Көшбасшылық, билік және ықпал ету теориялары: басқару стильдері мен тәсілдері


Slide 1

Көшбасшылық, билік және ықпал ету теориялары

Көшбасшылық - жеке тұлғалар мен топқа олардың күштерін ұйымның мақсатына жетуге бағыттай отырып ықпал ету қабілеті

Ықпал ету - бір тұлғаның басқа тұлғаның әрекетіне, қарым-қатынасына және сезіміне және т. б. өзгеріс енгізетін әрекет

Билік - басқалардың әрекеттеріне ықпал ету мүмкіндігі

Slide 2

Билік нысандары

Slide 3

Басқарудың үш стилі кездеседі: либералдық авторитарлық демократтық Либералдық стиль - мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік танытпайды. Іс - әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай стильдегі басшы тәртіп бұзуға қатаң талап қоймайды, қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді. Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге, сын - ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез - келген келіспеушілікті жағымсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорында тиімді жұмыс істей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесіздік, тәртіптің бетімен кетушілігі орын алады.

Slide 4

Авторитарлық стильдің негізі макиавеллизм деп аталады. Авторитарлық стильде шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. Бұйрық талқыланбайды, күдіктенуге хақың жоқ. Автократ бағыныштылардың іс - әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Мәжілісті көбінесе бағыныштыларына нұсқау беру түрінде өткізеді. Өзінің қарамағындағыларды жиі - жиі қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез - келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиімсіз, шығармашылық белсенділік туғызбайды. Дегенмен мұндай стиль өміршең келеді. Оның өзі басшының жеке басының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз ісін жетік білмесе, әрі кәсіби білім дәрежесі өзі басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда, автократтардың барлығы бірдей білімсіз, біліксіз емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда да авторитарлық стильді пайдалануға тура келеді.

Slide 5

Демократтық стильде (кооперативтік стиль деп те аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына айтылған сын ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым - қатынас жасауға тырысады, ол ешқашан бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымның басшысы емес, соның бір мүшесі ретінде әрекет етеді. Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы, ұсақ - түйекті елемейді, басты назарын түйінді міндеттерді шешуге шоғырландырады. Өзінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен санасады. Қарамағындағыларға нақты міндеттер, нұсқаулар береді. Тиісті жерінді мадақтай да, жазалай да біледі. Жұмысты әділ бағалайды. Мұндай жағдай ұжымда белсенділік, ұйымшылдық, татулық туғызады.

Slide 6

Көшбасшылық теориялары

Slide 7

Көшбасшылықтың мінез-құлық теориясы

Slide 8

Жағдайлық тәсіл


Ұқсас жұмыстар
Көшбасшылық: теориялары, функциялары, басқару стильдері мен билік формалары
Көшбасшылық стильдері мен басқару тәсілдері
Басшылық ұғымы, стильдері және ықпал ету тәсілдері
Медициналық ұйымдардағы көшбасшылық пен билік: басқару өнері, стильдері, іскерлік этика және жанжалды басқару
Лидерлік және басқару стильдері: адам қызметін басқарудың теориялық негіздері мен ықпал ету механизмдері
Басқару стильдері мен көшбасшылық: теориялық және қолданбалы аспектілер
Дәріс 13: Көшбасшылық стильдері мен теориялары, қалыптасу факторлары
Лидерлік теориялары мен басқару стилдері: менеджер имиджі және әлеуметтік архитектор ретіндегі жетекші
Қазіргі басқару психологиясының теориялары мен көшбасшылық тұжырымдамаларының SWOT-талдауы
Көшбасшылық стильдері: Левиннің моделі мен мінез-құлықтық тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz