Луцилийге өнегелі хаттар



Өмірдің мәні
Луцилийге өнегелі хаттар
Сенека
Тексерген: Билялова Г. Н. Философия ғылымдарының докторы
Орындағандар: Жанас Н
Жарылқасын Г
Аблай Н 1 курс ҚЭФ
практика сәрсенбі сағ 16:00-17:00, жұма сағ 13:00-14:00

I-хат
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Алған бағытыңнан танба, менің Луцилийім! Өзің үшін өзіңді жеңе біл, бұрындары сенен әлдекімдер алған немесе ұрлаған, зая кеткен уақыттарыңды түгенде әрі қастерле. Бүгінгі күннің билігі қолыңда болса, ертеңгі күнге тәуелділігің аз болады. Сырғып өте шығатын уақытты ғана табиғат біздің билігімізге берген. Меніңше, болмашы нәрсенің өзін қанағат тұтатын адам кедей емес. Бірақ сен өз дәулетіңді қазірден бастап сақта: оны сақтай бастайтын уақытың келді! Ата бабаларымыз айтқан ғой, сарқындысы қалғанда үнемдегеннен пайда жоқ деп. Оның үстіне қайбір оңған сарқынды қалады дейсің? Сау бол.

II-хат
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Меңінше, рухани дәйектіліктің дәлелі тұрақты мекенде жасау қабілеті және өзіңмен өзің болып қалу. Барлығың қамтимын деген адам бәрінен де құралақан қалады. Оқыған кітаптарымыздың көптігі бізді тек ұмытшақ етеді. Сондықтан қолыңда бардың бәрін оқи алмасаң, қолыңа тек оқи алатыныңды ғана ұста, соның өзі жетеді. Сондықтан әрқашанда мойындалған жазушыларды оқы, ал егер басқасын оқығың келсе, бұрын оқығандарыңа қайта орал . Күн сайын кедейлікке қарсы ажалға қарсы кез келген қауіп- қатерге қарсы бірдеңе жаса, көп нәрсеге ой жүгіртіп, бүгін өзің қорыта аламын- ау деген біреуін таңда. Мен өз басым солай істеймін: оқыған көп нәрселерімнің ішінен біреуін есте сақтап қаламын. Сау бол.

IV-хат
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Бастаған ісіңді табанды түрде жалғастыр, сонымен қатар рух кемелдігі мен жан тыныштығынан ләззат алуға барынша асық. Рухыңды жетілдіруден де, тыныштыққа ұмтылудан да ләззат алуға болады, азғындықтан ада мінсіз рухыңа сырттай назар аударып та мүлде өзгеше ләззат сезіміне бөлене аласың Алға қарай қадам бас сонда бәрінен де қорқынышты нәрсенің тап сондай дәрежеде қорқынышты емес екендігін түсінесің Әлдеқандай болмашы себептерге бола жеккөрушілікпен өмірден бас тартқандарды көріп жүрген боларсың? Сонда сеңінше адамның ізгі қасиеті күшті қорқынышты жеңуге қауқары жетпегені ме? Өмірге қатысты кез келген үрейді саңаннан аластап өз тіршілігіңді жағымды ете түс Егер адам кезкелген игілікті жоғалтуға іштей дайын болмаса ондай игілік оған қуаныш әкелмейді Жоғалтқаннан кейін өкінуге мүмкіндік болмайтын нәрсені жоғалту әлдеқайда жеңіл Сондықтан аса ұлы адамдардың өздері құтыла алмаған нәрсеге қарсы өз рухыңды шыңда және ерлігіңді күшейт Сау бол.

VII хат. Ұрпақтарға кеңес
Сенека Луцилийге салем жолдайды!
“Сен маған тобырдан қашып жүр деп бұйырасың - деп жазасың сен - өзіңмен-өзің болып, арыңды қанағат тұт. Ал сіздің өле-өлгенше еңбектену керек деген уағызыңыз қайда? ”- Бірақ менің саған есікті жауып алып, жасырын бол дегенімді, көпшілікке пайда келтіру үшін, өзім істедім. Мен бір күнімді де бос өткізбеймін, тіпті түннің бір бөлігін оқуға арнаймын. Босаған соң мен ұйқыға кетпеймін: жоқ, ұйқы мені жеңе бастайды, ал мен сергектіктен шаршап жұмылып бара жатқан көзімді жұмысыма қадаймын. Мен адамдардан ғана емес, істен, ең алдымен өз ісімнен алшықтап, ұрпақтарға арналған іспен шұғылданудамын. Оларға көмектеседі-ау дегенді жазудамын. Пайдалы дәрілерді қалай жасаса, мен де солай, қағазға, емдік қасиетіне өз жараларым арқылы көзім жеткен, құтқарушы уағыздарды жазамын: жараларым толық жазылмағанмен, әрі қарай жайылуды қойды. Мен басқаларға адасудан шаршап, өзім тым кеш тапқан дұрыс жолды көрсетемін. “Кездейсоқ болған, тобыр жақсы көретіннің бәрінен қашыңдар! Кез-келген кездейсоқ игіліктің алдында күмәнмен әрі үрейлене тоқтаңдар! Балықтар да, аңдар да тәтті үміттің алдамшы жеміне ұсталады ғой! Бұл тағдырдың сыйы деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, бұл оның қастығы. Егер сіздің қай-қайсыңыз да мүмкін болғанынша қауіпсіздеу өмір сүргіңіз келсе, мұдай құс желімі жағылған игіліктен қашыңыз”. Сау бол.

XII -хат
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды ! Қай жаққа қарасам да қартайғандығымның айғақтарын көремін. Олай болса қарттықты құшақ жая қарсы алайын, себебі пайдалану жолдарын білсең, оның өзі рахатқа тұнып тұр ғой. Жемістер піскен кезде тәтті, ал балалар, балалығы аяқталған кезде әдемілене түседі. Ішкіштер үшін соңғы кесе сүйкімдірек, өйткені соны ішкеннен кейін мастықтың түбіне жетеді. Кез келген ләззат өзінің қуанышты сәтінің аяғында жетеді. Әбден қаусаған шалдың өзі де ғұмырының тағы бір күнге ұзаруын үміттенуді ұят санамайды Әрбір бұл қмір сатысы, біздің бүкіл ғұмырымыз бөліктерден және кішкентай шеңберлерді қамтитын кіші және үлкен шеңберлерден тұрады Жылдық шеңберлер көбейіп бүкіл ғұмырды құрайды Ендеше сен өміріңнің әрбір минутын осы бастан сақта! Сау бол

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Мүмкін болғанша, қауіп-қатерден ғана емес, ыңғайсыздықтан да қашып, үрей тудыратын нәрсені қалай қуу керек жайлы екені туралы біртіндеп ойлап, сенімді қорғанның астына тығылайық. Мен қателеспесем, мұндай нәрсе үшеу: біз кедейліктен қорқамыз, аурулардан қорқамыз, өзімізден күштілердің зорлығынан қорқамыз. Басқаның қуаты қорқытатын нәрсе бізді өте қатты дірілдеуге жеткізеді: мұндай кесел үлкен шумен абыржумен келеді ғой. Мен атап өткен табиғи тауқыметтер - кедейлік пен аурулар - құлақты да, көзді де үрейлендірмей, үндемей жасырын келеді, оның есесіне үшінші кеселдің салтанатты нөкерлері бар: ол семсерлермен және алаулармен, шынжырлармен және үйірін біздің денемізге айдап салған аңдармен келеді.
Басқа кеселдердің де ауырлығы аз емес қой - айтайын дегегім аштық пен шөл, кеудедегі ірің, ішкі сарайды құрғататын безгек, - бірақ олар жасырын, алыстан қорқыта алмайды, көзге көрінетін ештеңесі жоқ.
Қауіпсіздіктің бір кепілі - оған ашық ұмтылмау: неден аулақ болсақ біз соны сынаймыз ғой.
Бұрынғыдан қалған өсиет қашқақтау керек үш нәрсені айтады: ол - жек көрушілік, қызғаныш және жаны жаратпаушылық. Бұған қалай қол жеткізуді тек даналық қана үйретеді.
Сау бол.
XIV хат. Қауіп-қатер жайлы

XV хат. Денсаулық жайлы
Сенека Луцилийге салем жолдайды!
Ертеде менің заманыма дейін сақталған хатты былай бастайтын әдет болған: “Егер сен аман болсаң, ол жақсы ал мен аманмын”. Бізге былай айтқан дұрысырақ болады: “Егер сен философиямен шұғылдансаң, сол жақсы”. Өйткені денсаулық тек сонда ғана, онсыз жан ауру, қанша күші болғанмен, дененің де саулығы ессіздер мен нарқұрыстардікіндей. Сондықтан ең әуелі нағыз денсаулық жайлы қам же, содан кейін, сау болғың келсе, саған қымбатқа түспейтін осы екіншісі жайлы ойла. Сау бол.

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Мен білемін, Луцилий даналыққа үйренбей, бақытты демек түгіл, қанағат етерлік те өмір сүруге болмайтыны саған айдан анық нәрсе себебі өмірді бақытты ететін жетілген даналық, ал қанағаттанарлық ететіні оның бастамасы ғана. Бірақ анық нәрсенің өзі тереңірек меңгергенді, ұдайы ойлаумен бекіткенді қажет етеді. Адал ниетке ие болғаннан гөрі оны сақатп қалу қиынырақ. Бірақ ізгі ерік ізгі дәстүрге айналғанша табанды болып, күшті ынталы оқумен көбейту керек.
Әбігершіліктің барлығынан аулақ кет, ал егер бірдеңе қол жеткізгің келіп, тілегің табиғи ма әлде соқыр ма екенін білгің келсе, ол бір жерде тоқтай алар ма соны байқа. Егер алыстап кетіп, мақсатыңа жетуге бұрынғыдан да көп қалса, тілегіңді табиғат тудырмағанын біл.
Сау бол.
XVI хат. Бақытқа барар жол жайлы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Егер сенің жақсы өмір сүруіңе әлдене кедергі болса, жақсы өлуіңе ештеңенің де бөгеті жоқ. Кедейшіліктің немесе тіпті қайыршылықтың сенің философиядан бетіңді бұрып әкететіндей себебі жоқ. Оған ұмтылатынның тіпті аштыққа да шыдауы керек. Жау қол астына түспеу үшін тек шыдамдылықтары ғана сый болатынын көре тұра қамаудағылар да оған шыдады ғой. Ал мұндағы уәденің бізге берері әлдеқайда көп: мәңгілік еркін болу, адамдардан да, құдайлардан да қорықпау. Тіпті жүдеу арқылы да оған қол жеткізу - тұрарлық -ақ нәрсе! Әскерлер жетіспеушіліктің бар түріне шыдады, шөптердің тамырларымен және атын атаудың өзі жеркенішті тағаммен де қоректенеді, аштықтан күйзелді. Осының бәрі патшалық үшін және тіпті ең таң қаларлығы - басқаның патшалығы үшін болды.
Кедейлікті ауыртпалық еткен байлықты да ауыртпалық етеді. Ауруды ағаш немесе алтын төсекке жатқызасың ба, айырмашылығы жоқ: оны қайда апарсаң да, ауруын өзімен алып жүреді. Сол сияқты, ауру жан кедейшілікте немесе байлықта бола ма, ол маңызды емес: оның кеселі әрдайым өзінде.
Сау бол.
XVII хат. Ұстамдылық жайлы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Сарбаздар бейбіт күнде де, жауға қарсы болғанмен, жорыққа шығады, үйіп дуал жасайды, қажет жұмысқа күштері жету үшін керегі жоқ жұмыспен өздерін діңкелетеді. Сарбаз ұрыс кезінде селт етпесін десең, оны ұрыс алдында шынықтыр. Ай сайын кедейлерге еліктеп, жоқшылықта бола жаздап, бірақ кейін өзін соған үйреткен пәледен қорықпайтындай болғандар да осы ережені ұстанған.
Сенде шынында қатты төсек те, киіз жамылғы да, қатты да дөрекі нан болсын. Осының бәріне екі-үш күннен, кейде одан да көп шыда, бірақ ермек үшін емес, тәжірибе жинау үшін. Сонда маған сен, Луцилий, екі асқа тойып, өзің қуанасың. Саған әлдеқандай ерекше бірдеңені жасап жүрмін деп ойлаудың қажеті жоқ: дәл сондайды көп мыңдаған құлдар, көп мыңдаған кедейлер де жасайды ғой. Сенің еңбегің мұны тек ерікті түрде жасайтыныңда, саған кейде іс жүзінде танысқан кеселге шыдау әрдайым оңай болады. Қарақшымен жаттығайық та!
Менің Луцилийім, солардың дәстүріне еріп, өз істеріңнен алшақтап, ең азға қанағат етуге үйрену үшін бірнеше күніңді бөл. Кедейшілікпен танысуды бастайтын кез келді. Қонағым, шешіл, байлықты жек көруден қорықпа!
Луцилий, өте күшті ашу ессіздікпен аяқталады, сондықтан одан тек ұстамдылық үшін емес, денсаулық үшін де аулақ болу керек.
Сау бол.
XVIII хат. Шынығу жайлы

Сенека
XIX хат. Бос уақыт жайлы
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Мен сенен даңқты ырду-дырдудан ізде деп үгіттемеймін: бостықты мақтан ететін де, оны жасыратын да түк жоқ. Жоқ мен адамзат баласының ессіздігін кінәлағанмын, ешқашан сенің қараңғылықта тығылып, ұмыт қалуыңды тілейтіндей жағдайға жетпеймін; бос уақытың көрінетіндей, бірақ көзге түспейтіндей әрекет ет. Тағы да: алдын ала ешқандай шешім қабылданбаған ойлар келген алғашқы кезде адамдардың ескерусіз өмір сүру керек пе дегенді ойлауларыңа болады.
“ Алдымен кіммен ішіп жейтініңе қара, содан кейін ғана не жеп, не ішетініңе қара. Достарсыз тойып жеу - арыстанның немесе қасқырдың ісі ғой”. Достарды сенектен іздеп, дастархан басында сынайтындар кездеседі. Өз дүниесімен айналасып, соған берілген адамның ең үлкен қасіреті - оның көп жанмен дос болмай тұрып, оларды дос санауы әрі достарға жарылқаушылықпен ие боламын деп ойлауы, ал адамдар кімге көбірек міндетті болса, соны бәрінен көп жек көреді. Қарыздың шамалысы адамды саған қарыздар, көбі - дұшпан етеді. - “ Сонда қалай, жақсылық жасап дос таба алмаймыз ба? ” - Кімге жасау керек екенін таңдай алып, оны шашпай, бөлер болсақ, табамыз. Сондықтан әзір өз ақылың жеткенше даналардың ақылын тыңда: мәселе сенің бергеніңде емес, кімге бергеніңде.
Сау бол.

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Философия сөйлеуге емес, іс істеуге үйретеді. Ол өмірдің сөзбен арасында алшақтық болмай, өзі де қарама-қайшы әрекеттердің салдарынан ала-құла болып көрінбесі үшін әркімнен өз заңдарымен өмір сүруді талап етеді. Дананың бірінші міндеті мен даналықтың бірінші белгісі - сөз бен істің арасында алшақтық болуға жол бермеу және әрдайым өзімен-өзі болу.
Сау бол
XX хат. Сөз бен іс жайлы.

XXII хат. Жұмыстан құтылу жайлы
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Сырт қарағанда құрметті, іс жүзінде түкке тұрмайтын жұмыстан құтылатын кез келгенін сен ендігі түсіндің де, соған қалай қол жеткізу керегін сұрайсың. Бірақ кейбір кеңесті сырттай беруге болмайды. Дәрігер хат арқылы тамақ ішетін немесе суға түсетін уақытты таңдай алмайды, ол тамырдың қалай соғып тұрғанын ұстап көруі керек. Ескі мақал былай дейді: ”Гладиатор шешімді сахнада қабылдайды”; Мұнда мұхият қарағанға әлденені қарсыластың беті, енді бірдеңені оның қолының қозғалысы немесе тіпті денесінің еңкеюі айтады. Әдетте не істелетінін, не істеу керек екенін - мұндай кеңестерді делдал арқылы да, хат арқылы да беруге болады; жалпы өсиеттер қазіргі жоқтарға ғана емес, ұрпақтарға да айтылады. Әлденені қашан және қалай жасау керек екенін айту - басқа нәрсе: мұнда алыста тұрып сендіруге болмайды және жағдайға қарай шешу керек. Тек орнында ғана, соның өзінде ұдайы қадағалаумен қас-қағым сәтті жібермеуге болады. Сау бол.

XXIV хат. Ерлік жайлы
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Сен өзіңді дұшпанның қаһарынан туындайтын тартыстың қорытындысы үрейлендіреді деп жазасың; сөйтіп сен өзіңді менің жақсыдан үміттеніп, сүйкімді үмітпен жұбануыңа үгіттейді деп ойлайсың. Онсыз да өзіміз жақында шыдауға тура келетінді болжап, пәле шақырудың не қажеті бар, болашақтан үрейленіп, қазіргі өмірді бұзу неге керек? Бір кезде бақытсыз боламын деп өзіңді бақытсыз сезіну, әрине, ақымақтық. Бірақ мен сені алаңсыздыққа басқа жолмен апарамын. Егер кез-келген үрейден құтылғын келсе, өзіңді үрейлендіретін нәрсе міндетті түрде орын алады деп көз алдыңа елестетіп көр және кесапат қандай болса да, оның шамасын байқап, өз үрейіңді бағамда. Сонда сен өзің қорқатын бақыстсыздықтан не соншама үлкен емес екенін, не соншама ұзаққа созылмайтынын анық түсінесің. Сау бол.

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Біздің екі досымызға айтар болсақ, мұнда бөлек жолдармен жүру керек: біреуінің күнәларын түзетуіміз керек, екіншісінікін түбірімен жоюмыз керек. Егер ұстамсыздыққа қарсы тұрса, ескі ауруларды да емдеуге болады, ауруларды мәжбүр етсе, оларға ұнамайтын көп нәрсені істеуге де, шыдауға да болады.
Бұл хатқа тағы бір нақылды енгізейін: “ Бәрін де саған Эпикур қарап тұрғандай істе ” . Сөз жоқ, сен оған қарап, барлық ойларыңның куәсі болуы үшін күзетші сайлап, оның қасыңда болғаны пайдалы. Ең игіліктісі - сенен ажырамайтын мейірімді адамның көз алдында өмір сүру, не істесең де, өзіңе біреу қарап тұрғандай істегенің жеткілікті.
Сау бол.
XXV хат. Кемістіктерді түзету жайлы.

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
“Біздің барлық бұрынғы сөздеріміз бен істеріміз түк те емес. Ерліктің осы куәларының қайсысы болса да жеңіл әрі алдамшы, бояуы қалың. Менің неге қолым жеткенін өлім көрсетеді, оған мен сенемін. Қулықтарды лақтырып тастап, бояуларды сүртіп, өзіме-өзім жауап беретін сол күнге мен именшектемей дайындалудамын: тек қана менің сөздерім немесе сезімдерім де қулық, тағдырға қарсы тайсалмай айтқан барлық сөздерім екіжүзділік болған жоқ па екен. Жұрттың пікіріне қарама: ол әрдайым сенімсіз әрі екі ұшты. Өмір бойы өзің шұғылданған ғылымдарға қарама. Үкімді саған өлім шығарады. Менің пайымдауымша, қаншама таласып, ғылыми әңгімелер жүргізсеңде, даналардың қаншама өсиет сөздерін жинасаң да, тігісін жатқызып қалай сөйлесең да, - ештеңе де сенің рухыңның күштілігін дәлелдемейді. Сөз жүзінде ең жасқаншақ дегеннің өзі де батыр ғой. Соңғы кұн келгенде ғана не бітіргенің анық болады. Несі бар, мен бұл шартты қабылдаймын да, соттан қорықпаймын ”.
Сау бол.
XXVI хат. Өлімге дайындық туралы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Өзіме айғалаймын: “Жасыңды есепке ал - бала кезіңдегіні тілеп әрі оны сақтаудан ұял. Өлім сәті келмей тұрып, өзің үшін тым құрығанда бір нәрсені істе: күнәларың өзіңнен бұрын өлсін. Соншама қымбат төлемі бар мазасыз рахаттанудан бас тарт: олардың бәрі - болатындары да, өткендері де, зиянды ғой. Тіпті қолма-қол ұсталмаса да, қылмыстан кейін үрейі тарқамайтын зұлымдардағы сияқты, лас рахаттанулардан кейін де өкініш көпке дейін сақталады. Оларда мықтылық та, сенімділік те жоқ: тіпті зиян келтірмейтіндері де өткінші. Одан да тұрақты иілікті ізде! Ал жанның өзінен-өзі табатын игіліктерінен басқа ондай игілік жоқ. Тек ізілік қана бізге ұзақ мерзімді әрі сенімді қуаныш сыйлайды: оған бөгет жасайтынның бәрі төмен жүзіп өтіп, күндізгі жарықты жеңе алмайтын бұлт іспеттес. ”
Сау бол.
XXVII хат. Қарызға алынған ізгілік жайлы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Сен алып теңіздердің ар-жағына кетіп қалсаң да, біздің Вергелий айтпақшы, “қалалар мен жаға жоғалып кетсе де”, -қайда барсаң да, сенің артыңнан күнәларың еріп жүреді. Әлдекімнің сұрағына Сократ та сондай жауап берген: “Егер қайда болсаң да өзіңді арқалап жүрсең, саған жиһан кезгеннен ешқандай пайда жоқ екені таң қаларлық па?” - Сені жолға қуып шыққан сол себеп артыңнан қуады. Жаңа жерлерді іздеуден, қалалар мен елдерді бірінші рет көруден не пайда? Қанша жүрсең де бәрі босқа кетеді. Өзіңнен-өзің қашып құтыла алмайсың! Жаныңдағы жүкті лақтырып тастау керек, ал оған дейін саған ешбір жер ұнамайды.
Сау бол.
XXVIII хат. Саяхаттардың пайдасыздығы жайлы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Сен біздің Марцеллин жайлы жайлы сұрап, оның не істеп жатқаны туралы білгің келеді. Ол бізге сирек келеді - себебі біреу ғана, шындықты естуден қорқады. Бірақ бұл қауіп ендігі оны қорқытпайды: тыңдағысы келмейтін жанмен әңгімелесудің де қажеті жоқ қой. Ол әрдайым істейтінін істейді: қайғылы жан да күліп жіберетін өзінің қалжыңдарын көмекке шақырады, алдымен өзін, сосын бізді келемеждеп, менің айтқым келгенін алдын ала айтады. Ол біздің барлық мектебімізді тінтіп, әрбір философты садақамен, жолдас әйелін бетіне басумен, тәтті берумен кекетеді; үшіншісін ауыз үйде көрсетеді. Ол философияны саудаға салғанша, онымен мүлде шұғылданбай-ақ қоюлары керек сандалма сайқымазақтардың атын тап, менің көзімді шұқиды.
Сау бол.
XXIX- Марцелллин жайлы

Сенека
Сенека Луцилийге сәлем жолдайды!
Мен Ауфидий Бассты көрдім: бұл тамаша адам кәрілікпен күреседі. Ол оның тұруын өте қатты қиындатып езгілеуде, - жылдардың салмағы соншалықты ауырлықпен басты. Оның әрдайым денсаулығының нашар, әлжуаз болғанын білесің, дегенмен ол ұзақ уақыт өзін ұстады, анығырақ айтсақ, өзін сүйеумен болды - енді кенет жеңілді. Бірақ біздің Басстың рухы серек. Міне философияның берері: өлімнің жақындығына қарамастан көңілділік, дененің жағдайына қарамастан ержүректік пен қуаныш, әлсіздікке қарамастан күштілік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz