КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ


Slide 1

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ

Slide 2

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік туралы»

ҚР Заңы негізінде ЖШС фирмалық атауы және ЖШС белгісі болады.

ЖҚС-тің фирмалық атауы «жауапкершілігі қосымша серіктестікке» немесе ЖҚС сөзімен сәйкес болуы керек.

ЖШС азаматтық хұқыққа ие коммерциялық ұйым болып табылады. ЖШС-тің тұрақты орны болып оның негізгі қызмет органының орны болады.

Басқа жерлерде ЖШС филиалдар менөкілеттіктер аша алады. ЖШС құру оның құрылтайшыларымен құрылтайшылық келісім-шарт жасасу арқылы және серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуімен аяқталады.

Құрылтайшылық келісім-шарт

ЖШС-ң құрылтайшылық келісім-шарты:

Жазбаша түрде бекітіледі

әр құрылтайшымен немесе оның өкілетті өкілімен қол қойылады

нотариуспен куәландырылады

Заңды тұлға құрылтайшысы құрамына енетіндер олардың жетекшілерінің айтуымен заңды тұлға атынан сенім хатсыз жұмыс істей алады. Келісім-шарттан бас Тарту серіктестікке кіруден бас тарту болып табылады. Келісім-шартты түсінік негізінде жасауға жол берілмейді. Серіктестіктің жеке қатысушыларының статусы туралы келісім-шартта көрсетілуі тиіс. Құрылтайшылық келісім-шарт нотариуспен бекітіледі. Құрылтайшылық келісім-шартқа қол қоюшылар мемлекеттік тіркеуден кейін серіктестік құрамына кіреді.

Slide 3

Жарғы

Жаупкершілігі шектеулі серіктестік жарғысы серіктестіктің заңды тұлғалық хұқығын анықтайтын құжат болып табылады. Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтайшылық құжат ретінде қарастырылады. ЖШС жарғысы төмендегідей жасалады:

серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен адресі;

серіктестік қатысушыларының қатары немесе аттары, жеке куәліктері мен мекен-жайлары (серіктестіктен тыс серіктестік қатысушыларын тіркеушімен енгізудег атауы, мекен-жайы, банктік реквизиттер) ;

серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәлімет;

серіктестік органдарының құру және құзыретінің тәртібі;

серіктестік қызметін тоқтату мен қайта құру жағдайлары;

серіктестік қатысушыларын енгізу тіркеушімен жүргізілетін болса, серіктестік таза кірістік бөлініс тәртібі.

Серіктестік жарғысының даналары, сонымен қатар басқа да өзгергені туралы құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органда сақталады.

Жарғылық капитал

Жарғылық капиталдың алғашқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасынан кем емес және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткенненкейінгі айлық есептік көрсеткештің 100 еселік өлшеміне теңестіріледі. ЖШС-тің жарғылық капиталының салымы ақшалай, құнды қағаз, заттай, мүліктік хұқық түрінде болуы мүмкін, соынң ішінде жерді пайдалану мен зияткерлік қызметтің нәтижесіне хұқық.

Slide 4

Жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкер дегеніміз- заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады .

Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс. Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді (ҚР Салық Кодексі 375 б. ) . Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді (377-б ҚР СК) .

Slide 5

Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді.

Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге шығын өте аз. Мемлекеттік тіркеуден кейін жеке кәсіпкер ретінде мөр мен белгінің дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге төлейсіз. Егер сіз банкке есеп аштырамын десеңіз банктік карточкаларға қол қою үшін жасалатын нотариалды қызмет үшін де ақы төлейсіз (87 теңге, 4 карточкаға дейін), сонымен қатар егер сіз барған банкте ақылы болса, есеп аштырғаныңыз үшін де төлейсіз.

Slide 6

Өндірістік кооператив

Өндірістік кооператив

Жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады . Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек, және 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады . Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата -анасының, не қамқоршысының келісімі керек . Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады . Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі .

Құрылтайшылық келісім -шарт

Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім -шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады, және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі, сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі .

Жазбаша түрде бекітіледі

Барлық құрылтайшылар қол қояды

Нотариуспен куәландырылады

Slide 7

Жарғы

Өндірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады:

Кооперативтің фирмалық атауы;

Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен қабылданған шешімге байланысты.

Кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі; Кооперативтің таратуы мен қайта құрылуы тәртібі;

Кооперативтің әр мүшесінің пайлық мөлшері, құрамы мен мүлік салымының тәртібі туралы және салым салудағы олардың міндеттерін бұзушылығына жауапкершілік туралы.

Кооператив мүшелерінің мүліктік салымы.

Өндірістік кооперативтің мүліктік салымын кооператив құру мен қызметіне арналған және шығынды жабудағы алғашқы капитал құрайды. Кооперативке мүліктік салым ақшалай, құнды қағаздармен, заттай, мүліктік хұқықпен, соның ішінде жер пайдалану хұқығы, жеке зияткерлік нәтижелері мен басқа да мүлікпен беріледі. Мүліктік салымның ақшалай түрін тек құрылтайшылардың келісімімен емес, тәуелсізаудиторлық тексеру арқылы жүзеге асырады. Тәуелсіз аудиторлық тексеру кооперативтің мүліктік салымдары тек ақшалай болса жүргізілмейді. Кооператив мүшелерінің салымы мүлік түрінде берілетін болса, салым мөлшері кооператив мүшелерінің белгілі келісімдерімен мүлікті пайдаланғаны үшін арендалық төлемнен тыс анықталады.

Slide 8

Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам құрылтайшылары

Қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады . Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады . Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады . Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы « Акционерлік қоғамдар туралы » ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін .

Құрылтайшылық келісім-шарт:

Жазбаша түрде бекітіледі

Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады

Нотариуспен куәландырылады


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері
Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің ұйымды құқықтық формаларының қаржыны ұйымдастыруға әсері
Кәсіпкерліктің нысандары
Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
КӘСІПКЕРЛІК туралы
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Инновациялық қызметтен табыс алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz