Қылмыстық Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар


Slide 1

Қылмыстық Жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

Slide 2

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар деп - кiнəлiнiң жеке басына жəне ол жасаған қылмысқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердiң қоғамға қауiптiлiгiн азайтатын жəне оның жауаптылығы мен жазасының дəрежесiн төмендететiн түрлi факторларды түсiну қажет. Жасалған қылмыста жеңiлдетiлген жағдайлардың бар болуы бап санкциясы шегiндегi жазалардың жеңiлдеу түрiн тағайындауға, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкiндiк бередi.

Slide 3

ҚР Қылмыстық кодексiнiң 53-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайларға мыналар жатқызылады:

Slide 4

1) . Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау

. Бұл жеңiлдететiн жағдай дың түрi бiр-бiрiмен байланысты үш элемент жиынтықтарының бар болуынқарастырады:

а) . Қылмысты бiрiншi рет жасау

б) . Онша ауыр емес қылмыс жасау

в) . Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау

Slide 5

а) . қылмысты бiрiншi рет жасау - яғни, егер кiнəлi бұрын мүлдем қылмыс жасамаған болса, немесе ол бұрын қылмыс жасағанымен жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi(ҚК-тiң 69-бабы), айыптау үкiмiн орындаудың ескiру мерзiмi (ҚК-тiң 75-бабы) өтiп кетсе, бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тəртiппен соттылығы алынған не өтелген болса (ҚК-тiң 77-бабы) ғана танылады.

б) . Онша ауыр емес қылмыс жасау - яғни, жасалғаны үшiн Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет, ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан аспайтын абайсызда жасалған əрекеттердi жасау.

в) . Мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау - бұл бағалаушы категория болғандықтан iстiң нақты барлық жағдайларын зерттеу кезiнде анықталады. Сонымен қатар, мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы ретiнде кiнəлiнi қылмыс жасауға итермелейтiн объективтiк жəне субъективтiк факторларды да түсiну қажет. Мысалы, кiнəлi үшiн кенеттен пайда болған, алдын ала дайындықсыз, жеке бастың қайғы- қасiретi əсерiнен, қылмыс жасап жатқан адамдар тобына кездейсоқ тап болуы жəне осы iс-əрекеттердi жасауға ерiксiз қатысуы, қолайсыз дау-жанжал жағдайында пайда болған қызбалық əсерiмен қылмыс жасау.

Slide 6

2) . Айыпкердiң кəмелет жасқа толмауы

Айыпкердiң кəмелет жасқа толмауы - қылмыс жасау сəтiнде он төртке толған бiрақ он сегiз жасқа толмаған тұлғаның қылмыс жасауы. Заңшығарушы аталған жағдайды жеңiлдетушi мəн-жағдайлардың қатарына жатқызу себебiн адамның санасы мұндай жаста қалыптасу сатысында болатындығымен жəне кəмелетке толмағанның көзқарасы толық бекiмегендiктен өз əрекетiне дұрыс баға бере алмайтындығымен түсiндiредi.

Slide 7

3) . Жүктiлiк жағдайында қылмыс жасау

Жүктiлiк жағдайында қылмыс жасау - жүктiлiк мерзiмiне қарамастан кез келген ауырлықтағы қылмысты жасау жеңiлдетушi мəн-жай болып табылады. Бұл жағдай əйелдiң жүктiлiк жағдайын дағы ерекше психофизикалық, жоғары сезiмталдық, тез ашулан шақ, ұстамсыздық жəне жүйке қозуы жағдайларында жиi болатын дығын ескерiп жеңiлдетушi жағдайлар қатарына енгiзiлген.

Slide 8

4) . Айыпкердiң жас балалары болуы

Айыпкердiң жас балалары болуы - сотталған адамның (ер адамдарға да қатысты) 14 жасқа толмаған балаларының болуы. Аталған жағдай егер кiнəлi ата-аналық құқығынан айырылған немесе отбасымен ұзақ уақыт бiрге тұрмайтын болса, балаларды тəрбиелеумен, оларға материалдық қолдау берумен айналыспаса, оларға қатал қарайтын болса немесе балаларға қатысты қылмыс жасаса ескерiлмейдi.

Slide 9

5) . Қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық жəне өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағыттал ған өзге де iс-əрекеттер - қылмыстан келтiрiлген зиянның орнын толтырумен байланысты жағдайлар.

Slide 10

6) . Жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мəн-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау

Жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мəн-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау - сыртқы факторлардың əсер етуiнен (жеке, отбасылық, қызметтiк қатынастардан туындайтын қиыншылық тар) кiнəлiнiң қарсы тұру мүмкiндiгiнiң болмауынан қылмыс жасауы. Ауыр мəн-жайлардың тоғысуы ретiнде жұмысынан айырылуынан материалдық жағдайының қиындауын, кiнəлiнiң мүгедектiгiне немесе ауруға шалдығуына байланысты отбасын асырай алмауы жəнет. б. жағдайлар. Жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасаса, мысалы, ауыр халде жатқан туысына қымбат бағалы дəрi-дəрмектi алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ұрлап алу əрекетi немесе үмiтсiз ауыр өлiм халiндегi адамды оның сұрауы бойынша өлтiруi (эвтаназия) жəне т. б. жағдайлар. Мұндай аталғанжағдайларда жаны ашу себебiн тудырған фактi мен жасалған қылмыс арасындағы себептi байланысты анықтау мiндеттi болып табылады.

Slide 11

7) . Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтiк немесе өзге де тəуелдiлiгi себептi қылмыс жасау

Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтiк немесе өзге де тəуелдiлiгi себептi қылмыс жасау - бұл қылмыс жасайтын адамның өз iс-қимылын таңдауға оған зорлық- зомбылық көрсету нəтижесiнен еркiнiң болмауы жəне оның қылмыс жасау туралы шешiм қабылдауына материал дық, қызметтiк жəне өзге де тəуелдiлiгiн (туыстық, жеке, мұғалiм мен оқушы арасындағы жəне т. б. ) пайдаланып тiкелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Аталған жағдайлар аса қажеттiлiк ретiнде бағаланбаған жағдайда жауаптылықты жеңiлдетедi.

Slide 12

8) . Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау

Қажеттi қорғану, аса қажеттiлiк, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тəуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау - яғни ҚК-тiң 32- 37 баптарында қарастырылған əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың заңға сəйкестiк шарттарын сақтамау нəтижесiнде қылмыс жасауды түсiну қажет. Бұл мысалы, ҚК-тiң 98, 99, 100- баптарындағы адам өлтiру қылмысының жеңiлдететiн түрлерi.

Slide 13

9) . Қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылатын жəбiрлену шiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы

Қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылатын жəбiрлену шiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы - кiнəлiнiң қылмысты жəбiрленушi тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптау, жала жабу, қорлау жəне т. б. құқықбұзушылық сипатындағы əрекеттер немесе моральға, адамгершiлiкке жат əрекеттер себебiмен қылмыс жасау. Аталған əрекеттер бiр мəрте немесе жүйелi түрде де жасалуы мүмкiн. Алайда, заңға қайшылық немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылықтарды сот iстiң мəн-жайларына сəйкес барлық уақытта анықтап отыруы қажет.

Slide 14

10) . Шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушылардыс əшкерелеуге жəне қылмыс жасау нəтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жəрдемдесу


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Жаза тағайындау
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Қасақана қылмыс сатылары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА
Қазіргі кезде әкімшілік құқықта жаңадан енгізілген жазаның түрі
ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қылмыстың көптілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz