Электрондық пошта


Slide 1

Электрондық пошта

Орындаған: 1 группа

Геодезия және картография

ГК - 91

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Электрондық почта ( E- mail)

Outlook Express Электронды почтасымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама

Outlook Express жұмыс терезесі

Электронды почтаның жұмыс схемасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімдері

Slide 3

Кіріспе

Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есептеледі. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі денгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі “электронды почта” болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әр түрлі құжаттармен, жаңа жобалармен таныстырып, олардыңда осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Электрондық почта кез келген құжатты - ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма (адресі, аты -жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі текст (хаттың өзі) бола ма - бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Slide 4

Электронды почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен - біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынандай жұмыстар атқарады:

алынған мәліметтерді талдау және дайындау

- байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу

Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы компьютердегі текстік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен тексті дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Тексті оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларды тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін “қоржынға” тастап, керектеріне жауап жазу, кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты “почта жәшігіне” салып, керекті адреске жөнелтеміз.

Сонымен, электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы “байланыс бөлімі” өз компьютеріңізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.

Slide 5

Дайындалған корреспонденцияны жөңелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым - қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін атқарады. Компьютер ішіндегі өз “почта жәшігіңіздегі” бұрынғы салынған хаттар бүкіл тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана “жәшікте” жатады.

Дербес компьютерді жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келген барлық корреспонденция бір жәшікке түспей, адреске сәйкес осы компьютердегі өз иелерінің почта жәшіктеріне сұрыпталып салынады, олардыңда жіберілуге тиіс мәліметтері керекті адрестеріне жөнелтіледі.

Slide 6

Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта администраторы болып тағайындалады. Программаның басқаруымен компьютерге түскен заттар “талап етілгенше” келіп түскен почта жәшігінде жатады. Мұның қолайлы жағы - компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден жәшікте сақталып тұрып қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютер жады алынбаған хаттарға толып кетер еді. Сонда да көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестері дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.

Slide 7

Электрондық почта ( E- mail)

Электрондық почта ( E- mail) - Интернет қызметінің ең көп тараған және ішіндегі ең тиімділердің бірі.

Электрондық почта - кейінге қалдырылған оқудың типтік сервисі (offline) . Сіз Өзіңіздің хабарламаңызды кәдімгі мәтін түрінде жібересіз, адрессат өз компьютері арқылы біршама ұзақ уақыт ішінде алуы мүмкін және сіздің хабарламаңызды өзі қай кезде қаласа, сол кезде оқи алады.

( E- mail) кәдімгі қағаз почтаға өте ұқсас, сонын артықшылықтары да, кемшіліктері де бірдей. Хат алушының мекен - жайы жазылып, жіберетін почта бөлімшесінің штампы қойылатын конверттен және ішінде мазмұны бар жеке хаттан тұрады. Электронды почта да конверттің ролін атқаратын қызметтік ақпараты бар тақырыптардан (хаттың авторы, алушы, желі арқылы жүру жолы және т. б. жөнінде) және жеке хаттың өзінен тұрады. Сіз әдетте кәдімгі хатқа бір нәрсе, мысалы, фотография саласыз; сол сияқты файлды да осы электронды почта арқылы жібере аласыз. Және кәдімгі хатқа қол қоя алсаңыз - электронды хатқа да

қол қоя аласыз. Кәдімгі хат адресатқа жетпеуі мүмкін немесе көп кешігіп жетуі мүмкін, ал электронды почта сол секілді. Кәдімгі хат арзан болса, электрондық почта да байланыстың ең арзан түрі.

Slide 8

Сонымен, электронды почта кәдімгі почтаның артықшылықтарын да (қарапайымдылығы, арзандығы, мәтіндік емес ақпаратты жіберу мүмкіндігі, хатқа қол қою және шифрлеу мүмкіндігі), кемшіліктерін де (жіберудің кепілдік берілмеген уақыты, жіберу кезінде үшінші тұлғалардың кіру мүмкіндігі, төмен интерактивтілігі) қайталайды. Дегенмен, олардың елеулі айырмашылықтары бар. Кәдімгі почтаны жіберу құны қайда, планетаның қай түкпіріне жеткізілуіне және оның көлемі мен типіне байланысты болады. Электронды почта үшін мұндай мәселелер жоқ немесе аса жоғары емес. Электронды хатты қағаз хатқа қарағанда барынша сенімді және ыңғайлы шифрлауға, қол қоюға болады - соңғысын, ашып айтқанда, жалпыға бірдей шифрлау құралдары жоқ. Электронды хаттарды жеткізу жылдамдығы оның басқа ресурстарына қарағанда барынша жоғары.

Slide 9

Тікелей кіру сервисі (on - line) ретінде пайдаланылатын Интернеттің негізінен барлық қызметттерінің электронды почтаға интерфейсі бар, яғни егер сіздің on - line режимінде Интернетке кіру рұқсатыңыз жоқ болса да, сіз арзан электронды почта арқылы Интернетте сақталған ақпараттың қомақты бөлігін ала аласыз.

Электронды почта хабарламасының жеткізу жылдамдығы оның қандай түрде берілетініне тікелей байланысты. Интернетке тікелей жалғанған екі машинаның арасындағы электронды хаттың жолы секунд қана болады және мұндайда хатты жоғалту немесе ауыстыру ықтималдылығы шамалы. Екінші жағынан, егер сіз өзіңіздің электронды хаттарыңызды беру үшін FTN(файлдарды тізбек бойынша көптеген компьютерлермен біртіндеп беру) технологиясын қолдансаңыз және хатты қандай да бір экзотикалық желіге жіберсеңіз, онда хат, біріншіден, ұзақ бірнеше күн және тіпті апта бойы жүруі мүмкін, екіншіден, тізбек бойынша беру уақытында байланыстың үзілуі кезінде босқа жоғалу ықтималдылығы жоғары болады, үшіншіден, оны жолда оңай ауыстыруы мүмкін.

Slide 10

Почталық программалардың түрі өте көп, олардың кейбірі тегін таратылады. Олар бір - біріне өте ұқсас тек безендірілуі жағынан, қосымша мүмкіндіктерімен және қабылданған стандартқа сәйкестігі дәрежесі бойынша біршама айырмашылықтары бар. Төменде Windows 95/98 жүйесіне арналған өте көп тараған почталық программалар сипаттамалары берілген.

Slide 11

Microsoft Outlook Express ­­­- Microsoft Office пен Microsoft Internet Explorer құрамына кіретін анағұрлым кейінгі программа. Оны серверден тегін көшіруге болады. Ол IMAP -ты сүйемелдейді және оның әр түрлі баптау саны көп.

Netscape Messenger - Netscape фирмасының тегін программасы, ол Netscape Communicator құрамына кіреді. Мүмкіндігі жағынан Outlook Express программасымен бірдей.

Eudora - Qualcomm фирмасыныңпочталық программасы. Жеңілдетілген нұсқасын (Eudora Lite) www. eudora. com серверінен тегін көшіріп алуға болады, ал толық нұсқасы ақшаға сатылады. Бастапқыда өте кең қолданылғанымен басқа өндірушілердің тегін программасы көп тарағандықтан, кейін дамымай қалды. Орыс тілінде мәлімет алысуға жарамайды.

Slide 12

The Bat - RITLABS фирмасының тез танымал болған программасы. Баптаулардың жеңілдігімен, бірнеше почталық жәшік жүргізу мүмкіндігімен, фильтерлер баптауларымен және корреспонденцияларды сұрыптауымен ерекшеленеді.

Почталық программаларды конфигурациялау тәсілдерінің бір - бірінен айырмашылықтары бар. Дегенмен барлық программаларға ортақ бірқатар баптаулар мен қасиеттер бар. Почталық программаны нақты бір почталық жәшікпен жұмыс істеуге лайықтау үшін оған келесі ақпараттарды міндетті түрде енгізу қажет:

Тіркелген электрондық адрес.

SMTP - серверінің адресі.

POP3(IMAP) - серверінің адресі.

4. Тұтынушы аты және почталық жәшікпен қатынас құру паролі - құпиясөзі (почталық жәшікті құру кезінде тіркеледі) .

Бұдан басқа программалау түрлері көп. Ішіндегі негізгі программаға көңіл бөлейік.

Slide 13

Outlook Express электронды почтасымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама

Outlook Express бағдарламасы электронды хат алмасуды Internet пайдаланушылары арасында енгізуге арналған. Осы бөлімді оқи отырып, сіз электронды почта хабарламасын жасауды, жіберуді және алуды үйренетін боласыз. Сонымен бірге, қандай да бір тақырып бойынша Internet - желілерде ұйымдастырылатын конференциялар - ақпарат алмасу туралы біле аласыз.

Slide 14

Outlook Express - тің мүмкіндіктері

http://www. uni-vologda. ac. ru/students/tal/d11. html

Outlook Express - Internet Explorer 4 - пен бірге орнатылатын кіретін және жіберілетін электронды почта хабарламаларын өңдеу үшін арнайы жасалған бағдарлама. Бағдарламаның таяу да ғана пайда болғанына қарамастан, онда почтамен жұмыс істейтін көптеген ірі бағдарламаларда болатын құралдар бар. Төменде Outlook Express бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері көрсетілген:

Хат алу - сіздің мекен - жайыңызға келетін хат сіздің талап етуіңіз бойынша да, сол сияқты автоматты түрде - белгілі бір уақыт аралығында почталық серверден Outlook Express бағдарламасы арқылы алынуы мүмкін.

Хатты оқу - Outlook Express - тің арнайы панелі арқылы да, сол сияқты жеке терезеде де оқуға болады.

Хат жіберу - Outlook Express жаңа хатты жазуға және салуға, алынған хатқа жауап беруге мүмкіндік береді. Хаттың мәтіні жай немесе HTML түрінде рәсімделуі мүмкін.

Хаттармен операциялар жасау - Outlook Express алынған хаттар үшін қосымша папкалар жасауға мүмкіндік береді. Хабарламаларды сұрыптау құралын пайдалана отырып, алынған хабарламаларды әр түрлі папкаларға бөлу тәртібін анықтауға болады.

Мекен - жайларды сақтау - хат жазылысатын адамдардың мекен - жайларын сақтау үшін адресік кітап пайдаланылады. Адрестік кітаптан алуға болатын каталогтар қызметі почталық мекен - жайды табуға жол ашады. Әйгілі почталық бағдарламалардың адрестік кітаптарын импорттау мүмкіндігі де бар.

Slide 15

Электронды почта өлшемдерін күйіне келтіру - хабарламаларды жіберу және қабылдау кезінде Outlook Express жұмысын күйіне келтіру үшін өзіңіздің қалауыңызға қарай өлшемдер қою қажет. Сонымен бірге, орфографиялық тексеруді іске қосу, жіберілетін хаттарға қолдар қою, сондай - ақ сандық қол қоюды пайдалану және хабарды шифрлау режимдерін анықтайтын өлшемдерді күйіне келтіру.

Slide 16

Outlook Express жұмыс терезесі

Outlook Express жұмыс терезесі үш негізгі бөліктен тұрды. Сол жағында сіздің почта жәшігіңіздің папкалары көрінеді:

Кіретін (Inbox) - мұнда серверден жаңа хабарлар келіп түседі;

Жіберілетін (Outbox) - мұнда жіберудің алдындағы хабарлар орналасады;

Жіберілген (Sent Items) - мұнда сіз жіберген хабарлардың көшірмелері сақталады;

Жойылған (Deleted Items) - Windows корзинасына ұқсас, мұнда автоматты түрде сіз жойған хабарлар орналасады;

Шимайбет (Drafts) - бұл папкіде сіз әлі жазып бітпеген, келешекте редакциялап және жөнелетін хабарларды сақтауыңызға болады.

Slide 17

Ағымдағы папканың мазмұны терезенің оң жағында көрінеді. Басқа папканы қарау үшін терезенің сол жағындағы оның белгісінде жүгіртпенің сол пернесін басау керек. Ашылған папканың аты мен белгісі Outlook Express құралдарының панелінің астындағы жолда көрсетіледі. Папканың аты соныме бірге бағдарламаның атымен қатар Outlook Express тақырыпшасының жолында да көрсетіледі.

Outlook Express - тің оң жағындағы терезесі екіге бөлінген. Жоғарғы жағында сіз қабылдаған электронды почта хабарларының барлығы, яғни тақырыптары, ал төменде сол таңдаулы хабардың мәтіні көрсетіледі.

Әрбір іске қосқан кезде Outlook Express өздігінен почта жәшігіндегі жаңа хабарлардың бар екендігін тексереді және оларды жеткізеді.

Outlook Express - ті бірінші рет іске қосқан кезде сіз екі хабар аласыз: біреуі - Outlook Express - ті әзірлеушілерден келіп түскен сәлемдеме, ал екіншісі - Outlook Express - тегі қауіпсіздік құралдарының сипаттамасы.


Ұқсас жұмыстар
Хат жіберу
Электрондық поштамен хабар жіберу
ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАР
ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА КЛИЕНТТЕРІ
Пошталық клиенттер
Ауқымды интернет желісі
Интернет қызметі электрондық пошта
Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондык пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz