Мәмілелер туралы


Slide 1

Мәмілелер

Slide 2

ЖОСПАР: 1. Мәміле ұғымы 2. Мәміленің түрлері 3. Мәміленің жарамдық шарттары 4. Жарамсыз мәмілелер 5. Жарамсыз мәмілелер түрлері

Slide 3

Мәміле азаматтық кодекстің 147- бабында азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері делінген.

Slide 4

Мәмілеге тән белгілер:

Тұлғаның ерік /тілек немесе ниет/ білдіруі;

Рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

Қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы;

Мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.

Slide 5

Мәмілеге қатысушылардың еркі:

Ауызша түрде

Егер мәмілеге қатысушылар ауызша айтқан болса, онда ол мәміле ауызша жасалған мәміле болады. Оған телефонмен жасалған мәміле жатады.

Конклюденттік әрекет

Тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азаматтың автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркі.

Үндемей қалу

Заңдарда немесе талаптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады. Мәселен, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана алады.

Slide 6

Мәміленің түрлері: 1. Бір жақты және екі немесе көп жақты; 2. Ақылы және ақысыз; 3. Нақты және консенсуалды; 4. Казуальды және абстрактілі; 5. Шартпен жасалған; 6. Биржалық;

Slide 7

Біржақты мәміле дегеніміз-

Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

Биржалық мәміле дегеніміз-

Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады.

Slide 8

Ақылы мәміле дегеніміз-

Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, онда ақылы мәміле болады. Мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады.

Ақысыз мәміле дегеніміз-

Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Slide 9

Консенсуалды мәміле

Консенсуалды мәмілелер /латынша concensus-келісім/- келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер.

Нақты мәміле

Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін / латынша res- зат / келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Slide 10

Каузальды және абстрактілі мәміле дегеніміз-

Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдылығына байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды.

Шартты мәміле дегеніміз-

Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді /оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті/, ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін.

Slide 11

Мәміленің жарамдық шарттары

Мәміленің жарамдығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар:

Мазмұны мен заң талаптарына сәйкестігі;

Мәмілеге қатысатын жіне оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі;

Еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі;

Мәмілелердің нысанын сақтау.

Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет

Slide 12

Орындағандар:

АБДИКАСОВА НАЗГУЛЬ

АЙТЖАНОВА МЕРУЕРТ

АРБАШИЕВА АЙНАГУЛЬ

АЛЬЗАХОВА БАНУ

АЛИБАЕВ АЗАТ

АБЖАНОВ СҰЛТАН

АМАНҚҰЛОВ ЕРКЕБҰЛАН

АРЫНОВ ДАСТАН

Slide 13

Жарамсыз мәмілелер

Азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады. Азаматтық кодекстің 157- бабында: “Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін ”.

Slide 14

Жарамсыз мәміленің түрлері:

субъект құрамының ақауы болатын мәміле;

Ерікке қатысты ақауы болатын мәміле;

Нысанның ақауы болатын мәміле;

мазмұнының ақауы болатын мәміле.

Slide 15

Субъект құрамының ақауы болатын мәміле 2 топқа бөлінеді:

Азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен байланысты.

Заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты.

Slide 16

Ерікке қатысты ақауы бар мәмілелер 2 топқа бөлінеді:

Мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле.

Ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.

Бірінші топқа бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады.


Ұқсас жұмыстар
Делдалдар арқылы жасалатын мәміле
КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕЛЕР
МӘМІЛЕЛЕР
Келісімшарттың түрлері
Шарттар мен мәмілер түрлері
Мәміле түрлері
Келісімшарт
Мәміле түсінігі, шарт және оның түрлері
Валюталық своп операциялары
Келісімшарт – кәсіпкерлік келісімдердің негізгі құжаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz