Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті балдырлар




Презентация қосу
Эвгленалар, Диатомды,
Пирафитті балдырлар

Дайындаған: Зұлпұхар Жанар
Ибадулла Мағжан
Ақыш Сандуғаш
Жоспар
Кіріспе бөлім:
Жалпы сипаттамасы;
Негізгі бөлім:
Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті
балдырлардың көбеюі;
Қорытынды;
Жалпы сипаттамасы
Ботаниктер балдырлар бөліміне, ал
зоологтар қарапайым жәндіктерге
жатқызатын, өсімдік пен
жануарлардың туыстығына айқын
дәлел бола алатын біржасушалы
жәндік - жасыл эвглена. Бұлардың
900-ге тарта түрі белгілі, бұрынғы
КСРО-да 430 түрі мекендейді.
Кейбір түрлері осмостық қысым
және фототәсілмен
қоректенетіндіктен, жасыл эвглена
қарапайымдар класына жатады.
Диатомды балдырлар (Dіatomeae) –
бір клеткалы организмдердің
айрықша тобы. Олардың
клеткалары кремнеземнен тұратын
тасқабықпен (панцирь) қапталған,
сондықтан оларды кремнийлі
балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те
атайды.
Жасыл эвгленаның тіршілігі,
сыртқы құрылысы және қозғалуы
Дене тұрқы 4-500 микро
миллмметрден аспайтын жасыл
эвгленаны органикалық заттары мол
тұщы суқоймалардан, жағаға жақын су
түбінен жиі кездестіруге болады.
Эвгленаның пішіні сүйір жапыраққа
ұқсас, денесінің алдыңғы жағы доғалдау,
артқы жағы сүйірлеу келеді. Амеба
тәрізді эвгленаның денесінде де нақтылы
қабыршақ болмайды, дегенмен
цитоплазмасы дене пішінін сақтайтын
тығыздау келген сыртқы қабатпен
қапталады. Сондықтан эвгленаның дене
пішіні өзгермейді. Біржасушалы эвглена
денесінің алдыңғы жағынан ойыс
байқалады. Бұл – эвгленаның
жұтқыншағы. Жұтқыншақта жіп
тәрізді талшық орналасады. Талшық –
цитоплазманың созындысы, эвгленаның
қозғалу мүшесі. Эвгленаның алдыңғы
жағындағы талшық ширатылып,
тарқалғанда және толқындана иілген
кезде жәндік доғал жағымен алға қарай
жылжиды.
Көбеюі
Жасыл эвглена жыныссыз
жолмен, бөліну арқылы көбейеді.
Ең алдымен денесінің артқы
жағына қарай орналасқан ядросы
бунақталып, болашақтағы жас
эвгленаның алдыңғы бөлігінде
жаңадан талшық пайда болады..
Бұдан соң эвгленада екі
жұтқыншақ түзіліп, жиырылғыш
вакуольдің екі ажырағаны және
ядро пайда болғаны байқалады.
Эвглена басқы бөлігінен дененің
соңғы жағына қарай біртіндеп
екіге ажырап, денені ұзынынан
бойлай екіге бөлінеді. Көбею кезінде
эвгленаның денесіндегі жасыл
тақташалар да екі еселенеді.
Сөйтіп, алғашқы бір эвгленадан
жаңа екі жас эвгленалар айда
болады.
Эвгленалардың әртүрлілігі
Диатомды балдырлар
Диатомды балдырлар табиғатта өте
кең таралған: ащы, тұщысуларда, су
қоймаларында, ылғалтопырақта, мүкте,
су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12
мыңдай түрі (ішінде
қазбадантабылғандары да бар) белгілі.
Олар 2 класқа (Рennatophyceae,
Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге
тартатуысқа біріктіріледі. Қазақстанда
700-ге жуықтүрі бар.
Диатомдыбалдырларөтемайда (4 – 2000
мкм) келеді, жекенемесешоғыр (жұлдыз,
тізбек,таспа, жіпше, бұтатәрізді)
құрыптіршілікетеді. Диатомды
балдырлардың хлоропластылары а және
с хлорофиллдерінен және қоңыр түс
беретін фукоксантин затынан тұрады.
Клетканың тасқабығы қақпағы (эпитека)
бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен
тең екі бөліктен құралады.
Диатомды балдырлардың
әртүрлілігі
Диатомды балдырлардың маңызы
Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді
сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгінді тау
жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың
қабықшаларынан тұрады. Диатомды балдырлар
юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық
балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан
деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды
балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады.
Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті
болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары,
тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста
кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су
жануарлары қоректенеді.

Ұқсас жұмыстар
Диатомды балдырлар
Диатомды балдырла
Диатомды және эвгленалы балдырлар
Диатомды жә не эвгленалы балдырлар
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Пәндер