Адамды саудаға сату
Презентация қосу
Адамды саудаға сату
Орындаған: Бөрібай М.
Тексерген: Байсалов А.
Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 128 және 133
баптарында адамдарды еңбек және жыныстық
қанау мақсатында саудалауға тиым салады.
Қылмыстық кодекс оған 15 жылға дейін бас
бостандығынан айыру жазасын белгілейді.
XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге
дамып келе жатқан қылмыс түрі болып табылады.Қазіргі таңда қылмыстың бұл түрін
ауқымды трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз.
Криминология көзқарасынан алатын болсақ,бұл қылмыстың жасалуынан көптеген
мемлекеттерге залал келіп отыр,сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде
қарастырамыз.
Адамды саудаға салу — қазіргі қоғамның ең бір залалды құбылыстарының бірі, бұл
мәселе әлемдік құқық қорғаушылармен 1903 ж. көтеріле басталған.Бұл мәселенің етек
алуы Ұлыбританиядан Еуропа континеталдық мемлекеттеріне жезөкшелік мақсатымен
әйелдерді сатудан бастама алады.Осылайша «ақ құлдық» термині пайда болды,алайда,
уақыт өте келе, бұл термин жалпылама «адамды саудаға салу» терминімен ұштасып
кеткен. Басқа мемлекеттерге «хат жазысу бойынша жұп табу», үй қызметшісі,
даяшылар және фотомодельдер, т.с.с. ретінде әйелдерді тасымалдау оларды
жыныстық қатынас бизнесіне енгізудің ең бір кең таралған нысаны болып қалыптасты.
Адамды саудаға салу» ұғымы бұдан да кеңірек мағынада қарастырылғаны жөн: бұл
қылмыстың жәбірленушісі ретінде жасына, жынысына қарамастан кез-келген тұлға
бола алады. Саудаға салудың мақсаты ретінде зорлы неке, зорлы еңбек, үй
шаруасында пайдалану, өндіріс пен агросекторларға пайдалану, тапсырыс бойынша
немесе зорлап бала тапқызу, сексуалдық бизнесте пайдалану сияқты бағыттарды
көрсетуге болады. Ер адамдарды әйелдерге қарғанда жиі құрылыс салу, өндіріс, ауыл
шаруашылығы салаларында; ал балаларды – қайыршылыққа, тіленшілікке
(попрошайничество) салу салаларында пайдаланады; ал кез келген жынысты және кез-
келген жастағы тұлғаларды — олардың ішкі мүшелерін трансплантация пайдаланады.
Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, ж»не
ол қылмыстық әрекеттердің өте жылдам дамитын түріне жатқызылады, және ол есірткі
мен қару сатуға қарағанда әлеуметтік бақылауды айналып өтетін қылмыс болып
табылады. Есірткі мен қару сатуды сөз қылған екенбіз, онда адамды саудаға салу осы
екі қылмыс түрінен кейін әкелетін пайдасы бойынша үшінші кезектегі қылмыс екенін
атап кеткен жөн
Адамды саудаға сатуының өсуі
және құны
1997 жылы ЕҚЫҰ адамды саудаға салу қылмысының
құрбаны болғандардың нақты санын атады [1]. Ол 1997
жылдың соңғы сараптамалары бойынша — 175 000 адам,
ал қазіргі таңда бұл сан 700 000-нан 4 000 000-ге дейін
ауытқу ортасында. ИТАР-ТАСС көрсетуі бойынша Қазақстан,
Ресей, ТМД елдерінен және Орталық Еуропа елдерінен тек
қана АҚШ-на 50 мыңнан астам әйелдер мен қыздар
жезөкшелікке, құлдық еңбек етуге сатылып жатқаны
анықталып отыр.
Адамды саудаға салу айтусыз мөлшерге дейін дамып
жатыр: жылына 800 000 адам, әсіресе әйелдер және
балалар шекаралар арқылы сатылып және сатып алынып
жатыр, және бұл қылмыстың көлемі тоқтамай етек алуда.
Европол (Еуроодақтың полициялық одағы) мәліметтері
бойынша, адамдарды саудаға салудан түсетін жылдағы
пайда 19 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.
Адамды саудаға салу
қылмыстық әрекеттердің
нысындары
Адамды саудаға салу саласындағы қылмыстық
әрекеттердің нысанынының кейбір түрлерін атап өтуге
болады: ол қарапайым фотоконкурстардан бастау алып,
адамды ұрлау немесе «тірі тауар» ретінде оларды туған-
туыстарынан сатып алумен ұщтасады. Бұл – бірінші тәсілі.
Екінші бір тісілі – ол қыздарды фотосуреттері бойынша
таңдау, тапсырыс беруші таңдағаннан соң сол қыз соларға
сатылады. Үшінші, дамып келе жатқан түрі – ол «екінші
толқын». Бұнда осыған дейін сатылған әйелдер, туған
жерлеріне қайтып келіп, өзі сияқты басқа қыздарды
осындай сауда-саттыққа түсіреді, алайда, екінші толқын
ретіндегі әйелдер ерекше сұрыптаудан өткізіледі. Төртінші
бір түрі – қарапайым жеке тұлғалар арқылы. Отандық
немесе шетелдік серіктестеріне қарыз болып қалу сияқты
өзге де себептер негізінде, қыздар мен әйелдерді,
балаларды сату арқылы борышын өтеу. Бесінші – сұлулық
конкурстарын жариялау, фотосуреттер конкурсын
жариялау, фотомодельдер мен манекеньщицалар ретінде
жұмысқа қабылдау туралы конкурстар жариялау. Ал
алтыншы тәсілі — бұл ең көп таралған түрі. Бұл тәсілге
душар болушылар алдын-ала білуі де мүмкін – қайда бара
жатқандығын, не істеу үшін екендігін. Жетінші кең
тараған түрі – «неке агенттіктері», яғни шетел
мемлекеттерінде жақсы жігіттермен таныстырып,
дәулетті үйге әйелдік ету сияқты, т.с.с.
Көптеген агенттіктер мен фирмалар 18 бен 30
аралығындағы қыздар мен әйелдерді шетелдік жақсы
беделді фирмаларға жұмысқа тұрғызу мақсатында
барлығын ресми түрде рәсімдеп , жөнелтіп жатады. Кейін,
олардың қайда жоқ болып кеткенін, неліктен хабарсыз
кеткенін — ешкім білмей қалады. Бұл — адамды саудаға
салудың құрбаны болғандығының басты белгісі.
Қылмытықпен
күресу
Бұл қылмыспен күресу ретінде Қазақстан
Республикасының көптеген шетелдік
ұйымдармен біріге қызмет етуін атап
өтуге болады. Ең қомақты әрекеттердің
бірі ретінде АҚШ пен Қазақстанның
ұйымдасқан қызметін атауға болады.
Бірнеше қылмыстық істер бойынша
қылмыскерлер ұсталып, олардың барлық
жасалған әрекеттері ашылып, құрбандары
мүмкіндігінше табылып, отандарына
қайтарылып, ал қылмыскерлердің өздері
жазаларын өтеуде.
Адамды саудаға салудың құрбаны
болғандарға көмек және қорғау көрсету
мақсатында құрылған арнайы ұйымдар
мен мекемелер бар, сол сияқты арнайы
орталықтар да көмек көрсетіп жатыр.
[4].Бұқаралық ақпарат құралдары
көмегімен де бұл мәселе туралы аз
ескертіп жатқан жоқ. [5].
Көптеген күресу және алдын алу
жұмыстарын мемлекеттік емес ұйымдар
атқарып жатыр. Олар ақпараттық
кампаниялар жүргізуде, қатер қаупі
туындағандар үшін тренингтер өткізуде,
шетелге шығушы азаматтар үшін
ақпараттық ескертпелер жасау, т.с.с.
Олардың оң әрекеттері пайдасын тигізіп
жатыр.
Қорытынды
Қылмыстан зардап шеккен немесе басқа төтенше жағдайға тап болған
азаматтар шетел құқық қорғау органдары мен өз мемлекетiнiң
өкiлдiктерiнен көмек сұрауы тиiс.
ҚР азаматтары, адам сату немесе басқа да қылмыстық құрбаны болғанда,
төтенше жағдайға түскенде, консульдық өкiлдiктер арқылы елiне оралу
үшiн бiржолғы жәрдемақы алу мүмкiндiгiне ие.
Адамдарды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу,
сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру
әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізілуі
тиіс. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға
деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz