XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік құрылысы және шаруашылығы




Презентация қосу
12- тақырып.
XV – XVІІІ ғғ. Қазақ қоғамының саяси -
әлеуметтік құрылысы және
шаруашылығы.
1. Қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік құрылысы.
XVІІ ғ. аяғында Қазақстан аймағында бірнеше
феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды.
Олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі
феодалдардың иеліктеріне бөлінді.
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан
өлсе орнына үлкен ұлы отырды.
Сырттан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан
Мемлекет басқарушы қарулы күштердің басшысы
Және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз,
Әрбір сұлтан оған тәуелді болды. Сұлтандар мен
Билер ханға жүгінді.
Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді.
Тұрақты әскер болған жоқ.
хандар кезеңіндегі қазақ қоғамы бір – біріне қарама -
қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қара
сүйектерден тұрды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс
ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын
ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар
ғана ақсүйектерге жататын еді.
Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың
мүліктік
Жағдайына қарай бай – кедей деп бөлу орын алды.
Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушы хандар болатын
олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің
сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді.
Қазақ қоғамын әлеуметтік – таптық топтарға бөлу
негізіне әл – ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік
шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ –
ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар,
оғландар немесе төрелер, билер , бектер сондай – ақ
қожалар жатты.
Қарапайым халық қатарына – шаруалар, малшылар,
егіншілер, қолөнершілер, жатақтар мен қала
халықтары, ұсақ саудагерлер, ауыл адамдары кірді.
Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен
даңққа бөленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік
баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан
орын алды. Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік
тәртібінде маңызды рөл атқарды. Олардың едәуір
бөлігі өзінің шыққан тегі және мүлік жағдайымен
ауқатты әскери – көшпелі ақсүйектер қатарына
жатты.
2. Қазақ халқының шаруашылығы.
XV – XVІІ ғ. Қазақтар шаруашылығының жетекші
саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-
1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда
жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға
мүмкіндік беретін. Малдың негізгі түліктері қой,
жылқы және түйе еді.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін
көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала
қазақтарға ішіп – жейтін тамақ өнімдерін, киім –
кешек пен аяқ – киім, үй жабдықтары мен
жасауларын, көшіп – қонуға қажетті тасымал
құралдарын берді.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік
маңызды рөл атқарды. Қазақстанның оңтүстік
аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік
дамыды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа,
жүгері.
Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кең
байтақ даласы көшпелілерге жеке –дара және ұжым
болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді.
Өзен мен көл жағасын мекен еткен қазақтар балы
аулаумен де шұғылданған.
Қазақ халқының тіршілік – тұрмысында қолөнер
кәсібі
үлкен, маңызды орын алды.
Бұл кезде, әсіресе Оңтүстік Қазақстан қалаларының
Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс
мемлекетімен сауда – саттық байланысы жанданды.
XV – XVІІ ғасырларда « Ұлы Жібек жолы» бойында
орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан,
Сауран, Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі,
қазақ
халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып
нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар,
Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан
табылған
күміс теңгелер менг мыс ақшалар Қазақ хандығы
тұсында сауда – саттық өркендеп, ақша айналымы
дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының
бірсыпырасы XV – XVІІ ғ. Қазақ хандығының
астанасы болған Түркістан қаласында жасалды.

Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірінің кезеңдері
Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. МЕЗОЛИТ. НЕОЛИТ. ЭНЕОЛИТ
Қазақ философиясының өкілдері
Қыпшақтардың шаруашылығы
Қыпшақтардың батыс бірлестігі
Қазақстанда ұжымдастыру саясаты
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығының құрылу алғы шарты және қазақ хандығының құрылуы
Пәндер