Дәрілік полимерлер


Slide 1

Дәрілік полимерлер

Slide 2

Полимерлерді медицинада қолдану қажеттігі

Көптеген табиғи полимерлер ежелден халықтық медицинада қолданылып келеді. Атап айтсақ, кәріптас - базед ауруын емдеуде, прополис ("ара желімі") - іріңді жаралар мен тері ауруларын емдеу үшін, озокерит ("тау балауызы"), әр түрлі өсімдіктердің шайырлары (бальзамдар дайындау үшін), агар-агар, желатин, крахмал, мумие, т. б. емдік мақсатта пайдаланылғанын білеміз. Алайда, тек өсімдік немесе жануар тектес табиғи материалдарды қолдану медицинаның мүмкіндіктерін шектеп келді. Медициналық терапияның қол жеткізген тамаша жетістіктері, негізінен, синтетикалық дәрілік заттардың алынуына байланысты. Медицинада қолданылатын синтетикалық дәрілік заттардың басым көпшілігі кіші молекулалы қосылыстар.

Slide 3 Slide 4

Полимерлерді қолдану тиімділігі

Организмге енгізілген полимерлік зат оның молекулалық массасы белгілі бір шамадан төмендегенге дейін шығарылмайды.

Полимер организмде өзінің кіші молекулалы теңдесінен өзгеше шоғырлануы мүмкін.

Полифункционалдық қасиеттеріне байланысты полимердің кіші молекулалы препаратқа қарағанда биологиялық жүйенің, жасушаның құрылымдық бірліктерімен әрекеттесу қабілеті жоғары.

Slide 5

С. Н. Ушаковтың мәлімдеуінше полимерлер медицинада мынадай мақсаттарда пайдаланыла алады:

а) қосалқы дәрілік материалдар ретінде (пластырьлер, пасталар және жақпа майлар, ерітінділер мен эмульсиялардың тұрақтандырғыштары, т. с. с. ) ;

ә) қан алмастырғыштар, пролонгаторлар және детоксикаторлар ретінде;

б) тікелей дәрілік препараттар ретінде.

Slide 6 Slide 7

Полимерлер

Дәрілік заттар

Қосымша заттар

Буып, тиеу материалдары

Пепсин

Панкреатин

Трипсин

Стрептодеказа т. б.

Суспензиялар мен эмульсиялардың тұрақтандырғыштары (желатоза, целлюлоза туындылары және т. б. )

Солюбилизаторлар.

Таблеткалар өндірісіндегі қосымша заттар (целлюлоза туындылары, крахмал, ПЭО, желатин, пектин және т. б. ) .

Медициналық капсулалардың қабықшалары (желатин) .

Жақпа майлардың және суппозиториялардың негіздері (ПВС, ПЭО, ПВП, целлюлоза туындылары, коллаген, силикондар және т. б. ) .

Пролонгаторлар (ПВС, ПВП, Na - КМЦ, МЦ және т. б. )

Флакондар, тығыздар, қабықша орамалар (полиэтилен, полистирол, поликарбонат)

Полимерлердің фармацияда қолдануы

Slide 8

И. М. Рабинович ұсынған классификация

I топ. Организмге енгізуге арналған полимерлік материалдар:

ІІ топ. Ағзамен және оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлік материалдар:

ІІІ топ. Организмге енгізілмейтін және организмге енетін заттармен түйіспейтін полимерлік материалдар:

"ішкі" протездер, пломбылар, жасанды органдар;

желімдер;

тігіс және таңғыш материалдар;

плазма - қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, интерфероногендер, антидоттар;

полимерлердің негізінде дайындалған дәрілік препараттар;

дәрілік формалар (қорғаныш үлдірлер, капсулалар микрокапсулалар, қосалқы заттар, т. с. с. ) технологиясында пайдаланылатын полимерлер.

дәрілік заттарды, қан және плазма алмастырғыштарды орауға және сақтауға арналған материалдар мен ыдыстар;

- стоматологияда қолданылатын полимерлер (пломбылардан басқасы) ;

- хирургиялық құралдар, шприцтер,

- медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері, оның ішінде - жартылай өткізгіш мембраналар.

анатомия мен гистологияда қолданылатын полимерлер;

- аурулардың күтіміне байланысты бұйымдар;

- лабораториялық ыдыс, штативтер, т. б. ;

- операция бөлмелері мен ауруханалардың жабдықтары;

- көзілдіріктердің оправалары мен линзалары;

- протездік - ортопедиялық бұйымдар (оның ішінде - аяқ киім де) ;

- ауруханалық киім, төсек-орын керек-жарақтары.

Slide 9

Медициналық мақсатқа арналған полимерлерге қойылатын негізгі жалпы талаптарды былайша тұжыруға болады: материал организм үшін мүлде зиянсыз, канцерогендік немесе аллергендік қасиеттер көрсетпеуі, биоүйлесімді; уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырамауы және денатурация тудырмауы; жеңіл өңделуі; бактерицидтік қасиеті болуы тиіс.

Slide 10

Полимерлі гельдер

Қазіргі кезде полимерлік гельдер деп аталатын суда ісінетін жаңа аса бағалы қасиеттерге ие материалдар зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.

Полимерлік гельдердің бағалылығы оның кейбір ерекше қасиеттеріне байланысты. Полимерлік гельдер суда еритін полимерлер және гидрогельдер ортаның өзгерістерінен ﴾еріткіштің табиғаты, температура, рН, электрикалық аумақ﴿ қайтымды реакцияға түсуі мүмкін, әрі жүйенің реакциясы аспапсыз жай көзбен ﴾гомогенді фазада жаңа фазаның қалыптасуы бұған дейін ерітіндіде гельдердің күрт ісінуі және коллапсы﴿ оңай көрінеді. Осындай қасиеттерге ие болғандықтан олар «ақылды гельдер» деген атқа ие болған, сонымен қатар оларды «интеллектуалды» материалдар ﴾smart or Intelligent materials﴿ деп те атайды.

Slide 11 Slide 12

Полимерлік гельдер деп бір-бірімен химиялық байланысқан ұзын тізбекті макромолекулалардан тұратын үшөлшемді кеңістіктік құрылымды жоғары жоғары молекулалы қосылыстарды айтады. Олар шығу тегіне байланысты табиғи да ﴾мысалы, көздің шыны тәрізді денесі) синтетикалық та ﴾поливинилпирролидон гельдер, полиакриламидтік гельдер және т. б. ) болуы мүмкін. Полимерлік гельдер медицинада көптеген мақсаттарда, оның ішінде дәрілік заттардың бақылаулы бөлінуін реттеу үшін, қолданылады.

Slide 13

Атап айтар болсақ, ісіну қабілетіне сәйкес, гельдер жаралардан бөлінетін ірінді сұйықтықтар мен экссудаттарды сіңіріп алады, дәрінің әсер ету мерзімін ұзарту мүмкіндігі жоғары, қолданудың ыңғайлылығы (таңғыш материалдар, жайсыз процедура - инъекцияның қажеті болмайды, суға ынтықтығы жоғары болғандықтан жағылған дәріні жаңа өсіп келе жатқан ұлпаны зақымдамай аластау мүмкіндігі, т. б. ) . Құрамында көп мөлшерде тепе-теңдікті судың болуы гельдерді құрылымы бойынша адам организмімен өте ұқсас.

Slide 14

Негізгі дәрілік полимерлердің технологиясы

Ерігіш метилцеллюлоза технологиясы

Метилцеллюлоза (МЦ) целлюлоза мен метил спиртінің жай эфирі. МЦ 125-140 0С, 1, 0-1, 2 МПа қысымда сілтілік целлюлозаға метилхлоридпен әсер етеп алады:


Ұқсас жұмыстар
Физиологиялық белсенді полимерлер
МЕДИЦИНАДА ЖМҚ ҚОЛДАНУ
Дәрілік заттарды буып - түю компоненттері
Полимерлену реакциясы, маңызы және медицинада қолданылуы
ТӨМЕНГІ МОЛЕКУЛЯРЛЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЕРІТІНДІЛЕРІ. ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛЯРЛЫ ЕРТІНДІЛЕРДІҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТАР
Фибрин желімі Фибрин - полимер
ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫ
Полимерлердің түрлері
Полимерлердің қасиеттері
Полимерлер өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz