Генетикалық экологиялық аурулар
Презентация қосу
Генетикалық
экологиялық
аурулар
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін
биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың
тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы
ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos”
— шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы
ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің
заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту
үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика
ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология
ғылымының басқа салаларының арасында
маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі
материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ
алмастыруымен қатар жүріп отырады.
Тіршілік организмдердің
көбеюімен тікелей байланысты.
Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән
белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі
дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.
Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік
жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері
өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен,
ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ
олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір
ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай
да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.
Организмнің тұқым
қуалаушылық қасиеті
сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі
өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді.
Көбею барысында организмнің белгілі бір
қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар,
екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған
байланысты олар жаңарып, түрлене
түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік —
бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-
біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты
процестер.
Өндірістік және қазбамен айналысатын
кәсіпорындардың көп жылғы жұмыстары, Семей
ядролық полигонындағы сынақтар, Арал
теңізіндегі экологиялық жағдай, сулардың ауыр
металдармен, пестицидтер және басқа да
органикалық қосылыстармен ластануы тек
қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар
халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті. Ал
мұның генетикаға тікелей қатысы бар. Өйткені
көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа
ауысатын гендік мұраларының және қоршаған
ортаның қатысуымен пайда болады.
Сонымен қатар қазіргі күні адам ағзасын рак
ауруларының кейбір түрлерінен қорғайтын гендер
де табылып отыр. Олардың қоршаған ортадағы
қолайлы жағдайлармен қосыла келе неғұрлым
тиімді әрекет ететіндігі анықталған.
Осындай тақырыптарды қозғайтын бұл курсқа
қазіргі күні экологиялық генетика және адам
генетикасының көкейкесті бағыттарында
зерттеулер жүргізіп жатқан АҚШ, Жапония,
Түркия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан,
Тайланд және Қазақстанның белгілі ғалымдары
қатысады. Бұл жағдайдың өзі елімізде аталған
ғылымның дамуына, еліміздегі экологиялық
зерттеулердің ғылыми негіздер бойынша жүйелі
жүргізілуіне де өзіндік әсер етуі тиіс.
Негізгі медициналық-демографиялық
көрсеткіштерге мыналар жатады: қоршаған
ортаның ластануына байланысты ауру, бала өлімі,
медициналық-генетикалық бұзылулар, ерекше
және онкологиялық аурулар.
Экологиялық қолайсыз аумақтар бойынша
медициналық-демографиялық көрсеткіштер осы
климаттық-географиялық аймақтардың бақылау
(аялық) аумақтарындағы ұқсас көрсеткіштермен
салыстырылады. Осындай бақылау (аялық)
аумақтары ретінде елді мекендер немесе олардың
жеке бөліктері қабылданады, оларда
медициналық-демографиялық көрсеткіштердің
барынша қолайлы мәндері тіркеледі.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz