Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері туралы


Slide 1

Майда еритін витаминдер. А, D, E, K витаминдері

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе.

Витаминдер туралы ұғым

Негізгі бөлім.

1. Витаминдер, олардың жіктелуі.

2. Витаминдердің құрылысы

3. Тағамдық қайнар көздері

Қорытынды.

Slide 3

Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.

Slide 4

Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Slide 5

Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады. Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады.

Slide 6

Витаминдер

Майда еритін

Суда еритін

Slide 7

Майда еритін

Slide 8

Майда еритін дәрумендер.

А дәрумені-ретинол. Майда еритін дәрумендерге жатады. Ретинол циклды бір атомды қанықпаған спирттерге жатады.

А дәруменінің авитаминозы кезінде ксерофтальмия, көздің тұнық пердесінің құрғауы байқалады.

Slide 9 Slide 10

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.

А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

Slide 11

А витамині (ретинол) .

Slide 12 Slide 13

D дәрумені-кальциферол. Д дәрумені стериндерге жататын, циклды қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, соңан соң қанға түсіп бауырға жеткізіледі.

Slide 14

Д витамині

Д витамині ( кальциферолдар) .

Кальциферолдар- антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, сонон соң қанға түсіп, бауырға жеткізіледі. Балалар үшін Д витаминнің тәуліктік қажеттілігі 12-25 мкг, ересектер үшін ондаған есе аз. Д вит. көптеген жануар текетес тағамдарда (бауырда, сары май, сүт), өсімдік майларында, ашытқыда кездеседі. Балықтың бауырында Д витамні өте көп. Балаларда Д витамині жетіспеген кезде Д гиповитаминозы- рахит дамиды. Бұл аурудың негізгі белгісі- сәйкес симптондар арқылы көрінетін сүйек тканнің кальцификация пройестерінің зақымдалуы б. т. . Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік- бұлшық еттік қозудың зақымдалуы орын алады.

Slide 15

D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды.

Slide 16

Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады.

Slide 17

Рахит

Slide 18

Рахит

Slide 19

Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интокскация дамуы мүмкін, ол нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы, краниостеноз белгілерінің дамуы, ал ересектерде- сүйек тканінің деминерализациясы белгілірімен және сынғыштығымен және қанда кальций мен фосфаттардың деігейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде кальцинаттардың түзілуімен сипатталады.

Slide 20

Д витамині ( кальциферолдар) .

Эргостерин

D2 (эргокальциферол)

7-Дегидрохолестерин

D3 (холекальциферол)

Slide 21 Slide 22

Балаларда Д дәрумені жетіспегенде рахит пайда болады. Рахит кезінде кальций мен фосфордың алмасуы бұзылады. Остеомаляция дамиды. Рахит кезінде сүйектің түзілу процесінің бұзылуы тістің өсуіне, алғашқы тістің пайда болуы мен дентиннің дамуы, тістері дұрыс пішінді болмай өсуіне зиянын тигізеді. Тәуліктік қажеттілігі балалар үшін 12-25мкг, ересек адамдар үшін 12 мкг жеткілікті.

Slide 23

К витамині

К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б. ), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.

Slide 24 Slide 25

К дәрумені-К дәруменінің 3 түрі:К1, К2, және К3 дәрумені болады. К1 дәруменін жоңышқадан, К2 д-н шіріген балық ұнынан бөліп алынған.

К дәруменінің авитаминозы кезінде паренхиматозды, капиллярлы қан кету пайда болады. Қаштан жапырағы, қалақай, асқабақ, жаңғақ майы К дәруменіне бай.

Slide 26

К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Витаминдерге жалпы сипаттама
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К туралы
Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері
ВИТАМИНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Д’’ ДӘРУМЕНІ
Фолациндер алмасу коферменті
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Витаминдердің фармакологиялық үйлесімсіздігі
Сырт көрінісі сары май түсті зат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz