Менеджмент эволюциясы
Презентация қосу
Менеджмент эволюциясы
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуында 4 негізгі тәсіл белгілі:
1. Түрлі мектептерді бөліп қарау көзқарасы тұрғысынан:
ғылыми басқару мектебі
әкімшілік басқару мектебі
адамдық қатынастар мен мінез-құлық мектебі
басқару ғылымы ажыратылады.
2. Үрдістік тәсіл басқаруды өзара байланысты басқару функцияларының үздіксіз
сериясы ретінде қарастырады.
3. Жүйелік тәсіл бойынша ұйым өзгермелі сыртқы орта жағдайында түрлі
мақсаттарға жетуге бағытталған өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде
қарастырылады.
4. Жағдайлық тәсіл басқарудың қандай да бір әдістерін қолдану жағдайға
байланысты деп анықтайды.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920) ХХ
ғасырда құрылып, бүкіл әлемге әйгілі болды,
«ғылыми менеджмент», «еңбекті ғылыми
ұйымдастыру» деген атқа ие боды.
Өкілдері: Ф.У.Тейлор, Френк және Лилия
Гилбрет, Генри Гантт
Негізгі идеясы: бұл мектептің негізін
қалаушылар бақылау, өлшеу, логика және талдау
арқылы қол еңбегінің көптеген операцияларын
жетілдіруге болады деп есептеген.
Әкімшілік мектеп (1920-1950) ұйымның жалпы
сипаттары мен заңдылықтарын қарастырған.
Ғылыми менеджмент өкілдері өндірістік процесті
жетілдіру мен басқаруды қарастырса, әкімшілік
мектеп мамандары ұйымды толығымен
басқаруды жетілдіру тәсілдерін ұсынған.
Бұл мектептің негізін қалаушы Анри Файоль
(1841-1925) көмір өндіретін үлкен француздық
компанияны басқарып, «менеджменттің атасы»
деп аталған.
Әкімшілік мектептің мақсаты басқарудың әмбебап
қағидаларын жасау болған, бұл қағидаларды орындау
ұйымды сәттілікке жетелейді деп есептеген.
А.Файоль өз еңбегінде басқарудың 14 қағидасын атап
көрсеткен: еңбек бөлінісі, билік және жауапкершілік,
тәртіп, мақсаттың бірлігі, дара басшылық, жеке
мүдденің жалпыға бағынуы, персоналға сыйақы төлеу,
орталықтандыру, скалярлық тізбек, реттілік, әділеттілік,
персоналдың лауазымының тұрақтылығы, инициатива,
корпоративтік рух.
Адамдық қарым-қатынастар мектебі (1930-1950).
Бұл мектептің дамуындағы беделді тұлғалар – Мери Паркер
Фоллет пен Элтон Мэйо.
Бұл мектеп әрбір өнеркәсіптік ұйымды «әлеуметтік жүйе»
ретінде қарастырған. Себебі, адамға физиологиялық,
материалдық қажеттіліктермен қатар әлеуметтік қажеттіліктер,
яғни қарым-қатынас, өзін көрсету, мойындату сияқты сипаттар
тән. Басшылық жұмысшыларға қамқорлық танытса, олардың
қанағаттану деңгейі артып, өнімділікті жоғарылатады деп
есептеген.
Мінез-құлық ғылымы (1950 жылдан бүгінгі күнге дейін)
жұмыс орнындағы мінез-құлықты зерттеген.
Өкілдері – Крис Арджирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак-
Грегор, Фредерик Герцберг.
Олар әлеуметтік өзара әрекеттесуді, мотивацияны, билік пен
бедел сипатын, ұйымдық құрылым, коммуникация, лидерлік,
жұмыс мазмұнын өзгертуді қарастырған.
Сандық тәсілдер мектебі (Басқару ғылымы) (1950
жылдан бері)
Сандық тәсілдер мектебінің негізгі сипаты – сөзбен
берілген ойлар мен сипатталған талдауларды
модельдермен, белгілермен, сандық мәндермен
алмастыру.
Басқару ғылымы мектебi:
•жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі
басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.
•күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға
жәрдем ретінде сандық тәсілді дамытуды жүзеге асырған
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz