Батырлар елге оралады


Slide 1

“Батырлар елге оралады”

Slide 2

Райымбек батыр

Slide 3 Slide 4

Райымбек батыр

Дүниеге келгені:

1705 ж. Алматы облысы

Қайтыс болғаны:

1785 ж.

Мансабы:

Қазақ батыры

Slide 5

Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы - 1785, Алматы) - батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Іодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген.

Slide 6

Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Іорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті.

Slide 7 Slide 8

1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж. Тұрлыбайұлы роман, ақын М. Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы обл-нда Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар.

Slide 9 Slide 10

15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, - деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.

Slide 11

Нарынқол, кӨСЕНСАЙ

Slide 12

Орта жүзге көмегі

Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.

Slide 13

Райымбек ауданы

Slide 14

Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 -інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.

Slide 15

Екі жарым мың жылдық тари­хы бар ежелгі Алматының қақ орта­сында кіндік қаны тамған, “Райым­бек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында:

“Елім Албан,

Жерім Жетісу.

Жайлауым Асы,

Қыстауым Алматының басы”, - деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерле­ніп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқы­сыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсі­нін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.

Slide 16

“Елім Албан,

Жерім Жетісу.

Жайлауым Асы,

Қыстауым Алматының басы”, - деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерле­ніп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқы­сыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсі­нін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.

Slide 17

Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы - Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райым­бектің ат үстіндегі мүсіні ор­натылыпты. Оны орнатуға мұрын­дық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.

Slide 18

Райымбек батырдың аты қойылған жерлер


Ұқсас жұмыстар
Батырлар жыры
Білімді ұлт қалыптастыру
Садақ - жебемен ататын қару
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 - 1930
Күлтегін ескерткіші
Мағжан Жұмабаев. Түркістан
Қазақтың қасқа жолды
Жеңіс тойы, жаса мәңгі
Қазақ солдаты романынан үзінді
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz