БТА Сақтандыру компаниясы



БТА Сақтандыру компаниясы
«БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1998 жылы тіркелген, ал 2003 жылы заңнама талаптарына сәйкес қайта тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта компания акционерлік қоғам нысанында қызмет атқаруда.
БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ - автомобильдерді, пәтерлерді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкін сақтандыру сияқты сақтандыру түрлеріне маманданған Қазақстандағы алғашқы компания.
«БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ іскерлік беделі
- «БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ 2006 жыл қорытындылары бойынша сақтандыру нарығында 4-орын алды, нарықтағы үлесі - 9%.
- Компания - автосақтандыру нарығында көшбасшы, нарықтағы үлесі - 15%.
- Компанияның ерікті сақтандырудың 14 класы бойынша және міндетті сақтандырудың 7 класы бойынша сақтандыру қызметін атқаруға лицензиялары бар.
- Компанияның сақтандыру қызметтері - Қазақстан Республикасының 30 негізгі аймағында қол жетімді.
- Компанияның негізгі акционері - Қазақстан мен ТМД ірі банк - «БТА Банкі».
- Компанияның жарғылық капиталы - 1 364, 0 млн. теңге.
- «БТА Сақтандыру» БТА Банкі ЕК» АҚ - Қазақстан Республикасындағы сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының №1 қатысушысы.

Міндеттері
Автосақтандыру, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру саласында қол жетімді және қажеттіліктерге жауап беретін қызметтер ұсыну арқылы Қазақстандағы азаматтар мен корпорациялардың қаржылық жағдайын қорғау.
- Компаниямыз күтпеген оқиғалар басталғанда клиентке қаржы шығындарын қысқартуға көмектеседі.
- Компаниямыз еліміздегі өркениетті сақтандыру нарығының дамуына өз үлесін қосуда.
- Компаниямыз сақтандыру мәдениетін дамыту бойынша шаралар өткізуде.
Өз жұмысымызда келесі қағидаттарды басшылыққа аламыз:
- Сақтандырудың мәні мен болашағына берік сену.
- Кәсіби болу - нарықта жұмыс істеу кезіндегі негізгі фактор.
- Әрбір Клиентпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болуға ұмтылу.
- Жоғары сапалы қызметтер ұсыну.
- Бизнесте ілгерінді, ең тиімді технологияларды қолдану.
- Компанияның жоғары дамыған корпоративтік мәдениетін және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты жоғарылатып отыру.
- Компания беделінің тұрақты болуын қолдау.
Мақсаты
Қазақстанда бөлшек сақтандыру нарығында көшбасшы болу, әрбір клиенттің, іскер әріптестің алдында міндеттерін орындайтын сенімді әрі салиқалы сақтандырушының беделін растау.
Компанияның бар күші клиенттерге жан тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімге ие болуына көмектесетін жоғары сапалы сақтандыру қызметтерін ұсынуға бағытталған.
Сақтандыру қызметтеріміз рахаттандырып, көңіл-күйіңізді көтеретіндігін білеміз.
Ұзақ ойлануға болмайды, уақыт өтіп жатыр. Еркіндік пен тыныштыққа қол жеткізуге болатын өркениетті әдістерді қазір-ақ пайдалануға болады, пайдалану керек те!
Өздеріңізден басқа ешкім де Сіздерді тыныш болашақпен қамтамасыз етпейді.

Компанияның клиенттері
Компаниямыз қызметкерлерінің клиенттермен мұқият, сыпайы қарым-қатынас жасауына ерекше көңіл бөледі. Барлығымыз әріптестерімізбен толық өркениетті іскерлік қатынастар орнатып, дамытуға шын ниеттіміз.
Төмендегідей ірі қазақстандық және шетелдік компаниялар тұрақты клиенттеріміз болып табылады:
- Ақтау халықаралық теңіз сауда порты
- Гедеон Рихтер
- Тау-кен компаниясы
- Дала-Транс
- Испат-Кармет
- ҚазТрансГаз
- Казавиаспас
- Казатомпром
- Қазақтүркмұнай
- Каспий Нефть
- КаспийОйлГаз
- Қуат Корпорациясы
- Қуат Амлон Мұнай
- Лукойл Оверсиз
- Нефтебанк
- Жанна» СҮ
- Темірбетон
- Шалқия Цинк
- Экогеонефтегаз
- Энерго - РЭМ

БТА Сақтандыру компаниясының жеке тұлғаларға көрсететін қызметтері
Автосақтандыру түрлері
VIP Каско
Автомобиль көлiгi иелерiнiң АҚЖ
Автосақтандыру
Банк АВТО
Екі тарапты сақтандыру
Люкс
Стандарт
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей сақтандыру қаржыны қорғаудың тиімді әрі үнемді түрі болып табылады. «БТА Сақтандыру» ТұранӘлем Банкінің ЕК» АҚ қажеттіліктеріңізге жауап беретін автомобиліңізге арналған сақтандыру қорғауын таңдай аласыз.
Өнімдеріміз:
- Автомобиль көлiгi иелерiнiң АҚЖ
- Автосақтандыру: 2%, 3%, 3. 5%
- Банк авто - кредитке алынған автоны сақтандыру
- Екі тарапты сақтандыру
- Стандарт
- Люкс
- VIP Каско

Сақтандыру сыныбы
Келіп түскен сыйлықақы
Сақтандыру төлемдері
Автокөлікті
457`616`000
110`681`000
Теміржол көлігін
27`519`000
-
Әуе көлігін
124`923`000
-
Су көлігін
44`718`000
-
Жүктерді
537`811`000
14`713`000

«VIP Каско» автокөлікті сақтандыру бағдарламасы
Сақтандыру объектілері
2000 жылғы 1 қаңтардан кейін шығарылған жеңіл автомобильдер (рулі сол жатқа орналасқан) .
Сақтанушы
Жеке тұлға - келесі шарттардың біріне жататын VIP клиент:
- 3 000 000 (үш миллион) теңгеден асатын құны бар автомобильге ие адамдар;
- Корпоративті клиенттеріміз болып табылатын компаниялардың басшылары, басшыларының орынбасарлары (олардың жұбайлары) ;
- БТА холдингінің басқа компанияларының VIP клиенттері немесе БТА холдингі компанияларының бірінің корпоративті клиенттері болып табылатын ұйымдардың басшылары болып табылатын жеке тұлғалар.
Пайдаланылу мақсаттары
Жеке мақсаттарда, негізгі жұмыс орны бойынша - қызметтік мақсаттарда, бұған автокөлікті такси ретінде қолдану жатпайды.
Сақтандыру жағдайлары
Кез келген оқиғалар нәтижесінде, атап алғанда келесілердің нәтижесінде сақтандырылған көлік құралына шығын келтіру немесе жоғалту сақтандыру жағдайы болып табылады:

«Бүліну» тәуекелі
нәтижесінде автомобиль көлігін қалпына келтіруге болатын және мақсатты болатындай автомобиль көлігінің бүлінуін қамтиды. Яғни, төмендегідей негізгі сақтандыру жағдайларын қамтитын кез келген оқиғалар нәтижесінде сақтандырылған автокөліктің бүлінуі жабылады:
- жол-көлік апаты (ЖКА) ;
- өрт, жарылыс;
- табиғат апаттары;
- түрлі бөтен заттардың (қар, мұз, ағаш, бұтақ, ғимараттардың бөліктері, терезеден тасталған заттар) құлауы, аударылуы, қозғалмайтын немесе қозғалып келе жатқан заттарға (имараттар, кедергілер, жан-жануарлар, ағаштар) жүру (соғылу) ;
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, айдап кету, бұзақылық, мүлікті қасақана жою;
«Жоғалту» тәуекелі
автомобиль көлігінің ұрлануын, тоналуын, жойылуын немесе қалпына келтіру сомасы автомобиль көлігінің нарықтық құнының 80% асатын бүлінуін қамтиды
Пайда алушы
Сақтанушы
Сақтандыру аумағы
Қазақстан Республикасы
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасы КҚ нарықтық құнына тең. Автокөліктің нарықтық құны «Моторное Бюро» ЖШС мамандары жүргізген бағалау актіне сәйкес немесе автосалоннан автокөлікті сатып алу-сату шартының негізінде (автосалоннан алынған автокөлік тексерілмейді) анықталады.
Сақтандыру шарттары
Келесідей сақтандыру жағдайларының нәтижесінде Сақтанушыға мүліктік шығын келтірілген жағдайда айдап кетуден басқа «бүліну» тәуекелі бойынша шығын ЖПБ (*1) құжаттар берілмей төленеді:

Мүлікті сақтандыру:
Алтын полисі
Апат полисі
Бизнесім
Бутигім
Ипотекалық сақтандыру
Күміс полисі
Қола полисі

Жеке клиенттерге:
- Алтын полисі - жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру
- Күміс полисі - жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру
- Қола полисі - жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін:
- Бизнесім - шағын бизнес субъектілерінің мүлкін сақтандыру
- Бутигім- тауарды сақтандыру
Жеке клиенттер және шағын кәсіпкерлік субъектілері шарт жасай алатын қосымша бағдарламалар:
- Апат полисі - көршілердің алдындағы жауапкершілікті сақтандыру
- Ипотекалық сақтандыру - ипотекалық кредиттеу кезіндегі сақтандыру
Ертең әрбір бақытты сәтті тыныш өткізу үшін бүгіннен ойланыңыз!!!

“Алтын полис”
«Алтын полисі» сақтандыру бағдарламасы бойынша нені сақтандыруға болады?
- үй, пәтер;
- жылжымалы мүлік, атап алғанда: жиһаз, аудио, бейне- техника, тұрмыстық техника, компьютерлік техника, басқа жабдықтар.
Мүлкіңізді неден сақтандыра аласыз?
- өрт, найзағай жарқылы, жарылыс;
- су құбыры, канализациялық, жылыту жүйелерінің істен шығуы нәтижесінде сумен бүліну және көрші ғимараттардан судың басуы;
- табиғат апаттары, атап алғанда су басу, сел, қар көшу, опырылып құлау, ала құйын, дауыл, үзілістерде 22 м/с және одан көп жылдамдықты ауадағы табиғи процесстерден туған ауа массаларының басқа қозғалысы;
- құлыптарды немесе басқа да құлыптау құрылғыларын, есіктерді немесе терезелерді бұзу арқылы үй-жайға кіріп, ұрлау, тонау;
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (бөтен мүлікті қасақана жою, бұзақылық) ;
- ұшатын аппараттар мен сынықтарының құлауы.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Шарт жасау жылдамдығы мен қарапайымдылығы.
- Сақтандыру шарты сақтандыру сомасы аяқталғанға дейін күшінде болады.
- Сақтандыру жағдайы болып, сақтандырылған тұрғын үй тұруға жарамсыз деп табылса, компаниямыз 75 000 теңге мөлшерінде ұқсас тұрғын үй бойынша қосымша шығындарыңызды жабады.
Мүлкіңіз қандай сомаға сақтандырылады?
Мүлкіңіз сақтандырылатын сома сақтандыру шартында аталған мүліктің нарықтық құнына тең.

“Бутигім”
Бизнесіңіздің қаржы тұрақтылығы көптеген факторларға байланысты . . . Бірақ ең бастысы ісіңізде - тауарыңыз. Тауармен бір нәрсе бола қалса, бизнеске салған ақшаңызды жоғалтасыз.
Ұсынымыздың артықшылықтары
- Сақтандыру өнімі жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне арналған.
- Өз бизнесіңізді өрт, найзағай жарқылы, жарылыс, су құбыры, канализациялық, жылыту жүйелерінің істен шығуы нәтижесінде сумен бүліну және көрші ғимараттардан судың басуы нәтижесінде тауардың бүліну, жойылу, жоғалу немесе құртылу сияқты негізгі ықтимал тәуекелдерден қорғауды ұсынамыз.
- Сақтандыру тауар тексерілмей, тіркеуге алынбай сақтандырылады.
Нені сақтандыра аласыз?
Азық-түліктен басқа кез келген тауарды, сондай-ақ контейнер, бутик, т. б. сияқты басқа да жылжымалы мүлікті сақтандыра аласыз.
Тауарыңыз қандай сомаға сақтандырылады?
250 000 теңге, 500 000 теңге, 750 000 теңге немесе 1 000 000 теңге сомасы шегінде тауарыңызды сақтандыратын соманы өзіңіз таңдай аласыз.
Басқа мүлік бойынша сақтандыру сомасы шынайы құны мөлшерінде белгіленеді.
Сақтандыру жағдайы басталғанда қанша ақша аласыз?
«БТА Сақтандыру» ТұранӘлем Банкінің ЕК» АҚ компаниясы 15 000 теңгеге тең франшиза сомасын шегеріп, сақтандырылған тауарға келтірілген нақты шығын мөлшерінде ақша төлейді. Сақтандыру төлемі тауарыңыз сақтандырылатын сомадан аспайды.

“Бизнесім”
Бизнес білім мен қолдан бір нәрсенің келуін ғана емес, жаныңды салуды талап етеді. Сүйікті іс - сүйікті балаң іспеттес. «Аурулардан», тәуекелді жағдайлардан, кездейсоқ қиындықтардан қорқамыз . . .
Нені сақтандыруға болады?
- жылжымайтын мүлік;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz