Болашақ педагог-психологтың жаңа форматтағы қарым-қатынас жүйесіндегі педагогикалық тәжірибедегі рөлі мен кәсіби даярлығы


Slide 1

Болашақ педагог психологтың жаңа форматтағы қарым-қатынас жүйесіндегі орны

Slide 2

Мұғалім кәсібін дайындау жүйесінде ерекше рөл атқаратын педагогикалық тәжірибе. Ол білім беру процесіндегі органикалық бөлігі. Студент алғаш педагогикалық тәжірибеден өткен кезде кәсіби педагогикалық қызыметке дайындалуда тәжірибеден өту арқылы қаруланады десек те болады.

Педагогикалық тәжірибе бұл бүтін бір процесс, мұнда студент өзін өзі дамытады, психикалық және жеке қасиеттер қалыптасады. Педагогикалық талдау, педагогикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, мотивация кәсіби шеберлік сияқты қасиеттер қалыптаса бастайды.

Slide 3

Педагогикалық тәжірибе процесінде келесі есептер шешіледі:

- университетте алған теориялық және методикалық білім бекітіліп, әрі оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарында оны қолдана білуге үйренуі;

- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым қатынасты бақылап, сараптама жасау;

- кәсіби шеберлікті қалыптастыру және дамыту;

- танымдық қабілетін дамытарлықтай түрлі сабақ жүргізу әдістерін қолданып, жаңа сабақ түрлерін өткізу;

- педагогикалық өзін-өзі жетілдіруде жеке тұлғаның кәсіби қажетті қасиетін қалыптастыру;

- оқу-тәрбие жұмысының жаңа күн талабына сай алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдер еңбегімен танысу;

- оқушыны тәрбиелеу-оқыту процесіндегі есепті шешуге көмектесу;

- білім беру, тәрбиелеу жұмыстарына араласу;

Студент тәжірибеден өту кезеңінде келесі шараларды меңгеруі керек:

- коллективтегі әлеуметтік-психологиялық жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру тәрбиелеу негізінде нақты оқу-тәрбие есебін анықтау;

- жеке тұлғаның тәрбиесі мен даму диагностикасын тұрғызу мақсатында оқушылар коллективі мен оқушының жеке тұлғасын зерттеу;

- педагогикалық алдағы және ағымдағы іс жоспарымен танысу;

- балаларды тәрбиелеуде сынып жетекшісі, тәрбие ісінің меңгерушісі, оқушылар, тәрбиешілермен байланыста болу;

- оқу-тәрбие жұмысын бақылап, сараптама жасау;

- педагогикалық білімін насихаттау;

- оқу-тәрбие жұмысында түрлі формалар мен әдістерді меңгеру, балалармен жұмыста пайдалану.

Slide 4

- кәсіби- педагогикалық меңгеру дәрежесі;

- студенттердің практикада тұлға ретінде теориялық ойлауы (оның мақсаты, есебі, әдістің мазмұны) ;

- болашақ мұғалімнің кәсіптік бағытының деңгейі, оның әлеуметтік активтілігі (педагогикалқ мамндыққа қызығушылығы, балаларға сүйіспеншілігі, жұмысқа деген жауапкершілік пен творчестволық қарым-қатынас және т. б. ) .


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік пен педагог-психологтың кәсіби құзыреттері
Мұғалім-ата-ана жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қатынас
Мұғалім-оқушы жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен стильдері
Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың кәсіби қызметі: мақсаттары, міндеттері, құжаттамасы мен диагностикалық әдістемелері
Балабақшадағы педагог-психологтың қызметін жоспарлау
Педагог-психологтың міндеттері мен мұғалім портфолиосының маңызы
Педагог болашақтың кәсібі: кәсіби құзыреттер, субъектілік қасиеттер және педагогикалық деонтология
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері және тәрбиелік әсері
Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби талаптары мен педагогикалық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz