағидасы. Бұл қағида
бастапқы матрицалық тұндырмаларды, ерітінділерді немесе қатты
субстанцияларды көп санды кезектескен сұйылтуға негізделген (тіпті кейде дәріде
бастапқы заттың бір де бір молекуласы қалмағанша) және тек оны потенцирлеу
жағдайында неғұрлым сұйылту саны жоғары болған сайын, дәрінің белсенділігі де
жоғарылайды. Мұндай гомеопатиялық дәрілерді «сұйылтпалар» деп атайды.
• 3. Потенцирлеу (латынша potentia – мүмкіндік, қабілеттілік) немесе динамизация
(латынша dinamis – күш) қағидасы. Бұл қағида гомеопатиялық препараттарды
дайындағанда сериялық сұйылтуды және шайқауды үйлестіруге негізделеді.
• 4. Гомеопатиялық препаратты токсикалық емес дозада сау адамдарда сынау
принципі. Аурудың диагностикасы мен еміне жеке және кешенді түрде қарау.
Гомеопатиялық дәрілік препарат жеке адамның ауруының көріністеріне сәйкес
келуі керек, тек осы жағдайда ғана ол дұрыс жұмыс істейді.
Фармацевтік гомеопатия – бұл объект ретінде гомеопатиялық
технология бойынша алынатын гомеопатиялық дәрілік
препараттар болып табылатын және денсаулық сақтауда
гомеопатиялық емдеу әдіс қағидаларына сәйкес қолданатын
фармация бөлімі.
Фармацевтік гомеопатияның міндеттері:
гомеопатиялық препараттарды дайындау регламенттері мен
сапасын бағалау нормативті базаларын дамыту және жетілдіру;
гомеопатиялық препараттар дайындаудың дәріханалық және
өндірістік базаларын құру және үнемі дамыту;
гомеопатиялық дәрілік заттардың, препараттардың, дәрілік
түрлердің ассортиментін кеңейту;
Гомеопатиялық препараттардың ерекшеліктері
• Дұрыс қолдану барысында гомеопатиялық препараттар жанама
әсер көрсетпейді; ағзаның қорғаныс қызметін күшейтеді, ұзақ
уақыт және үнемі қабылдаған кезде жеке мүшелерге ғана емес,
бүкіл ағзаға жүйелі дәрежеде әсер етеді.
• Провизорлар мен фармацевттердің гомеопатиялық дәріханаларда
дайындайтын едәуір кең тараған дәрілік түрлері: түйіршіктер
(гранулалар), тамшылар (сұйылту), тритурация, спирттер,
жағармайлар, оподельдоки, майлар, балауыздар (суппозитория).
• Сонымен қатар қазіргі кезде шырындар (эликсирлар), шаншуға
арналған ерітінділер және көз жағармайы, шашыратқышы бар
дозаторы бар мұрынға арналған дәрілік түр (спрей), таблеткалар
және де басқа дәрілік заттар, емдік косметикалық заттар мен
парафармацевтикалық өнімдер де дайындалады.
• Гомеопатиялық препараттарды дайындау үшін өсімдік, минерал,
жануар текті өнім шикізаттары және аллопатиялық дәрілік заттар
жатады. Жас (жас өсімдіктердің сөлі) және кептірілген өсімдік
шикізатынан алынған (65% жуық) дәрілік заттар жиі қолданылады.
Минералдық заттардан тұратын дәрілік препараттар 30%-ке жуық
құрайды. Мысалы: литий, натрий және калийді көбінесе зат
алмасуының бұзылуына; мыс, күміс және алтын – жүйке жүйе
және қантамыр ауруларында қолданады.
• Әлемдік гомеопатия тәжірибесінде орташа 1,5 мың дәрілік
препараттар пайдаланылады
• Гомеопатиялық препараттарды дайындау технологиясы оның
негізгі матералына (негізгі субстанциялармен қосымша заттар)
тәуелді.
• Негізгі заттар (субстанции, базис) – бұл дәрілік
түрлерді сұйылту үшін пайдаланатын минералды,
өсімдік және жануар текті шикізаттар.
• Сұйылту үшін сұйық және қатты негізгі заттар
пайдаланады.
• Сұйық заттарға мыналар жатады:
• ерітінділер (қышқыл, тұздар, у және т.б.);
• әртүрлі табиғи сұйықтықтар;
• бастапқы тұндырмалар.
• Бастапқы тұндырмалар дайындау үшін бастапқы
материал ретінде консервілеу мақсатында
(эссенция) этанолмен араласқан, жас өсімдік
сөлдері немесе олардың бөлшектері (гүлдері,
жапырақтары және т.б.) алынады.
• Қатты заттарға мыналар жатады:
• ерімейтін минералдар;
• тұздар;
• кептірілген өсімдіктер немесе олардың бөлшектері
(тұқымдары, тамырлар және т.б.).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz