Омыртқа ауруларының сәулелі диагностикасы. Балалардағы ерекшелігі


Slide 1

Тақырып:Омыртқа ауруларының сәулелі диагностикасы. Балалардағы ерекшелігі

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

Омыртқа ауруларының диагностикасында қолданылатын сәулелі диагностика әдістері

Омыртқа зақымдалуының рентгенологиялық, КТ, МРТ синдромдары

Омыртқа зақымдалуының балалардағы диагностикасының ерекшеліктері

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Кіріспе

Вертебрологияда сәулелі диагностиканың негізгі әдістері МРТ және КТ болып табылады, олар көптеген аурулар мен зақымдануларда өте маңызды. Алайда, омыртқа патологиясының алғашқы диагностикасында рентгенологиялық әдіс бұрынғысынша өзінің маңызын жоғалтқан емес.

Slide 4

Спондилография

Омыртқаның рентгенографиясын міндетті түрде екі өзара перпендикулярлы кескіндерде орындайды: тура артқы және бүйір. Сонымен қатар, омыртқааралық буындар мен тесіктер сияқты кейбір анатомиялық бөлшектерді бейнелеу үшін қиғаш кескіндердегі рентгенограммаларды жасайды. Омыртқааралық дисктердің өзгерістерін анықтау үшін және омыртқаның мойын және бел бөлімдерінің қозғалыс қызметін зерттеу үшін омыртқаның максимальды бүгілуі мен жазылуы кезіндегі бүйір кескіндерде спондилограммаларды орындаумен функционалды зерттеулерді жүргізеді.

Slide 5

Функционалды рентгенография

Функционалды рентгенография - омыртқаның максимальды бүгілу және жазылу кезінде бірдей проекцияда түсірілген 2 және одан көп снимоктар.

Снимокта L3-4 аймағында омыртқаның аса қозғалгыштығы, остеохондроздың ерте фазасы.

Slide 6

Тура кескіндегі омыртқаның мойын бөлімінің рентгенограммаларында төрт төмен мойын омыртқалары бейнеленеді, себебі, жоғары омыртқалар төменгі жақ пен шүйде сүйегімен жабылады. I және II мойын омыртқаларын зерттеу үшін ауызды ашу арқылы тура кескіндегі рентгенографияны орындайды. Бұл кезде рентгенограммада І мойын омыртқасының бүйір массалары және оның көлденең өсінділері, ІІ мойын омыртқасының денесі мен көрінеді. І бүйір массалары мен ІІ мойын омыртқасының буын өсінділері арасындағы рентгендік буын саңылауы айқын көрінеді( “бастың төменгі буыны”) . Бұл рентгенограммада тіс тәрізді өсіндінің жарақаттық зақымданулары, деструктивті немесе дегенеративті -дистрофиялық өзгерістер анықталуы мүмкін.

Slide 7 Slide 8

Бүйір кесіндегі омыртқаның мойын бөлімінің рентгенограммасы осы бөлімді барлық қашықтықта анықтау үшін арналған. Бүйір кесіндегі рентгенограммада омыртқа денелері, омыртқааралық дисктер, буындар, сүйір өсінділері жақсы көрінеді. Омыртқа денелерінің артқы бөлімдеріне жартылай сопақ түріндегі көлденең өсінділер жабылады.

Slide 9

Омыртқаның кеуде бөлімінің рентгенограммаларын да екі өзара перпендикулярлы кескіндерде орындайды.

Тура кескіндегі рентгенограммада омыртқа денелері, омыртқааралық дисктер, доға аяқшалары, көлденең және сүйір өсінділері көрінеді. Қабырғалардың басы мен омыртқалардың денелерінен түзілген қабырға-омыртқалық буындар және қабырға төмпешіктері мен көлденең өсінділерінен түзілген буындар жақсы көрінеді.

Әртүрлі қабыну, ісікті ауруларды, дегенеративті-дистрофиялық зақымдануларды, даму ауытқуларын және жарақаттық зақымдануларды анықтау үшін қолданылады.

Slide 10

Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің рентгенологиялық зерттеуінде анатомиялық ерекшеліктері бар.

Тура кескіндегі спондилограмма бел омыртқаларының пішінін, жиегін және құрылымын, омыртқааралық дисктердің биіктігі мен пішінін, омыртқа статикасының ерекшілігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Бүйір суретте омыртқаның денелері және омыртқааралық дисктер жақсы көрінеді, жабылатын пластинкалар мен доғаның аяқшалары айқын көрінеді. Омыртқааралық дисктер де жақсы көрінеді. Бүйір суреттер омыртқа денелерінің биіктігінің біркелкілігі және омыртқааралық дисктердің жағдайы туралы дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Бүйір спондилограмма осы омыртқа бөлімінің даму ауытқуы, дегенеративті-дистрофиялық, қабыну, ісікті аурулар және жарақаттық зақымданулардың диагностикасы үшін маңызды ақпарат береді.

Slide 11 Slide 12

Рентгендік компьютерлі томография

КТ сканирлеудің барлық қашықтығында омыртқаның әртүрлі құрылымдарының қабаттық көріністерін алуға мүмкіндік береді, соның ішінде паравертебральды аймақтың жұмсақ тіндері, трабекулярлы және қыртысты қабаттарымен сүйек құрылымдары, құрамында май тіні бар жұлын өзегі, жұлын, дүйке түйіндері, жұлын-ми сұйықтығы.

Спиральды режимдегі КТ-зерттеу омыртқа жарақаты бар науқастарда диагностиканың қолайлы әдісі болып есептеледі. Сүйек құрылымдарының, аралас мүшелер мен тіндердің барлық анатомиялық өзгерістерін сипаттауға және дуральды қаптың жағдайын бағалауға болады.

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Магнитті-резонансты томография

Жабдықтың техникалық ерекшеліктеріне тәуелсіз міндетті түрде сагиттальды жазықтықта зерттелетін омыртқа бөлімінің Т1-ӨК және Т2-Өк алады.

Кейін сагиттальды кесінділерде анықталған патологияға байланысты зақымдалу деңгейінде аксиальды немесе фронтальды жазықтықтағы көріністерді орындайды.

Slide 17

Омыртқа және жұлын құрылымдары Т1-ӨК-те жақсы көрінеді. Бұл кезде жұлын сагиттальды жазықтықтағы томограммаларда субарахноидалды кеңістік пен байланыс жүйесінен шыққан гипоқарқынды дыбыс көрінісінде изоқарқынды дыбысты болады. Оның жиектері және омыртқа өзегінде орналасуы айқын көрінеді. Омыртқа денесінің сүйек кемігі, омыртқааралық дисктердің ядросы орташа қарқынды дыбыс береді. Жабылатын пластинкалардың кемікті сүйек тіні судың аз мөлшерінің болуына байланысты айқын гипоқарқынды дыбыс береді. Фиброзды сақина гипоқарқынды.

Slide 18

Т2-Өк жұлын омыртқа денесінің сүйек кемігі мен байланыс жүйесі сияқты изоқарқынды МР-дыбыс береді. Омыртқааралық дисктердің орталық бөлігініңМР-дыбысы жұлынмен салыстырғанда жоғары болып табылады. Фиброзды сақинаның сыртқы бөлігі дисктің шеткі гипоқарқынды бөлігін құрайды.


Ұқсас жұмыстар
Балалардағы ірі қан тамырларының сәулелік диагностикасы
Механикалық ішек өтімсіздігі
Бауыр топографиясы
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Балалардағы жедел аппендицит
Балалардың асқорту мүшелері зақымдануларының семиотикасы
Холера
Гинекологиялық УДЗ
Сколиоздың себептері
Бүйрек құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz