Басқару ғылымының пәні, объектілері және зерттеу әдістері


Slide 1

Басқару ғылымының пәні мен әдістері

Кең мағынада алғанда басқару дегеніміз - қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру

Басқару - ұйымдаспаған тобырды тиімді мақстатталған және өнімді топқа айналдыратын ерекше қызмет түрі.

Басқару - ұйымның мақсаттарын анықтау мен оған қол жеткізу үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау үрдісі.

«Менеджмент» деген ағылшын сөзі «манус»-қол деген латын сөзінен шыққан

Slide 2

Басқару теориясының пәні - қоғам, мемлекет, ұжым және жеке тұлғаның мүдделерін ескере отырып қоғам мен табиғаттың объективтi заңдарын жүзеге асыру механизмдерін жасау және қолдану.

Басқару ғылымының зерттеу объектілері - тұтас алғандағы қоғам, мемлекет, экономика, соның iшiнде қаржы жүйесi, әлеуметтiк сала және адамның өзi.

Slide 3

Басқару теориясына талдау жасау

жалпылама

жалпы

жеке әдістер жүйесіне негізделеді.

Жалпылама әдіс - диалектикалық әдіс. Диалектика дегеніміз - кез келген құбылысты қозғалыс, даму негізінде қарастыру. Басқару қатынастарын зерттеуге диалектикалық көзқарас танымының талдау мен синтез, индукция мен дедукция, гипотеза мен эксперимент, бақылау мен салыстыру және т. б. әдістері қолданылады.

Басқару теориясы басшылық ету практикасымен тығыз байланысты. Сондықтан, эксперимент ғылыми әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Эксперимент кезінде мүмкін болатын шешімдер бір немесе бірнеше объектілерде тәжірибе арқылы тексеруден өтеді.

Slide 4

Басқару теориясында ғылыми абстракциялау әдiсi, жүйелiк-мақсаттық және кешендiк тәсiлдер жеке орын алады.

Экономикалық-математикалық әдіс басқару мәселелерін сипаттаған кезде сан жағынан анықтап, оңтайлы шешімдерді табу үшін математикалық аппаратты пайдалануға мүмкіндік бередi. Басқаруды математика тілінде сандық тұрғыда сипаттау құбылыстарды әртүрлі ғылым өкілдерінің айқын түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымының пәні мен әдістері: теориялық-әдістемелік негіздер, функциялар және басқару мектептері
Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері және әдістері
Саясаттану ғылымының пәні, әдістері және функциялары
Психология: пәні, зерттеу объектілері және тарихи дамуы
Клиникалық биохимия: кіріспе, зерттеу объектілері және әдістері
Агрохимия ғылымының қалыптасуы, міндеттері және зерттеу әдістері
Әкімшілік құқық: пәні, жүйесі және зерттеу әдістері
Педагогика ғылымының әдіснамасы: теория, деңгейлері және ғылыми-зерттеу әдістері
Жаратылыстану ғылымының негіздері және зерттеу әдістемелері
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz