Шығыс Қазақстан облысы жайлы



Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік - шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылы құрамына Семей облысы енді. Облыс құрамында 15 әкімшілік аудан, 10 қала, 24 кент, 823 ауыл бар. Жер аумағы 283, 2 мың км2. Тұрғыны 1, 43 миллион адам. Облыс орталығы - Өскемен қаласы. Өскемен қаласы батысқа қарай 378 км жерде, Ертіс өзенінің екіжағында орналасқан. Тұрғыны 278, 8 мың адам. 1939-97 жылы Семей облысының орталығы болған.

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жылдағы халыққа арналған Жолдауында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдауға ерекше көңіл бөліп, елімізді бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосу маңызды орын алатының көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жаңа технологиялармен өндірістерді құрастыруын ынталандыру керек, ал экологиялық сұрақтардың шешілуі халықаралық стандарттарға сәйкес, аумақтық даму негізінде жүргізілуі қажет.
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау жүйесі қатан әкімшілік және бақылауда құрастырылған. Осының нәтижесінде қоршаған ортаны ластауын өсуін көбейтпеуге мүмкін болса, істегі табиғат қорғау заңнамасының кемелсіз екендігі туралы сұрақ туындап, заң бұзушыларға толық көлемде әсер ете алмаймыз. Біздер заңға бағынатын кесімдердің жоқтығынан бірнеше талап-арыздары бойынша ұтыламыз. Сондықтан да Елбасымыздың экологиялық кодексті қыбылдау туралы мәлімдеуі маңызды болып табылады. Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша озық еурапалық елдерде ластаушыларға әсер ететін тиімді механизм болып табылады.
Экологиялық кодексін әзірлеу Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу процесіне және Бүкіләлемдік тауар ұйымына түсуге өте маңызды.
Еуропа Одағының тәлімі бойынша біздің республикада қоршаған ортаның сапасына нысаналық өлшемдер жүйесі қабылдану қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Премьер - Министрінің өкімімен
Экологиялық кодекс жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оған мүдделі Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кірді.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі кодекс жобасын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіріп, орындауын бақылайды. Министрліктің Қоғамдық кеңесінде құжаттар қаралып, екі рет Қоғамдық тыңдаулар жүргізілді.
Кодекс жобасын әзірлеуге Қазақстан және шетелдердің ғалымдары мен мамандары, Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйымның Экологиялық директорының өкілдері және тағы басқалар қатысты. Қоршаған ортаны қорғау бойынша істегі заңдардың сәтті баптары мен қағидалары енген.

Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Кодекс қағидаларын іске асыру кезеңмен жүргузілуге жоспарланып отыр. Кодекстің жаңа нормалары көбінесе бизнес өкілдеріне қатысты. Олардың экологиялық төтенше жағдайлары үшін жауапкершілігі артады. Жаңа экологиялық кодексінде экологиялық менеджменттің заманауи әдістерінің саласы бойынша заңнамалық ағаттықтар түзетіліп, біздің республикамызбен бекітілген халықаралық келісімдер және конвенциялары бойынша міндеттемелердің заңнамалық қолдануы қамтамасыз етілді.
Өндірістік бақылау мен өзіңдік мониторингтің, экологиялық аудиттің, ИСО стандарттары мен ең таза технологияларға өндірістердің көшуін ынталандыру рөлі күшейіп, экологиялық ақпараттарды жасырып немесе бұрмалауына жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына айрықша көңіл бөлінген. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны ластаудан қорғау бойынша шараларды қаржыландырудың экономикалық механизмдерін құрастыруға тірек жасалған.
Аумақтық деңгейде экологиялық саясатты өткізе отырып, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы барлық деңгейдегі депутаттармен, өкілетті органдармен, табиғатты қолданатын - кәсіпорындармен, халықпен Экологиялық кодекс жобасын кең талқылауда. Облыс аудандарында Кодекс қағидаларын түсіндіру үшін көшпелі шаралар өткізіліп, оны тез қабылдау керектіге түсіндірілуде.
Жалпы экологиялық кодексінің қабылдануы және экологиялық заңнамасын қайта құру бойынша шаралардың барлық кешенін іске асыруы қоршаған ортамен басқару жүйесін жетілдіруіне, бұл салаға корпоративтік инвестицияларды тартуға, Қазақстан Республика Президентімен экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында қойылған міндеттерге жетуге мүмкіндік туғызады.

Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы
Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы. 2008 жылдың 1 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322, 6 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер - 8672, 6 мың га (облыстың жер қорының 30, 6 % ), елді мекендер жерлері - 2918, 0 мың га (10, 3 %) ; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шауашылығы мақсатына арналмаған жерлер - 184, 5 мың га (0, 6 %) ; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер - 1504, 1 мың га (5, 3 %) ; орман қорының жері - 2140, 9 мың га (7, 6 %) ; cу қорының жері - 572, 0 мың га (2, 0 %) және босалқы жерлер - 12354, 7 мың га (43, 6 %) .
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 8672, 6 мың га құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда осы санаттың жері жаңа шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарын ұйымдастырудың және бар шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарына қосымша жер беру есебінен 938, 8 мың га ұлғайды. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылық алқаптары 8517, 9 мың га (98, 2 %) құрайды, оның ішінде егістіктер 1173, 4 мың га (13, 5 %), көп жылдық екпелер 2, 2 мың га (0, 03 %), тыңайған жер 284, 8 мың га (3, 3 %), шабындық 414, 3 мың га (4, 8 %), жайылым 6642, 7 мың га (76, 6 %) . Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 17969 құрайды, олар 6874, 9 мың га көлемді алып жатыр. 2007 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер) қожалықтары 286 азайды, ірілендіру есебінен жерлердің ауданы 772, 7 мың га ұлғайды.

Жер қорының құрылымы
Мемлекеттік емес ауыл шаруашылықтық заңды тұлғалардың саны 1623 мың га көлемде 485 құрайды, оның ішінде шаруашылық серіктестер мен акционерлік қоғамдардың жерлері 1345, 3 мың га, ауыл шаруашылықтық өндірістік кооперативтердің жерлері 196, 9 мың га, басқа да мемлекеттік емес кәсіпорындардың жерлері 80, 8 мың га. 2007 жылмен салыстырғанда аталған мемлекеттік емес агроқұрылымдардың жерлері жалпы алғанда 193, 5 мың га көлемде 16-ға көбейген. Мемлекеттік ауыл шаруашылықтық заңды тұлғалардың саны 168, 1 мың га көлемде 150 құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда мемлекеттік агроқұрылымдар жалпы алғанда 26-ға көбейді, аудандары 27, 5 мың га кеміді.
Елді мекендердің жерлері. Елді мекендер жерлерінің көлемі 2918, 0 мың га немесе облыстың барлық жер қорының 10, 3 % құрайды. 2008 жылы елді мекендердің саны 21-ге азайды, осы санаттың жерлері 14, 2 мың га ұлғайды. Елді мекендер жерлерінің құрамында қалалар мен кенттер 171, 9 мың га (5, 9 %), ал, ауылдық елді мекендер - 2749, 1 мың га (94, 1%) алады.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің көлемі 184, 5 мың га, облыстың жалпы көлемінің 0, 7 %-ын құрайды, оның ішінде: - өнеркәсіп кәсіпорындарының жерлері - 42, 9 мың га (23, 3 %) ; - автомобиль көлігінің жерлері - 33, 5 мың га (18, 1 %) ; - теміржол көлігінің жерлері - 14, 0 мың га (7, 6 %) ; - байланыс жерлері - 1, 3 мың га (0, 7 %) ; - басқа да ауыл шаруашылықтық емес кәсіпорындар - 92, 8 мың га (50, 3 %) . 2007 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп кәсіпорындарына қосымша жерлерді бергеннен осы санаттың жерлерінің 11, 2 мың га ұлғаюы байқалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері. Осы санаттың жерлерінің көлемі 2007 жылы өзгерді және және 1504, 1 мың га (5, 3 %) құрайды, оның ішінде емдеу - сауықтыру мақсатындағы 0, 5 мың га, қорықтар, ұлттық саябақтар, дендрологиялық және зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар - 839, 1 мың га. 57, 7 мың гектарға ұлғаю болды, оның ішінде Марқакөл қорығына қосымша 27, 9 мың га көлемде жер беру және Батыс -Алтай қорығына 30, 1 мың га жер беру есебінен болды, сондай-ақ «Семей Орманы» ОМТР көлемін нақтылау есебінен 0, 3 мың га азайды.
Орман қорының жері. Есептік жылы орман қорының жалпы көлемі 2140, 9 мың га (7, 6 %) құрады. Жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға аумақтарға ауыстыру есебінен 46, 4 мың га кеміді.

«ҚАЛБАТАУ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ЗАУЫТЫ» АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Шаруашылық 1932 жылы бөлінген «Гигант» кеңшарының негізінде құрылды. Кейінірек ол «Скотовод» кеңшары болып аталды. 1981 жылы Қазақстанның Ленин Комсомолы атындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы болып аталды, 1982 жылдан бастап асыл тұқымды мал зауыты атағына ие болғаннан кейін «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» болып аталды.
Негізгі саласы - асыл тұқымды мал өсіру. Қазақтың ақ бас тұқымдас ірі қара малын асылдандыру жұмысы 1965 жылдан басталды. 1968 жылы шаруашылық асыл тұқымды шаруашылықтар қатарына өтті.
«Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ААҚ қазіргі табыны - жергілікті қатаң табиғатқа бейімделген таза қанды мықты конституциялы асыл тұқымды мал. Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетінің оқымыстылары шаруашылықтың мамандарымен, ҚР мал тұқымын асылдандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлермен бірлесе отырып, Қазақтың ақ бас сиырының зауытта өсіруге болатын жаңа мүйізсіз түрін ойлап шығарды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 18. 04. 97. ж. № 47 бұйрығымен шаруашылыққа «Қалбатау асыл тұқымды мал зауытының қазақтың ақ бас тоқал сиыры» аты берілді. Қалбатау асыл тұқымды малына Республиканың ет өндіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің сұранысы өте жоғары. Соңғы жылдары Павлодар, Ақмола, Алматы облыстарына 1000 бастай асыл тұқымды мал төлдері сатылды.
Шаруашылық зооветмамандармен және инженерлік-техникалық мамандармен толық қамтылған. Бүгінгі күні «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ААҚ 2700 бас қазақтың ақ бас сиыры бағылады.
Сонымен қатар, 350 жылқы, 250 шошқа және 1000 ангор ешкілері, 2000 қаз ұстайды. Шаруашылық егіншілікпен айналысады. Биылғы жылы 4000 га жерге бидай, 1000 га жерге арпа егілді. Шаруашылықтың 10 К-700 тракторы, 20 «Нива» комбайны, 25 доңғалақты тракторы және жүк автокөліктері бар өзінің машина трактор паркі бар. 2004-2005 жылдары машина трактор паркі 4 МТЗ-80 және 4 «Нива» комбайнымен толықты.
Өнім өндірумен қатар, шаруашылық ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысады. Оның шағын диірмені, наубайханасы, макарон цехы бар.
2004 жылы 25 мың жұмыртқаға есептелген инкубатор және аусымына 180 кг шұжықөнімдерін шығаратын цех іске қосылды. Шаруашылық ауылдық әлеуметтік дамуына қатты көңіл бөледі. Атқарылып жатқан шаралар «Қазақстан 2030» және «Казақстан Президентінің Қазақстан Халқына жолдауын насихаттауға негізделіп, жүзеге асырылуда.

«ӨСКЕМЕН АРМАТУРА ЗАУЫТЫ»
«ӨСАЗ» АҚ құрыш құбырлық арматура нарығының және мұнай скважиналарының кемерін жайластыруға арналған құрал-жабдықтар нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, 27 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар машина жасау кәсіпорны. Бұл Қазақстанның елдің ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерде де бәсекеге қабілетті өнім шығаратын санаулы машина жасау кәсіпорындарының бірі.
Кәсіпорын құбырлық запорлық арматураны шығарушы ғана емес, әзірлеуші де болып табылады. Жыл сайын 6-дан 10-ға дейінгі жаңа бұйым өндіріске қойылады. «Өскемен арматура зауыты» АҚ соңғы 10 жылда халықаралық көрмелер мен конференцияларда әртүрлі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Наградалардың қатарына мыналар кіреді: «Газ. Мұнай - 99» VІІ Халықаралық көрмесіне қатысушының дипломы; өнеркәсіптік және құбырлық арматураны өндіріп сатқаны үшін «Сібір: Экспорт - Импорт» Сібір жәрмеңкесінің алтын медалі, Новосібір қаласы, 1999 жыл; «Қазмұнаймаш - 2000» І Республикалық көрмесіне қатысушының дипломы; мұнай-газ кешенін жабдықтағаны және сервис индустриясы үшін «Қазақстан мұнайгазы - 2001» Халықаралық көрмесіне ұсынылатын өнімнің жоғары сапасы үшін; мақұлдау сертификаты LLOYD S REGISTER № RU 010002; ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентінен алғыс.
Халықаралық стандарттар бойынша өнім шығару дамудың перспективалы бағыты болып табылады. Даму өндірісті жаңарту, қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді және материалдарды қолдану, жоғары технологиялық үрдістерді енгізу және жаңа сапа стандарттарына көшу арқылы жүретін болады.
«Өскемен арматура зауыты» АҚ орнықты қаржылық және экономикалық дамуды қамтамасыз ету, номенклатурасы кең бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін қазіргі заманғы техника сатып алу және прогрессивтік технологияларды енгізу арқылы кәсіпорынды жаңарту жөнінде іс-шаралар әзірледі. 2007-2010 жылдарға белгіленген даму бағдарламасын іске асыруға жетпейтін қаржыны толықтыру үшін кәсіпорын қазіргі кезде Еуропалық даму және қайта құру банкінен 195 млн. теңге сомасында қаржыландыру тарту үшін бизнес-жоспар әзірлеп жатыр.

«ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫ»
«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы губкалық титанды, магнийді құймалар мен ұнтақтар, ванадий бестотығы түрінде өндіретін әлемдегі аса ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын өнімнің мынадай түрлерін шығарады: әртүрлі маркадағы губкалық титан; чушкалардағы алғашқы магний, магний ұнтағы; ұнтақ түріндегі ванадий бестотығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz