Балқаш түсті металл



Балқаш түсті
металл

Жоспар
1 Тарихы
2 Өндіріс
3 Экологияға ықпалы
4 Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
5 Дереккөздер

«Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігі (бұрынғы атауы Балқаш кен-металлургия комбинаты немесе БКМК) - Балқаш қаласындағы мыс балқытатын зауыт.
Жылына зауытта 130-150 мың тонна тазартылған мыс өндіріледі. 1942 жылдың 4 нарызыда Балқашта ең бірінші мыс қорытпасының құймасы алынды.
Тарихы
1928 жылы Балқаш көлінің солтүстік жағалауына геолог-инженер Русаков Михаил Петрович, Михаил Русаков басқарған ленинградтық геологиялық барлау партиясы келеді. Олар Балқаш өңіріндегі мыс кендерінінің бірінші барлауын өткізіп, үміттендіретін қорытындыға келген. Іздеу жұмыстары барысында геологтар келесі нәтижені түйіндеген: кен орны мысқа соншалықты бай, оның базасында жаңа мыс балқыту зауытын салуға болады. М. П. Русаков Ленинград тағы геологиялық комитетке телеграфпен хабарландыру жібереді: «…Балқаш көлінің жанында Қоңырат атты күшті мыс-порфирлік кен орны ашылды». Көп кешікпей осы кен орнын игеру жұмыстары басталды. 1931 жылдың қазанында «Прибалхашстрой» басқармасы құрылды, оның бас мақсаты мыс балқыту зауытын салу деп белгіленген.

1932 жылдың 29 маусымында КСРО Наркомтяжпромының коллегиясы «Балқаш өңірінде мыс балқыту комбинатын салу туралы» қаулыны шығарды. Негізгі өндірістік құрылыстардың және қаланың орналасқан орны ретінде Бертіс айлағының жағалауы деп бекітілген. Құрылыс жұмыстарының бастығы Василий Иванович Иванов болды Кеңес мемлекеті мысқа қатты мұқтаж болды. Сол кезде мыс, негізімен, шетелден әкелінген болатын. Екінші бесжылдық жоспары бойынша нұсқаулар комбинаттың салуын тездетуге шақырды. Нұсқауды шығарған ВКП(б) -ның XVII Бүкілодақтық конференциясы (1932 жыл, 30 қаңтар - 4 ақпан) Мәскеу мен Ленинградтың партия ұйымдарына салынып жатқан кәсіпорынды қамқорлыққа алуды тапсырды.
1932 жылы мыс алыбын салуға 100 млн. Рубльсом жіберілді, бұл Қазақ КСР-і ауыр өнеркәсібінің дамуына бағытталған қаражаттың үштен бір бөлігін құрды. 1938 жылдың наурызында байыту фабрикасының сынауы өткізіліп, бірінші балқаштық концентрат шығарылды. Шілдеде алғашқы шағылу пеші іске қосылып, металлургиялық өндіріске жол ашылды. 24 қарашада бірінші балқаш мысы шығарылды. Бұл күн Балқаш кен-металлургия комбинатының туған күні ретінде саналады. Балқаш мысының бірінші құймасы Мәскеудің Революция мұражайында сақталынып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Балқаштың металлургтері, байытушылары, таукеншілері майданға кетіп, олардың цех пен кендердегі орнын әйелдер алған. Егер соғысқа дейін зауытта 600 әйел жұмыс істеген болса, соғыстың бірінші жылында олардың саны 2453-ке дейін өсті.
2000 жылы «Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігінің құрамына жаңа қор базасы ретінде Шатыркөл Мыс Кені енді. 2002 жылдан бастап қорлардың ашық түрде өндірілуі тиімсіз болып табылып, Шатыркөл шахтаға айналды. Қазір Шатыркөлдің мысы комбинатта өз шикізатынан шығарылатын өнімнің 40%-ын құрайды.

Өндіріс
Балқаш комбинатына әртүрлі кен орындарының шикізаты әкелінеді. Кен орындардың ең үлкені Қоңыратта (12 шақырым қашықтықта), ал ең алысы Саяқта (шығысқа 250 шақырым қашықтықта) орналасқан.
Біріншіден комбинатқа құрамында 15-17% мысы бар шикiзат түседi. Кейін ол пеште балқытылып, 45% мысы бар штейнге айналады. Әбден балқығаннан соң құрамында 93-95% мыс пайда болады. Бұдан кейiн мыс анодтық учаскеде, электролиттiк ваннада өңделiп, нәтижесiнде 99, 9% мыс алынады.


2010 ж. 6 ай
2009 ж. 6
ай
2010 ж. 2 тоқсан
2010 ж. 1 тоқсан
2009 ж. 2
тоқсан
Руда өндіру
Мың т.
1159
1135
597
562
589
Мыстың орташа құрамдылығы
%
1, 28
1, 32
1, 28
1, 28
1, 28
Мыс концентраты
Мың т.
116, 2
93, 6
59, 1
57, 1
47, 4
Концентраттағы мыс
Мың т.
20, 9
16, 6
10, 5
10, 4
8, 3
Катодты мыс өндірісі
Мың т.
101, 8
102, 3
51, 7
50, 1
52, 8
Меншікті концентрат
Мың т.
101, 0
98, 6
50, 9
50, 1
52, 8

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында жəне 2010 жылдың екінші тоқсанында
«Балқаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінде руда өндіру, 2009 жылдың бірінші
жартыжылдығындағымен жəне 2010 жылдың бірінші тоқсанындағымен салыстыра
қарағанда, тиісінше 2 пайызға жəне 6 пайызға жоғарылады. Бұл өндірістік бірлестіктің
өндірістік операцияларында соншалықты елеулі ешбір өзгерістер болған емес.
2010 жылдың бірінші жартыжылдығында мыстың орташа құрамдылығы 2009 жылдың
жартыжылдығындағы 1, 32 пайызымен салыстыра қарағанда, 1, 28 пайызға дейін
төмендеп кеткен. Саяқ кенішіндегі құрамдылық төмендеген, себебі ол өндірістік
операциялар мысқа өте бай емес учаскеге көшірілгендігінен болды.
2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 16, 6 мың тоннамен салыстыра қарағанда,
2010 жылдың бірінші жартыжылдығында концентраттағы мыс өндірісі 26 пайызға өсіп,
20, 9 мың тоннаға дейін жетті. Өндіріс ауқымының жоғарылауы, өндіріліп шығарылғана
рудадағы металлдың көлемі бұрынғысынша 2009 жылдың бірінші
жартыжылдығындағыға сай келіп отырғанның өзінде, қалдықтарын қайта өңдеудің
есебінен мүмкін болды.
2010 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік бірлестіктегі катодты мыс өндірісі
2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нəтижелерден 2 пайызға артып түсті. Мыс
балқыту зауытындағы бұдан бұрын аяқталмай қалған жұмыстардың қысқаруыШығыс
аймақтан алынған концентраттағы мыстың аса төмен көлемдері мен Жезқазғаннан
тиелген концентраттың аса төмен көлемдерін еселендіріп берді.

Экологияға ықпалы
Комбинат Балқаш өңіріндегі қоршаған ортаның ең үлкен ластаушысы болып есептеледі.
Мыс өндіру комплексінің іске қосылу кезінен бастап 1995 жылға дейін көлге еш тазартусыз өндірістік ағынды сулар құйылған болатын. Нәтижеде қоршаған орта ауыр металлдармен ластанып, су биосферасы көптеген ауру-науқастарға тап болды.
Комбинаттың технологиялық газдары металлдар ұнтағынан мен күкірт диоксидінен тазартылмай, жақын орналасқан қаланың тұрғындарында аллергиялық және басқа ауруларды тудырады.
Қала тұрғындардың айғақтауымен, 2004 жылдың жазында комбинат атмосфераға газдың үлкен көлемін лақтырып, қаладағы құстардың кілең мерт болуына себепші болған. Қазіргі кезде Балқаш көлі мен маңайының экологиялық ахуалы жайында өте аз ақпарат бар. Өйткені 1990-шы жылдары бұрын стандартты түрде өткізілген бақылаулар бірталай қысқартылып, ғылыми зерттеулер болса толықтай тоқтатылып қалған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz