ИМАНИПЕДАГОГИКА


Slide 1

ИМАНИПЕДАГОГИКА

Slide 2

Қазақ-өткенді қадірлеген, жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдар-лаған дана халық. Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы, әулет, ауыл, ата-ру, тайпа, топ, одақ, ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шама-мен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мың-нан астам уақыт тіршілік еткен көне, текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп, бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңіс-тігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі, оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасат күшімен де, ұрпақ тәрбиелеу ісімен де, ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап, бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті. Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып, іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен көке, дос пен таныс, жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі, іс-әрекеті ел есінде, халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжір-ибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен, киізтуырдықтыарға (қазақ, қырғыз, монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін, тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін, еңбек пен өнерге баулитын, өмірге дайындайтын, өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ-ТӘРБИЕ жүйесі қалыптасқан.

Slide 3

Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «Тән-Тәңірден, Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп, «Кісілік» мұратты шамшырақ болдырып, ұрпағын өмірге дайындап, тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты, заңғар мақсатты, іс-шара, қимыл-әрекет, жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде: «Бала бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә, Қазақ танымында:-тәрбиелеу әрі өнер, әрі ілім. Түбі бір, бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып, бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр, тектік бастау-Қарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді. Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана Аталар болды. Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның барлық түрі мен тармағы, саласы мен бұтағы, бөлшегі мен бөлігі, тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды. Әулеттік мектеп-жеке отбасынан бастап, әулет, ауыл, тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын, қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында аздап айырмашылық бар), сан ғасыр бойында қызмет жасаған, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын, ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.

Slide 4

Қазақ ұғымында жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін- балалық шақ. Балалық шақтың тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы-жанұя аталған. Отау иесі болғаннан, немере (не жиен) сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып, тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген. Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже) делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған. Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті, тәлім-тәрбиелік үлгі-өнегені- ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Әулет мектебі-кім-кімге?, нені?, қалай? үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған», әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп. Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын, кәрі-жас, ұл-қыз, бай-кедей, шенді-шекпенді, хан қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп. Кейбір әулет өсіп-өніп, рулы елге, тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды, өнериелері туып шыққан. Осы негізде дамыған, тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған. Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнер-иелерінің есімімен аталуы. Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі, Құрманғазы, Тәттімбет мектебі, Бұқар, Абай мектебі т. б. Сондай-ақ, керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі. Әулет мектебінің түрі де мол. Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі, жезде-жеңге мектебі, ақсақалдар мектебі, қарашаңырақ мектебі, ана мектебі, дана мектебі, ақшам мек-тебі, бала думаны, құрбы-құрдас мектебі, мереке-мейрам мектебі, еңбек-өнер мектебі т. б. Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан, оны, әдет-ғұрып, дәстүрден айыра. тану оңай емес.

Slide 5

Былай қарасаңыз, қазақта не көп, той думан, мереке көп. Оның бәрі, асып-төгіліп, шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес, бала тәрбиесі үшін жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады. Оларды жалпы алғанда, қазақ-жастар думаны (бала қуанышы) деп атаған. Қазақ қандай да, салтын, думанын жасаса да, оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген. Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды. Ал, ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен, дәстүрмен, өнермен сіңетінін аңғарған халық, бала алғашқы мүшелден асқанға дейін, оның дамып жетілуі, өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап, жетістігіне жігер беріп, табысына талдау жасап, үнемі атап өтіп отырған Мәселен, құрсақ той, ат қою, шілдехана, бесікке салу, шаш алу(қию), тұсауқияр, атқа мінгізу, сүндет той, тілашар т. б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген. Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді. Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін, әулет мектебін осылай ұйымдастырып, оның пәндерін осылай оқытқан. Ол өз кезегінде, осы ұйымдастыру нәтижесінде, қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып, әдет-әдебіне ұласқан, күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған. Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында, әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен, белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ. Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған. Мәселен, тіл және сөз, ырым және әдеттер, ғұрыптар, рәсім-тәмсілдер, наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты, тұтынған ас суы, киім-кешегі, баспанасы, өскен өлке, ата-баба моласы, зираты т. б.

Slide 6

Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп, оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес, өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған. Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып, жетім-жесір, қарт, мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған. Ол олма, құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген. Сондай-ақ, қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппайтын, төсіне жылтыратып металл тақпайтын. » Қазақтың марапаты да-сөз, жазасы да-сөз. Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау, ұлықтау, мадақтау, дәріптеу, қолдау, қолпаштау, кешірім сұрау, тағзым ету, аяққа жығылу, көңіл сұрау, естірту, дауыс шығару, көрісу, жоқтау қатарлы әдеттер, өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған. Оған коса, тәлімдіқ сөздер, тыйымдық сөздер, өсиет сөздер, бата-тілектер, аңыз-әңгімелер, ертегі-хикаялар, шешендік сөздер, өлең-жыр, толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып, нағыз тәрбие құралы бола алған. Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да, нақты тәрбие құралына айналған. Қазақ бір ауыз сөзбен, тұрғанды отырғызған, жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген, еліргеннің екпінін басқан, бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған. Осылайша, қазақ деген халықтың; сөзді тыңдау, сөзге тоқтау, сөзде тұру, сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы, оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да, тәнін де емдеген. Қазақ тілмен тұлға, азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш, сөзі сойыл. Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге, білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген.

Slide 7

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан -буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне, сол қымбат, асыл қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтақ жайған. ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да, өңірлік, рулық, ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа отбасында тәрбие, үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді. Тәрбие тағылымдарының аясы атам заманнан қалып-тасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне, еңбек қимылдарының ауқымында, ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын. Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып, тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған. Осы аумақта, тәлім тәрбиелікк ұланғайыр тәжірибе жинақталып, Ұлы даланың ұлық ұстаздарының зерделеуі нәтижесінде-қазақтың отбасылық педагогикасы қалыптасуына негіз болған. Оны осы заманғы зерттеушілер Әулет педагогикасы деп атап жүр. Қазақтың тәлім-тәрбиелік ілім-бідім тек әулеттік педагогикамен шектелмейді. Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының, өз таным шанағында зерделенген талай ілімдер бар . Мысалы: Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр), Жүсіп Баласағүнидің жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр), Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр), Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы), Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында) . М. Жұмабаевтың Тәрбиелік ұлттық ілімі, М. Ж. Көпейұлының түгел адам ілімі Ақыт қажының иманжүзді адам ілімі, т. б. Бұларға қазақтың әлеуметтік мектептерінің тәжірибесін қосыңыз.

Slide 8
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz